Ақтөбе облысының шағын және орта кәсіпкерлігінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 13:45, доклад

Описание

Дамыған елдердің тарихы көрсеткендей, шағын және орташа бизнес негізгі қалаушы буын болып табылады. Мемлекеттің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету дәл осы буынның күйі мен деңгейіне тәуелді болмақ.
Экономиканың дәл осы секторының нашар дамыған бәсекелестік, материалдық және бейматериалдық ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейлік, және тағы сол сияқты мемлекеттің экономикалық өсуін тежейтін көптеген мәселелерді шешу үшін орасан зор әлеуетті мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері ең бір маңызды мәселелердің қатарына жатады да, мемлекеттік деңгейде қарастырылады.