Ауыл шарушылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:21, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Мазмұны

Содержание

Кіріспе .
1 Тарихы
2 Ауыл шаруашылығының маңызы
3 Аграрлық қатынастар
4 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
5 Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
6 Ауыл шаруашылығы ауданы
6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
7 Ауыл шаруашылығы географиясы
7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері
8 Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ауыл шаруашылығы.docx

— 50.71 Кб (Скачать документ)

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Мазмұны 

Кіріспе .

1 Тарихы

2 Ауыл шаруашылығының  маңызы

3 Аграрлық қатынастар

4 Ауыл шаруашылығының  даму бағыттары

5 Ауыл шаруашылығының  Қазақстан экономикасында алатын  орны

6 Ауыл шаруашылығы ауданы 

6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау

7 Ауыл шаруашылығы географиясы 

7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері

8 Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе .

 “ ... Қазақстанда тарихи , әсіресі әміршіл экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .

... Мемлекеттің күллі  қаржы – экономикалық саясаты , соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “

 Н. Ә. Назарбаев .

Президенттің Қазақстан  Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары  басымдық болып айқындалды . 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген  іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .

- жергілікті әкімшілік  нарықтық қатынастарға араласудан  шеттету .

- жеке меншік пен тиесілі  бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .

- банкроттық тетіктері  арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .

- ең алдымен фермерлер  мен нағыз жеке шаруашылықтар  үшін кредиттерді арзандату .

- азия мен Еуропа қайта  жаңарту және даму банктері  заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .

- 25-30 мың теңге көлемінде  кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .

- тікелей отандық және  шетел инвестицияларын тарту .

- фермерлерге өнімдерін  өткізуге жәрдем көрсету .

- сумен жабдықтау және  иррегация проблемаларын шешу .

- барлық министрліктер  мен қорлар желі бойынша ауыл  проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының  қадағалау .

Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады .

 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып , оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .

 Қазіргі ашық әлемдік  экономика жағдайында жұмыс істеуге  биімделе бастаған Республикамыздың  ауыл шаруашылығы өзінің одан  әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей , ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса , 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 – 2005 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .

 Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .

 Ауыл шаруашылығын  дамытудың зор әлеуеті бар  Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіру мен өңдеуде әлемдік  көшбасшылардың қатарында бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

“ Ауылым – алтын бесігім  “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылытын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап , үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі – халқымыздың өркендеуі . Олай болса мен елімнің ертеңі үшін сенімен қараймын .

 

 

 

Тарихы

Комбайндар,

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығының маңызы

Ауыл шаруашылығы —  шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей  тәуелді саласы. Сонымен қатар  ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары

Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы;  жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.

Аграрлық қатынастар

Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда жерге иелік  етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз  бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.

Ауыл шаруашылығының даму бағыттары

Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай  үш топқа ажыратылады.

Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.

Тауарлы және жартылай тауарлы  дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);

ә) егіншілік және егіншілік  пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік  пен мал шаруашылығы — Еуропаның  кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

Жоғары маманданған тауарлы  ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:

Информация о работе Ауыл шарушылыгы