Ауыл шарушылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:21, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Мазмұны

Содержание

Кіріспе .
1 Тарихы
2 Ауыл шаруашылығының маңызы
3 Аграрлық қатынастар
4 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
5 Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
6 Ауыл шаруашылығы ауданы
6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
7 Ауыл шаруашылығы географиясы
7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері
8 Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ауыл шаруашылығы.docx

— 50.71 Кб (Скачать документ)

а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;

ә) интенсивті егіншілік (дәнді  дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс  және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;

б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың  тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы  ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;

г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;

ғ) интенсивті егіншілік  пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем  дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа  және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.

Соңғы жылдары экономикасы  дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.

Сонымен қатар осы заманғы  техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен  пайдалану шаралары жатады. Жасыл  революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.

XX ғасырдың 80-жылдары басым  түрде дамыған елдер аясында  екінші "жасыл революция" немесе  биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия нәтижесінде  үсік пен түрлі ауруларға төзімді  томат, картоп, мақта, қытайбұршақ  (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа  сорттары будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс.

Қазіргі ауыл шаруашылығына  тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.

Ауыл шаруашылығының Қазақстан  экономикасында алатын орны

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.[2]

 

 

Ауыл шаруашылығы ауданы

өндірістік мамандануының басты саласы ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылатын интегралды экономикалық аудан;

ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір түрін (түрлерін) өндіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үштесуі мен өндірістік өзара байланыстары бар салалық экономикалык аудан.

Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау

Елдің аумағын ауыл шаруашылығының сипаты немесе оны жүргізу жағдайлары бойынша салыстырмалы біртекті бөліктерге (аудандарға) бөлу; экономикалық аудандаудың бір түрі.

Ауыл шаруашылығы географиясы

Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық саралануының зандылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланыста қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілік, мал шаруашылығы және тағы да басқалары) географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және типке бөлуді қамтиды.

Ауыл шаруашылығы жерлері

Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша ерекшеленеді. Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2005 ж. барлық Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды.

 

Мал мен құс саны

           

жыл аяғына, мың бас

 

Ірі қара мал

Қой мен ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,  млн. бас

1990

9 757,2

35 660,5

3 223,8

1 626,3

143,0

59,9

1991

9 592,4

34 555,7

2 976,1

1 666,4

145,1

59,9

1992

9 576,3

34 419,8

2 591,0

1 703,5

148,8

52,7

1993

9 346,6

34 208,1

2 445,2

1 776,6

154,8

49,8

1994

8 072,9

25 132,1

1 982,7

1 636,0

141,2

32,7

1995

6 859,9

19 583,9

1 622,7

1 556,9

130,5

20,8

1996

5 424,6

13 679,4

1 036,5

1 310,0

111,2

15,4

1997

4 307,1

10 384,3

879,0

1 082,7

97,1

16,0

1998

3 957,9

9 526,5

891,8

986,3

95,8

17,0

1999

3 998,2

9 656,7

984,2

969,6

96,1

18,0

2000

4 106,6

9 981,1

1 076,0

976,0

98,2

19,7

2001

4 293,5

10 478,6

1 123,8

989,5

103,8

21,1

2002

4 559,5

11 273,0

1 229,8

1 019,3

107,5

23,8

2003

4 871,0

12 247,1

1 368,8

1 064,3

114,9

24,8

2004

5 203,9

13 409,1

1 292,1

1 120,4

125,7

25,6

2005

5 457,4

14 334,5

1 281,9

1 163,5

130,5

26,2

2006

5 660,4

15 350,3

1 304,9

1 235,6

138,6

28,2

2007

5 840,9

16 080,0

1 352,7

1 291,1

143,2

29,5

2008

5 991,6

16 770,4

1 347,3

1 370,5

148,3

30,1

2009

6 095,2

17 369,7

1 326,3

1 438,7

155,5

32,7

2010

6 175,3

17 988,1

1 344,0

1 528,3

169,6

32,8




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  ауыл шаруашылығы жалпы 

өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі

2011 жылғы  жедел деректер бойынша ауыл  шаруашылығының жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі (НКИ) 126,7% құрады. Өсім 2010 жылмен салыстырғанда  өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің  58,6%-ға ұлғаюына негізделген.

2010 жылмен  салыстырғанда қалыптасқан нақты  көлем индексіне ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің (қызметінің) үштен  бір бөлігін құрайтын жалпы  жиналған астықтың көбеюі едәуір  дәрежеде ықпал тигізген.

Серпіндегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ

 

2011 жылғы ауа-райының қолайлы  жағдайлары майлы дақылдардың  (2010 жылмен салыстырғанда 43,7%-ға ұлғайған), картоп (тиісінше 20,4%-ға), көкөністер мен бақшалық дақылдардын (11,7%-ға) түсімін жинау көлемдеріне де оң әсерін тигізді, бұл сондай-ақ сала өнімінің нақты көлем индексінің қалыптасуына оң ықпалын тигізген.

Мал шаруашылығы өнімінен НКИ 99,3%-ды құрады. Төмендеу 2010 жылмен салыстырғанда  сиыр сүтін өндіру көлемі 3%-ға азаюымен түсіндіріледі. Ет және тауық жұмыртқасының  өндірсі өткен жылдың деңгейіне  сәйкес.

Ауыл шаруашылығы жалпы  өнімі (қызметі) көлемінің ұлғаюы республиканың  көпшілік өңірлерінде, ең көбі – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан  облыстарында белгіленді.

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ

 

2010 жылға пайызбен

 

Ауыл шаруашылығы жалпы  өнімінің (қызметінің) НКИ

барлығы

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасы

126,7

158,6

99,3

Ақмола

175,8

2,6 есе

82,2

Ақтөбе

115,0

136,5

104,2

Алматы

103,1

105,8

100,6

Атырау

111,9

140,0

101,9

Батыс Қазақстан

123,3

169,9

98,3

Жамбыл

106,5

110,7

102,7

Қарағанды

113,3

136,3

100,5

Қостанай

159,2

2,3 есе

98,4

Қызылорда

97,6

96,2

100,9

Маңғыстау

119,5

184,2

104,2

Оңтүстік Қазақстан

110,4

115,9

104,5

Павлодар

108,8

124,0

100,3

Солтүстік Қазақстан

158,9

198,0

97,0

Шығыс Қазақстан

102,0

103,3

101,4


 

 

Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жоғары нақты көлем  индексі Ақмола облысында 2010 жылмен салыстырғанда өңірдің жалпы өнім көлеміндегі үлесі 62,1% құрайтын дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 3,1 есе ұлғаюы есебінен қалыптасқан. Сондай-ақ, НКИ-не картоптын 48,8%-ға және майлы дақылдардын 3,4 есе жалпы жинаудың ұлғаюы (тиісінше облыстың жалпы өнім көлеміндегі түрлердің үлес салмағы – 5,5% және 1,7%), ықпалын тигізді.

Өткен жылмен салыстырғанда  дәнді дақылдарды жалпы жинау 2,6 есе ұлғаюы Қостанай облысы бойынша НКИ негізгі ықпалын тигізді, өйткені осы өнім түрінің өңірдің өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 57,2%-ды құрады. Майлы дақылдарды жалпы жинау 2,7 есе (ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлесі – 1,2%), картоп – 26,6%-ға (тиісінше, 2,9%), көкөністер мен бақшалық дақылдардың – 16,1%-ға (1,1%) ұлғайды. Тауық жұмыртқасы 12,6%-ға (үлес салмағы – 1,6%) көп өндірілді.

Солтүстік Қазақстан  облысында НКИ-не негізгі құраушысы өңірдің жалпы өнім құрылымындағы үлес салмағы 59,3% құраған – астықты жалпы жинаудың 2,1 есе ұлғаюы оң ықпалын тигізді. Картопты – 86%-ға (жалпы өнім құрылымындағы үлесі – 9,6%), майлы дақылдарды – 81,5%-ға (тиісінше, 3,1%), көкөністерді жалпы жинау – 35,1%-ға (2,7%) өсті.

Батыс Қазақстан  облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің ұлғаюы дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 4,6 есе (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 13,1%), картопты – 20,5%-ға (тиісінше, 4,5%) және көкөністер мен бақшалық дақылдарды – 23%-ға (4,3%) өсуіне негізделген. Тауық жұмыртқасын өндіруі 5%-ға (үлес салмағы – 2,2%) өсті.

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің азаюы 2010 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 8,3%-ға (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 22,2%), көкөністер мен бақшалық дақылдардың 5,4%-ға (15,8%) төмендеуімен түсіндіріледі.

 

Өңірлер бойынша  республиканың ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің (қызметінің) құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9

Қазақ энциклопедиясы

Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Информация о работе Ауыл шарушылыгы