Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2011 в 10:33, автореферат

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.

Работа состоит из  1 файл

КР экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Қазақстанда кәсіптік және әлеуметтік экономикалардың айланысын дамытуда әлемдік тәжірибені пайдалану жолдары. Сала экономикасымен жергілікті әкімшіліктер экономикасының ұлттық ынталық негіздер бойынша сыбайлас тетіктерін зерттеу құнды мәселелер қатарына жатады. Мемлекет пен жеке меншіктің иелері арасындағы байланысты нығайту керектігі осыдан туындайды.  
Орындалған диссертация тақырыбына, зерттеудің мақсатына сәйкес, екі негізгі әдістеме таңдап алынды: бірі эконометриялық әдістеме, ол бірінші бөлімнің негізін құрайды. Ал екінші әдістеме диссертация жұмысының екінші және үшінші бөлімінде пайдаланылды. Бұл екі әдістемелердің екеуі де, Қазақстан салаларымен өңірлерінің әлеуметтік – экономикалық дамуы қандай, республикалық экономика деңгейін көтермелеуге сай келеме, әлде қарсы әсер етпейме, деген сұрақтарға жауап беруге, еліміздің болашағын болжамдауға пайдаланылды.  
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің 2008 жылы өткен кезеңіне шолу жасау үшін біз кесте 1-ді келтірдік. Ол мәліметтер 16 өңір бойынша осы кестедегі 12 көрсеткіштермен берілді: жалпы өңірлік өнім, сырттан құйылған тура инвестиция, сыртқы сауда айналымы, экономиканы қаражатпен қамтамасыз ету дәрежесі, шағын кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылғандардың саны, жұмыссыздық деңгейі, жан басына келетін ең аз күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі халықтың үлесі, бөлшек сауда айналымы, негізгі қор. Кесте 1 - де бұл көрсеткіштердің жан басына шаққан, яғни, әр өңірде тұратын бір адамға деп есептелген түрі берілген.

 

Кесте 1- Салалық  және жергілікті әкімшіліктер бойынша  әлеуметтік экономикалық дамудың индикаторлары (2008 ж.)

 
Облыстар мен қалалар 
ЖБШ, мың  теңге/адам Сырттан келетін  тура инвестиция, мың теңге/адам Сыртқы  сауда айналымы, долл/адам Қаражатпен қамтамасыз ету, % Шағын кәсіпорындардағы  жұмыспен қамтылғанда санының мөлшері Жұмыссыздық деңгейі % Жан басына келетін ең аз күнкөріс Табысы  күнкөрісінен төменгі деңгейдегі  ең төмен халықтың  үлесі, % Бөлшек  сауда айналымы, мың теңге/адам Негізгі қор, мың тенге/адам Әлуметтік экономикалық дамуы,  балл бойынша есептегенде Әлуметтік экономикалық дамуы  боыйнша кластерлер және топтар
Ақмола 639,1 1,6 2328 32,1 8,4 7,1 9,3 8,7 63 814 61 4
Ақтөбе 1238,5 72,8 14948 55,6 10,4 6,4 14,0 7,0 160 1944 117 2
Алматы 412,2 34,6 1405 36,6 5,7 6,4 4,8 20,1 36 693 63 4
Атырау 3667,4 1046,3 38450 30,7 15,9 6,3 30,3 12,9 115 6824 362 1
ШҚО 627,9 4,7 3514 62,7 9,0 6,4 10,3 9,9 149 800 77 3
Жамбыл 318,8 64,8 793 16,7 5,4 6,5 5,7 11,3 53 384 53 4
БҚО 1343,3 231,4 5060 12,4 8,7 7,1 12,6 10,2 124 2766 122 2
Қарағанды 1090,1 14,6 7767 65,3 8,9 6,2 14,6 4,9 176 917 91 3
Қостанай 787,6 2,8 4367 75,8 7,8 6,9 10,1 9,0 72 842 76 3
Қызылорда 1083,9 65,1 9052 53,0 7,7 6,9 10,1 24,3 63 1242 104 2
Маңғыстау 2689,8 211,5 26882 55,1 14,5 6,9 23,5 32,4 84 4121 211 1
Павлодар 1155,3 3,0 12163 65,9 9,0 6,4 14,2 8,8 120 1907 102 2
СҚО 616,3 0,0 2660 53,3 7,5 6,3 8,4 11,0 79 689 65 3
ОҚО 313,7 28,8 1890 29,8 3,6 6,6 5,3 13,0 42 441 51 4
Астана  қаласы 2143,4 10,6 19839 26,6 19,4 6,6 22,4 3,8 361 2863 149 1
Алматы  қаласы 2226,6 1,5 16056 38,5 23,6 7,4 22,1 13,7 750 2437 182 1
Казақстан Республикасы 1030,9 68,4 7821 40,5 9,5 7,1 12,1 12,1 157 1413 100 0
Ескерту  – автормен есептелген

 

Кесте 1-де көрсетілгендей, жергілікті әкімшіліктердің ертеден келе жатқан кәсібі жаңаша жалғасуда. Қазақстанның орташа көрсеткіштері бойынша есептеулерден Жамбыл облысынан басқа өңірлердің экономикалық әлеуметтік дамуы жоғарылап келе жатқанын байқадық. Бірақ кесте 1- ден көріп отырғанымыздай, сандық бағалауда өңірлер арасында бір-бірімен 8 есеге дейін айырмашылық бар.  
Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің мәліметі бойынша ел экономикасының бірден-бір маңызды көрсеткіші болып жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) есептеледі. Кесте 1- бойынша өңірлердегі белгілі бір кезеңдегі өндірілген өнімнің жан басына шаққанын (ЖБШ) анықтайық. Республикалық жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) жан басына шаққанда 1030,9 мың тенгені құрайды. Ал өңірлерімізде осы орта шамадан бір-бірінен көп алшақтық басым. 
Атап айтсақ Атырау облысында 3667,4 мың теңгені, Жамбыл облысында 318,8 мың теңгені көрсетеді: алшақтық он бір есе (3667,4: 318,8), жоғыры деңгей мен төменгі деңгей орта деңгеймен 3 есе айырмашылығы бар. Осы есептеулерден еліміздің өңірлер арасындағы бір қалыпты дамуының жоқ екенін байқаймыз. Әрине мұндай алшақтық болуға тиісті, бірақ бұл алшақтық жыл өткен сайын көбеймеуі керек. Үкімет осыны байқап отыру қажет сияқты. Мысалға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау жергілікті әкімшіліктері мен Астана және Алматы қалаларында жан басына шаққан орташа республика көрсеткішінен жоғары болса, қалған облыстарда оның шамасы республикалық орта көрсеткіштен төмен.  
Экономикамыздың әр саланың да, әр жергілікті әкімшіліктердің де өсу қарқыны қаражат құю мөлшерімен байланысы экономикалық теориядан белгілі. Ендеше жаңағы жан басына шаққандағы өнімінің жергілікті әкімшіліктер бойынша алшақтығының себебін осы қаражат құю қарқынынан іздеген дұрыс. Рас, жергілікті әкімшіліктерімдің басым көпшілігі қаражатпен қамтамасыз ету мөлшері ортареспубликалық көрсеткіштен (орташа республикалық көрсеткіш 54,4%) жоғары деңгейін құрайды. Алдыңғы қатардағы облыстарда сырттан өндіріске тікелей құйылатын қаржы басым. Мұнай, газ, көмір өндіретін облыстарда, яғни Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Манғыстау жергілікті әкімшіліктері шетелдік қаржыға бай.  
Сыртқы сауданы жеке алсақ осы жергілікті әкімшіліктермен бірге Қызылорда облысымен Астана және Алматы қалаларының (экспорт пен импорттың қосындысы) көрсеткіштерін жақсы деп атауға болады. Осы үлкен топ экономикасы аталған екі жеке көрсеткіш бойынша ортареспубликалық деңгейден жоғары.  
Айта кетейік республикалық орта деңгей тура инвестициялар бойынша -68,4 мың тенге, сыртқы сауда айналымы- $7821. Бұл орташа көрсеткіштер жан басына шаққандағы шамамен есептелініп отыр. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жағдайы бұл көрсеткіштерден көп төмен.  
Дегенмен, жергілікті әкімшіліктердің басым көпшілігінің әлеуметтік даму барысы жоғарылап келеді. Бірақ, жеке көрсеткіштер бойынша өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін (экономикалық белсенді, жұмысқа жарамды халықты пайызбен есептегенде) қарастырсақ, облыстарымыздың жартысы республикалық деңгейге сай келіп, қалғаны төменгі деңгейді көрсетеді.  
Ал енді жан басына келетін ең аз күнкөріс көлемін республикалық орта шамаға қарағанда Алматы облысында 4,8, Жамбыл облысында 5,7 және Оңтүстік Қазақстан облысы – 5,3, ал Манғыстау облысы-23,5 және Атырау облысында 30,3, ал Астана каласында -22,4, Алматы қаласында 22,1 есеге басым екенін көреміз. Яғни, жалпы өңірлер арасындағы бұл көрсеткіштің бір-бірінен айырмасы 5 есеге жетіп қалғанын байқаймыз. Айта кетейік, бұл көрсеткіш Ресейде 1999 жылы 17 есеге тең болады. Яғни бізде Ресейге қарағанда жағдай жақсы, дегенмен бұл мәселені де естен шығармау керек.   
Біз бөлшек сауда айналымының және ақылы қызмет көрсету мөлшерін теңгеміздің құндық қабілетін ескере отырып және осы екі көрсеткіштерді, өзара байланыстыра отырып даму деңгейін есептедік. Осы есеп бойынша бұл көрсеткіштің Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларында жан басына шаққандағы мөлшері жоғары деңгейде, ал басқа облыстарда республикамыздың орта көрсеткішінен төмен жатыр.  
Жергілікті әкімшіліктердің сандық мәліметтерінен алған нәтижелеріміз бойынша топтаған күш қуаты байқалды, есептеулер қортындысы кесте 2- де берілді.

Кесте 2-Жалпы  өңір өнімінің әртүрлі факторлардан өзара тәуелділігі (2008 ж.)

Өңірлік топтар Топқа кірген өңір саны У -ЖБШ, мың теңге/адам Х1-сырттан құйылған инвестиция, мың теңге/адам Х2 -Сыртқы сауда  айналымы, АҚШ долл/адам Х3 -Қаражатпен қамтамасыз ету, %; Х4 -Шағын  кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылғанда, санының мөлшері мың адам Х5-Жұмыссыздық  деңгейі , % Х6 -Жан басына келетін ең аз күнкөріс,  мың теңге Х7 -Табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі  ең төмен халықтың  үлесі Х8 - Бөлшек сауда  айналымы, мың теңге/адам Х9 -Негізгі қор, мың теңге/адам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
    У бойынша  бірінші топтау
1 6 488,0 22,4 2098,3 38,5 6,6 6,6 7,3 12,3 70,4 637,0
2 5 1071,1 31,7 9659,6 63,1 8,8 6,6 12,6 10,8 118,3 1370,5
3 5 2414,1 300,3 21257,5 32,7 16,4 6,8 22,2 14,6 286,9 3801,9
    Х1  
1 6 1008,8 2,3 6848,1 54,7 10,9 6,7 12,4 10,2 205,6 1248,0
2 5 855,6 30,7 6338,8 35,0 8,6 6,5 10,6 10,6 133,6 1059,7
3 5 2004,6 325,4 18878,6 41,4 11,5 6,7 18,1 17,4 109,4 3379,4
    Х2  
1 6 488,0 22,4 2098,3 38,5 6,6 6,6 7,3 12,3 70,4 637,0
2 5 1092,0 63,4 7682,0 54,5 8,4 6,7 12,3 11,5 111,0 1534,9
3 5 2393,1 268,5 23235,1 41,3 16,8 6,7 22,5 14,0 294,1 3637,6
    Х3
1 6 1404,3 230,6 11393,4 24,7 10,2 6,7 14,3 10,0 126,4 2348,7
2 5 1405,7 62,5 11211,2 47,3 11,8 6,8 13,8 20,3 202,5 1836,4
3 5 979,9 19,6 8551,9 65,1 9,0 6,4 12,6 7,9 135,5 1282,0
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
    Х5  
1 6 588,7 32,7 3361,2 44,2 6,3 6,6 7,4 14,8 57,5 715,3
2 5 971,1 51,1 6166,5 47,7 8,8 6,6 12,2 8,5 126,5 1440,8
3 5 2393,1 268,5 23235,1 41,3 16,8 6,7 22,5 14,0 294,1 3637,6
    Х5  
1 6 1363,3 195,2 12899,0 51,2 9,6 6,3 14,4 10,8 114,4 2162,5
2 5 1218,7 64,1 10583,5 38,2 10,4 6,6 13,5 14,1 137,9 1721,7
3 5 1216,1 60,5 7372,8 42,4 11,3 7,1 12,9 13,2 214,4 1620,1
    Х6  
1 6 514,6 22,1 2240,6 40,7 6,4 6,6 7,3 12,2 57,5 644,0
2 5 1089,8 75,4 8947,6 49,9 9,0 6,6 12,2 12,0 123,5 1732,0
3 5 2363,5 256,9 21798,9 43,2 16,5 6,7 22,6 13,6 297,2 3432,1
    Х7
1 6 1175,7 17,6 10235,4 53,6 10,6 6,6 14,1 7,1 158,8 1547,8
2 5 1314,7 269,4 10095,4 35,2 9,3 6,5 13,5 11,0 104,0 2292,5
3 5 1345,2 68,3 11057,2 42,6 11,0 6,8 13,2 20,7 195,2 1786,9
    Х8 
1 6 592,5 33,0 3306,0 40,7 6,4 6,7 7,6 14,4 54,8 736,2
2 5 1894,4 298,4 17043,1 43,5 11,1 6,6 17,8 15,1 104,6 3261,4
3 5 1465,3 20,8 12424,8 49,8 14,3 6,6 16,7 7,9 319,3 1792,0
    Х9  
1 6 488,0 22,4 2098,3 38,5 6,6 6,6 7,3 12,3 70,4 637,0
2 5 1071,1 31,7 9659,6 63,1 8,8 6,6 12,6 10,8 118,3 1370,5
3 5 2414,1 300,3 21257,5 32,7 16,4 6,8 22,2 14,6 286,9 3801,9
Ескерту  – автормен есептелген

Келтірілген кестеде  әртүрлі көрсеткіштердің өзара  байланысуын байқауға арналған. Ол үшін барлығы он үлкен топтау жүргізілді. Жан басына шаққан өнім бойынша (У) бірінші топтар жасалды, сырттан құйылған тура инвестиция бойынша (Х1) екінші топтар, тағы сол сияқты, небәрі он топтау құрылды. Оның әрқайсысының ішінде үш кішігірім топтар бар. Бірінші кішігірім топта – үлкен топтауға кірген өңірлердің ең төменгі көрсеткіш деңгейі, екінші кішігірім топта-орташа, ал үшінші кішігірім топта – жоғары деңгейі берілген. Осы кестеден нені көруге болады? Осы кестеден байқайтынымыз сырттан құйылатын инвестиция өскен сайын жеке сауда айналымы да, негізгі қорда, шағын кәсіпорындарындағы жұмыскер саны да, сыртқы сауда айналымы да өсіп тұр. Керісінше жан басына шаққандағы өнімімен инвестиция өскен сайын табысы аз және күнкөрісі төмен адамдардың саны бұл бірінші топта азаюда. Бұның да қисыны бар.  
Кейінгі топтауларда да осы сияқты байланыстар көптеп байқалады. Бірақ негізгі түйін мынада: сала экономикасы мен еліміздің жалпы экономикалық дамуы әлеуметтік дамудың алғы шарты. Керісінше байланыс тағы бар: әлеуметтік дамусыз сала экономикасының дамуыда мүмкін емес. Өйткені әлеумет дегеніміз, адам, әлеуметтік даму - адам дамуы. Адамсыз, оның жұмыс күшінсіз, бірде-бір елдің экономикасы дамыған емес. Біріншіден көрсеткіштердің өздерін, олардың мәндері бойынша экономиканың қуатын күшейтудің факторлары және әлеуметтік жағдайды өсіру факторлары деп аса үлкен екі топқа бөлуге болады.  
Ал жергілікті әкімшіліктердің экономикасының қарқынды дамуына және даму көлеміне әсер етуші негізгі көрсеткіш - жан басына шаққан және сырттан құйылған инвестиция болса, онда олардың әлеуметтік дамуға әсерін жұмыспен қамтылған белсенді халықтың құрылымы, соның ішінде шағын кәсіпорын жүйесіндегі жұмысшылар үлесі, өңірлер бойынша табысы орташа жан басына шаққанда келетін ең аз күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі халықтың үлесі арқылы бағалауға болады. Осы әлеуметтік даму көрсеткіштерінің жақсару салдарынан бөлшек тауар айналымы мен басқада нарықтық көрсеткіштер анықталады. Экономикалық күшейтудің көрсеткіші болып, яғни жалпы ішкі өнімнің өсу тетігі негізгі қор (Х9)- болып саналса, сырттан өндіріске тікелей келіп түсетін қаржы, сол негізгі қорды көбейту жолы болып табылады. Мысалға, жан басына шаққандағы өнім бойынша бірінші топтаудағы екі көрсеткішті алып қарайық (кесте 3). Бірінші көрсеткіш жан басына шаққандағы, екіншісі – сырттан құйылған инвестиция болсын делік (бірінші топ =1,0):

Кесте 3- Экономиканы  топтаудың салыстыру кестесі (2008 ж.)

Топтар  кезегі Сан мөлшері, мың теңге/адам Салыстырма (сапа) мөлшері, %
ЖБШ Сырттан құйылған инвестиция ЖБШ Сырттан құйылған инвестиция
1 488,0 22,4 100 100
2 1071,1 31,7 219 142
3 2414,1 300,3 495 1340
Ескерту – автормен есептелген

Кесте 3-тен байқайтынымыз, келтірілген көрсеткіштер маңызды  экономикалық заңдылықтырға бағынып, бір-бірін айқындап тұр. Оның ішінде мыналарды атауға болады: өңірлердің ең төмен даму тобының деңгейін жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша 100% деп алсақ, орташа топтағы аймақтардың деңгейі одан 2,19 есе, үшінші топтағы облыстарда 4,95 есе жоғары екенін көреміз.  
Экономикамыздың даму факторларының арасындағы өзара байланысын жай көзбен байқағанымызбен, қандай фактор оның дәрежесін қаншалықты көтергенін дәл басып айта алмаймыз. Мысалға, экономиканың өсуін еңбек пен негізгі қор арқылы анықтап жүрміз. Ондай екі байланысты жай көзбен, оймен шығара алмаймыз. Аспан әлемін зерттеуге телескоп керектігі сияқтығы, екі-үш, оданда көп факторлардың экономикамыздың өсу дәрежесіне көмегін байқау үшін экономика-математикалық әдістер қажет.

Осы байланыстарды  талдауды экономика-математикалық  әдістерімен де дәлірек жүргізіп көрдік. Алынған нәтиже диссертацияда  толық баяндалды. Мұндай эконометриялық теңдеулер жоғарыдағы факторлар жүйесі берілсе, онда алдағы жылға, немесе оданда көп мерзімге жобалау жұмыстары арқылы болжамдар жасауға болады. Осындай болжамдарға сүйемел ретінде қолданылатын басқа да әдістемелер диссертацияда толығынан келтірілді. 
Көптеген елдерде сала экономикасы толығынан жергілікті әкімшіліктер арқылы нормативті-құқықтық жолмен жүргізіледі де, макроэкономикалық көмекші құралдар арқылы басқарылады. Қазақстан экономикасының ерекшелігі бойынша салалық экономиканы басқару мен реттеу мәселері орталық министрліктер арқылы шешіледі. Сондай-ақ, шет елдерге шығарылатын тауарлар мен қызметтер де көбінесе осы министрліктер арқылы басқарылып жүр. Ал, жедел дамыған елдерде аймақтық басқару бойынша жергілікті өзін-өзі басқару институттары кеңінен таралуда. Қазақстанда сала экономикасы өзінше, облыс экономикасы өзінше басқарылып, ұлттық экономикамыз әлі күнге дейін бір жүйеге келе алмай отыр. 
АҚШ, Германия, Канада, Жапония, Франция, Түркия, Африканың көптеген елдері жергілікті өзін-өзі басқару орындарының жүйесі салалық экономикамен тұрмыстық мәселелерді ұйымдастырудың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар салалық-аумақтық бірліктер аясында құрылған. Мұндай жүйе шығынды көп қажет етпейтіндіктен, әкімшілік-аумақтық құрылымның қазіргі жүйесі шеңберінде Қазақстанда да енгізуге болады. Бұл жүйенің дұрыстығын негіздеу үшін диссертацияның бірінші бөлімінде жергілікті басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамытудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасалды. Бұл орайда, бір жағынан АҚШ пен Жапонияның, екінші жағынан, Еуропаның дамыған елдері – Германия мен Ұлыбританияның тәжірибелеріне баса назар аударылды. Әлемнің басқа елдерінің тәжірибелері мен осы елдерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда қолданылатын қағидаларда ашып көрсетілді. 
Диссертацияда талданған шет елдердің салалық және жергілікті әкімшіліктердегі басқару жүйелері Қазақстанға өте қажет. Өйткені ТМД мен Балтика жағалауы елдері өздерінің жергілікті ерекшеліктерін ескеріп, АҚШ пен Жапонияның, Европаның озық үлгілірін әлі күнге дейін пайдалануда.  
Бірінші кезекте, бұл елдер жергілікті өзін-өзі басқару орындарының жүйесін құруда белгілі әлеуметтік салаларын ерекшелігі ескерілетін жергілікті басқару тетіктерін негіз етіп алды.  
Жергілікті өзін-өзі басқару орындарының қаржысын қалыптастырудың мұндай тәртібі, кейбір ерекшеліктерін ескеретін болсақ, КСРО тарағаннан кейін оның бұрынғы аумағында құрылған мемлекеттердің біразына дерлік тән. 
Алайда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінде әлі күнге дейін қаралуда. Өйткені мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару нысандары нақты анықталмаған, ал өзін-өзі басқару заңының жобасының ел Конституциясында қайшы келетін жерлері де бар. 
Берік заңдық іргетасы болмаса да, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару бойынша да, жергілікті экономиканың саясатын жүргізуде де біршама тәжірибе бар. Стратегиялық жоспар қабылданғаннан бері бұл тәжірибенің қажет екендігі бұрынғыдан да бетер мол көңіл бөлінуде.  
Елімізде сала және облыстар экономикасын мемлекеттік реттеумен толықтырылған нарықтық шаруашылық жүріп жатыр. Мемлекеттің нарықтық экономикаға кірісуі жергілікті әкімшіліктерді басқарудың спецификалық деңгейінде, әкімшілік аудандар мен қалалардың деңгейінде де жүргізіледі. Себебі, бұл деңгей мемлекеттік басқару жүйесінде басқаларымен салыстырғанда адамдарға анағұрлым жақын, салалық экономиканың тұрақтылығын күшейтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік деңгейін арттыруға көмектеседі.

Информация о работе Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары