Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2011 в 10:33, автореферат

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.

Работа состоит из  1 файл

КР экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

Жергілікті экономикаға  байланысты тікелей мемлекеттік  реттеу құралы болып мемлекеттік сатып алу жүйесі бүкіл әлем бойынша бірінші орында тұр. Сол себепті жергілікті экономиканы дамытуды жеделдету үшін бұл механизмді елдегі округтер мен қалалық аудандардың басқару жүйесіне екпінді пайдалану керектігі диссертацияда анық көрсетілді.

2 Салалық және облыстар экономикасын талдаудың тиімді әдістерін зерттеу. Экономиканың даму деңгейін реттеудің, керек болған жағдайда, басқарудың жалпыға бірдей қағидаты ретінде әлемнің озық елдерінде еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы тепе-теңдікті сақтау керектігі есепке алынады. Осы әлем бойынша тепе-теңдік қағидатының негізгі индикаторлары ретінде нарықтағы тауарлар мен қызметтерді өндіру деңгейі, еңбек және жылжымайтын мүліктер, оның ішінде негізгі қаражат (капитал) ресурстарының қамтылу дәрежесі, экономикалық агенттері кірістерінің көрсеткіштері, сондай-ақ елімізге экспорттық, немесе ішкі тұтынушылықта маңызы бар тауар бағаларының деңгейі қолданылуда.  
Егер нарықтық экономиканың осы индикаторлар жүйесі толық көлемде өзінің тепе-теңдік теориясындағы базасымен үйлесімділік тапса, онда басқарудың маңызды тұтқалары ел дамуының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жарайды деген сөз. Елімізде нарық жұмысын бақылау тәжірибесіне осы индикаторлар жүйесін пайдалана алсақ, және оларды экономикамыздың болашақта даму көрсеткіштеріне сәйкестендірсек, онда ағымдағы басқару шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау құралдары бізде бар және олар сенімді деп айтуға болады.

Бірақ нарықты  бағалаудың қолда бар қазіргі құралдары мен индикаторлары, күнделікте өмірден көріп отырғанымыздай, тек қысқа мерзімді шешім қабылдауға ғана жарайды. Ал тепе-теңдік қағидатының ұзақ мерізімдік жоспарлау немесе жобалау шешімдерін бағалауға жарайтын индикаторлар жүйесі әліде жетілдіре түсуді талап етеді. Сондықтанда Қазақсанда ТМД елдерінің алдыңғы қатарында, ұзақ мерізімді жоспарлау жұмысын қысқа мерізімді нарық мүдделерімен біріктіре отырып жүйесін жолға қойып жатыр.

Макроэкономикалық индикаторлар жүйесі бойынша экономиканы  дамытудың болжамды есептерін жүргізу үшін халық саны өсуінің өлшемдері мен оның сапалы көрсеткіштерін экзогендік түрде пайдалануға болады. Өйткені макроэкономика деңгейінде демографиялық көрсеткіштер елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саясат бойынша белгіленеді. Ал макроэкономиканың негізгі индикаторлар жүйесі жұптастық қағидатына сәйкес өндірістік ресурстардың (еңбек, капитал және салааралық тұтыну ресурстары) бағаларын нарықтық экономика бағалары арқылы реттеуге болатынын дәлелденіп отыр.  
Өндіріске қажетті ресурстардың бағаларын осылай оңтайландыру және оларды жұптастық қағидатына бағындыру, нарық экономикасында тепе-теңдік теориясын дұрыс пайдалану деп түсіну керек. Шектелген табиғи, немесе еңбек пен капитал ресурстарының барлық түрлерін салалар арасында жасалатын болжамдау жұмыстарын жүргізгенде, оларды тиімді бөлу жобаларын жұптастық қағидаты арқылы анықтау қажет. Өйткені салалық экономика бойынша өңірлеріміздегі шектелген ресурстарды бөлісу ортақ тепе-теңдіктің классикалық теориясына сәйкестендіріліп жасалуы керек. Бұл жұмысты орындауда жұптастық қағидатының маңызы зор.  
Ұлттық экономиканың салалық және өңірлік экономикасының бір біріне сәйкес келетін модульдерін жасау үшін және олардың негізгі индикаторлар жүйесін қалыптастыруға еңбек пен капитал бағаларын жұптастыру қағидаты аркылы реттеп, еңбек пен капитал жұбынан туындайтын жұмыс өнімділігін арттыруға пайдалану маңызды. Өңірлік экономикаға арналған осы негізгі индикаторлардың байланысы автордың ғылыми жетекшісімен бірігіп жасаған еңбектерінде тереңірек қаралған. 
Төменде салалық экономика индикаторларын салааралық байланыстару жүйесін қалыптастыру жүйесі барынша толық қаралып отыр.  
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы алдында болған экономиканың осы салаларындағы жағдайды айқындау үшін жалақы деңгейі мен еңбек өнімділігін қатынасын одан әрі жетілдіру мақсатында талдау және зерттеу жұмыстары диссертацияда кеңінен жүргізілді.  
Барлық елдерде еңбек өнімділігінің кешенді өсімі негізгі мақсаттардың бірі болып саналады. Ал ел экономикасын алып қарайтын болсақ Қазақстанда бір жұмысшы жылына 15-17 мың доллар шамасында ғана тауарын өндірсе, дамыған елдерде 90 мың доллардан асып кеткенін көрсетеді. Сондықтанда қалайда осы жағдайдан шығу жолын ойластырып, тапқанымыз жөн.  
Американ ғалымы Майкл Портер айтқандай, мәселені шешудің амалы өндіріс орындары өндірісте пайдаланатын шикізаттық, материалдық ресурстарды өңдеу кезінде еңбек пен негізгі қордан түсетін табысты көбейту үшін күресуі қажет. Қазіргі кезеңде бұл күресті өндіріс орындары өз пайдалары үшін күреске айналдырып, шикі затпен еңбек ресурстарын қалай болса солай пайдаланып жүр. Мұның аяғы еңбек ақыны азайтуға әкеліп соғады да, еңбек өнімділігі кемиді. Өйткені, аз еңбек ақы оның өнімділігін азайтады, жұмыскердің еңбекке ынтасын кемітеді.  
Тауардың сатылу құнының ішіндегі жалпы қосылған құнды көбейту, оның ішіндегі еңбек ақының өте аз екенін, оның, кәсіпкерлердің негізгі мақсаты емес екені белгілі. Оның басты себебі - еңбек ақының еңбек өнімділігіне тигізетін әсерін, кәсіпкерлер әлі де түсіне қойған жоқ. Оның үстіне қазіргі экономикалық теория еңбек ақының еңбек өнімділігіне тигізетін пайдасын, еңбек ақыны еңбекті ынталандыру қаруы ету мәселесін дұрыс түсіндіре алмай келеді.  
Сондықтанда диссертацияның басты мақсатының бірі еңбек ақысы мен капиталдың бағасы арасындағы байланысты талдап, еңбек ақыны өсіру тетіктерін анықтау, еңбек пен капитал бағаларын сәйкестендіру екенін дәлелдеуге тырыстық.

Алдымен еңбек  өнімділігін анықтау үшін керек  көрсеткіштер тізімін атайық:

  1. жалпы салалық және өңірлік өнім көлеміндегі –(ЖІӨ немесе ЖӨӨ, млн. тенге);
  2. жұмысшы күші. L- адам санымен, мың адам;
  3. бір адамға келетін жылдық еңбек ақы - .

Еңбек өнімділігін   әрпімен белгілесек, оны есептеу формуласы, жоғарыдағы белгілер арқылы мынадай болады: 
немесе                                             (1) 
Сала және жергілікті әкімшіліктердің еңбек өнімділігі дегеніміз әр жұмысшыға шаққандағы өңірдің жалпы өнімі көлемі. Осы берілген көрсеткіштер көмегімен еліміздің экономикасының кандай деңгейде дамып келе жатырғанын байқай аламыз.

Қазақстанның  индустриясы еңбек өнімділігі және технологиялық жабдықталу тұрғысынан алып қарасақ, дамыған озық елдерден әлде қайда артта қалып қойғанымызды көреміз. Ол бәрімізге де беймәлім емес. Бірақ қандай тетіктерді пайдалана отырып, алға қойған мақсаттарға қысқа мерізмде жетуге болатынын айту үшін көптеген мәліметтер жинап, толық индикаторлар жүйесін жасау жолын іздестіру керектігін анықтадық. 
Қазір тек Қазақстан емес, барлық дамыған елдердің өздері де еңбек өнімділігін арттыру үшін қандай тетіктер қажеттігін зерттеп, әр сала мен өңірлердің мүмкіндіктерін тауып, экономикасын жаңа бағытқа сілтеп, өндірістің басқару жүйелерін, мемлекеттік басқаруды және басқаруды реттеу механизмдерін жаңа жолға қоюда. Соның бірі – мемлекеттік қызметтегілерді, жергілікті әкімшіліктердегі басқарушыларды және меншік салаларындағы кәсіпкерлерді, оларға қоса жергілікті ғалымдарды, мамандарды бірігіп жұмыс істеуге жұмылдыру жолы екені белгілі болып жатыр. 
Біздің зерттеп, дәлелдейік деп отырған бағытымыз, қалыптасқан экономикалық теорияға жаңа бағыт іздеу. Біз қалыптасқан экономикалық теория қазіргі заман талабына сай толықтыруды талап етеді деп есептейміз. Өйткені, біздің теориялық негіздеуіміз бойынша, болашақта адам капиталының маңызы артады. Оның үстіне, өз теориялық жобамызды Қазақстан экономикасының нақтылы мәліметтері арқылы тексеріп, дұрыстығын дәлелдеп беруге болатынын диссертацияда дәлелдедік деп айтуға болады. Ал математикалық жағын алсақ, диссертацияда қолданған теория 1985 жылдары, бұрынғы кеңес одағы кезінде өз орнын алған, қалыптасқан экономикалық теорияларға альтернатива боларлықтай жаңа бағыт. Диссертацияда келтірілген жаңа бағыт бойынша:

  1. бір жұмыскерге келетін негізгі қорлар сол жұмыскердің еңбек өнімділігін емес, оның еңбек ақысының өсуіне себепші болады: жұмыскер негізгі қормен жақсы қаруланса, онда еңбеккердің кәсіби мамандығының өсуіне себеп, сол арқылы оның еңбек ақысы өсуіне себепші болады.

Содан кейін:

  1. еңбекке қажетті құралдармен жабдықталған бір жұмыскердің еңбек ақысы оның өнімділігінің артуының негізгі тиегі деп есептедік. Себебі еңбек ақысы өскен адам еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болады. Бұл жөніндегі жаңа бағыттың ескі теориядан айырмасы адам еңбегінің білек күшімен емес, оның интелектуалдық күшімен анықталуынан туындайды.

Ендеше: 
еңбек ақыны жұптасу қағидасына сәйкес келетін еңбек өнімділі арқылы мына эконометриялық теңдеумен анықтаған жөн екенін дәлелдедік: 
=                                                         (2) 
мұндағы теңдеудің  және параметрлері компьютерлік жүйелері арқылы табылады. 
Қортындысында осы жоғарыдағы екі модульді пайдаланып, төменде келтірілген рекурсивтік теңдеулер жүйесі құрылды: 
(3) 
(4) 
(5)   

                                                                   (6)  

                                                                  (7)      

                                                                   (8)                  

                                                         (9)                  

                                                                  (10)        

                                                         (11)                 

                                                         (12) 
Мұндағы: Χ – шығарылым, ТW –еңбек ақы қоры, ТR –Жалпы пайда, QP –аралық тұтыну, k - негізгі құралдар, μ- қор шығарушы аралық тұтыну тиімділігі, d- капиталдың еңбек ақыға катысты пайда мөлшері, L – экономикадағы халық саны, φ - еңбек өнімділігі, γ- орташа жылдық жалақы, q – еңбекақы өнімділігі, r – негізгі құралдардың бағасы – капитал салымының тиімді мөлшері, h – еңбек ақының капиталмен қарулануы. 
Сонымен жоғарыда қаралған экономиканы талдау-жобалау жүйесі арқылы елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі мен жалпы тепе-теңдікті қадағалауға қажетті экономикалық индикаторлар, Қазақстан статистикалық агенттігі, тіпті халықаралық ұйымдар мен жинақталған қолданыстағы статистикалық деректер базасының негізінде әзірлене алады. Экономиканы басқарудың әрбір буынының өзін өзі басқару мен өзін өзі бақылау құралдарының талдауы мен синтезі бойынша өз құралдары болады (кесте 4).  
Кесте 4 - Қазақстан экономикасының орташа әлем экономикасымен сапа көрсеткіштерімен салыстыру (2008 жыл бойынша, бір еңбек адамына шаққанда), доллар есебімен

Көрсеткіштер Орташа әлем экономикасы Қазақстан экономикасы
Халық санындағы еңбек адамдарының  үлесі, адам/адам 0,47 0,54
Еңбек өнімділігі, мың доллар 19,4 15,8
Еңбек адамының капиталмен қарулану қуаты, мың  доллар 58 11,0
Еңбек ақының негізгі  капиталмен қарулануы, доллар/ доллар 5,3 2,5
ЖІӨ-дегі еңбек ақының үлесі, доллар/доллар 0,575 0,40
Орташа  жылдық жалақы, мың доллар 11,2 6,3
Негізгі қор капиталының бағасы, доллар/доллар 0,14 0,88
Негізгі капиталдың өнімділігі, доллар/доллар 0,33 1,5
Еңбекақы  өнімділігі, долар/доллар 1,73 2,52
Ескерту – Интернет ғаламдық жүйесі ақпараттары  негізінде автормен есептелген

Кесте 4-тен көретініміз Қазақстанға сырттан инвестиция құюдың аса тиімді екенін байқаймыз. Осыған байланысты жақында қабылданған стратегиялық жоспардың өте маңызды іс бітіретініне сенуге болады. Оның сыртында ұсынылған индикаторлар жүйесі экономикалық басқарудағы қолқабысын тигізетін күшті құрал екенін көреміз. Және бұл құрал барлық сала және өңір экономикаларын талдау және сараптау жұмысына пайдалануға жарайды. Әсіресе жеке сектор жұмысын мемлекет тарапынан бақылау үшін де осы құралдарды пайдалануға болады.  
Өндірісте өндірілген тауардың өзіндік құны оның нарық бағасына қарағанда жоғары, не төмен болуы мүмкін. Экономикалық зерттеу жұмысымыздағы бір мақсат осы неліктен, не себепті құн мен баға бір біріне сәйкеспей қала беретінін зерттеу, себебін іздестіру дедік Оның жауабы біздің ше мынада. Еңбек ақы микроэкономика деңгейіндегі өнімнің өзіндік құны құрамына кірсе, макроэкономика деңгейінде, керісінше, жалпы қосылған құнның құрамына кіреді. Мұндай жағдайда ұлттық экономика индикаторлары арасында жүйе жасауға болмайды, микро және макроэкономика арасындағы вертикальды байланыстың логикасы жоғалады. Қорыта айтқанда, ұлттық экономика басқару механизмдерін пайдалануға мүмкіндік азаяды: кезеңдік дағдарыстар «экономикалық заңға» айналады, ал әлем елдерінің экономикалары жұмыссыздыққа, инфляцияға және өндірістің өсім қарқынының құлауына қарсы «тесік жамаумен» айналысатын болады. 

3 Сала және облыс экономикаларының индикаторлары сәйкестендірілген макроэкономалық жобалау жүйесін жасау жолдары. Нарықтық экономика жағдайында облыстар мен салаларды дамыту жобасының техника-экономикалық негізі және мақсатқа жетуге кажетті ресурстары алдарына қойылған нысандарына лайықты және тиімді болғаны әрине дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, елдің әкімшіліктері өз аймағындағы салалардың дамуына, олардын өсу дәрежесін көтеруге көмек бере алмай келеді. Казір сала экономикасы өзінше, әлеуттік саладағы орындары өзінше дамып, өңір бойынша жүйелі болжау жасалынбай, ресурстар шығыны көбейіп барады. Олай деуге себеп, бірінші бөлімде көрсетілгендей, инфляция көрсеткіштерінің тұрақсыздығы, әлеуметтік сала дамуымен сала экономикасының өңір ресурстарын пайдалану кезеңінде байланысының аздығы деп толық айта аламыз.

Облыстарымызда  өткен жылдарда жинақталған тәжірибені талдауларда осы пікірдің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Осы келеңсіз жағдайларды жою үшін елімізде өңір экономикасын сала экономикасымен қатар дамыту жолға койылып жатыр. Оның үстіне жедел мониторинг жүйесіде қатар жасалынды десек те болады. Бұл мониторингілер қабылданған жоспар көрсеткіштерін бақылау жұмысына, үкімет орындарына, жергілікті әлімшіліктерге жедел шешімдер кабылдауға көмектеседі.

Биылғы 2010 жылдан бастап жолға қойылып жатқан ұзақ мерзімді болжамдау жобалары және жедел  есеп жүргізу жұмыстары осы өңірлеріміздің жергілікті ресурстары мен байлығын (еңбек, су, жер, материалды шикізаттар) тиімді пайдалануға көмектеседі. Ол үшін әрине әкімшіліктер жеке кәсіпкерлермен тығыз байланыс жасап, керек болса инвестиция тартуға, немесе басқаша да инфрақұрылымдық көмек көрсетуіне болады. Сондықтан да болжамдау жұмыстарының кеңес дәуіріндегі тәжірибиесінде және соңғы жылдарда жинақталған өңірлік және салалық дамуын басқару үлгілерінде қатар пайдаланып өңірлік болжамдау жұмысының үлгісінің сала экономикасын жоспарлау жұмысымен қатар жасалғаны, сөйтіп олардың жұпталғаны дұрыс. Әсіресе инвестициялық жобаларды таңдаудың ресурстық қағидасын жүзеге асыру, негізгі қорлар мен жергілікті ресурстарды тиімді түрде қолдану, еңбектің өнімділігіне негізделген ынталардыру әдістерінің жүйелерін жасау үлкен тапқырлықты, творчестволық жұмыс істеуді талап етеді. 
Сонымен қатар, өзара тиімді келісім-шарттық қатынасқа негізделген біріккен кәсіпорындарды құруға әлеуетті шетел инвесторларының келісіміндерін де болжау жұмысы барысында іріктеп пайдалану кажет. Өңірлік және салалық инвестицияларының нұсқасын таңдау бойынша ең маңыздысы, олардың тиімділік көрсеткіштер жүйесі болып табылады.  
Бұл мәселені шешу республикадағы несиелік мүмкіндікті қолдануымен, шетел немесе ұлттық инвесторларды және оларды жайғастыру өңірлік ресурстық әлеуетпен инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсаты негізінде анықталады.  
Сала экономикасында да, облыс экономикасында да болжамдау жұмыстарында ғылыми негіздерді толығынан пайдаланылуы, әсіресе сала экономикасының өңір экономикасына тигізетін әсерін бірінші бөлімде көрсетілген жолмен ғылми негіздеген дұрыс. Нақтылап айтканда, талдаудан кейін мүмкіншіліктер мен қауіптілігінің күшті және әлсіз таптарынан болжамға қойылған мақсаттарға жетуге арналған алғашқы концепциясы жасалынуы қажет.  
Әр кезеңде әрбір саланың және облыстардың даму болжамдарының қысқа мерзімділік көрсеткіштері өз мезгіліне қойылған мақсаттармен қатар, алдағы жылдарға және еліміздің стратегиялық мақсаттарына сәйкестендіріледі. Қорытып айтқанда, әр кезеңнің мақсаттарының орындалу көрсеткіштері ең ақырғы және оған дейінгі аралық мақсаттарға арналған көрсеткіштер жүйесіне сәйкес болады.  
Болжамдар бірнеше ситуациялық сценарийлерге кұрылады да, елімізде іске асырылып жатқан жоспарлар жүйесін қолдауға, оларды орындауға негіз ретінде де қолданылады. Болжамдар жасау жоспарлар жүйесінің алғы шарты, оның тиянақтылығын анықтайтын құрал болып саналады. 
Диссертацияда талдау жасау индикаторларымен жобалау индикаторларының сәйкестігі сала экономикасы болмасын, ел экономикасы болмасын қатаң сақталуы қажет. Олай болмаса сараптама да, жедел мониторинг жүргізу де мүмкін емес. Сондықтанда болжамдар жасауға сол екінші бөлімдегі формулаларды пайдалана отырып, осы бөлімде, жоғарыда көрсетілгендей алгоритм жүйесі жасалды. Мәселен, сала бойынша мақсатты нысаны эконометриялық үлгілеу негізінде жалпы қосылған құн алынды да, ал жалпы Қазақстан бойынша жалпы ішкі өнім алынды. Макроэкономиканың басты көрсеткіштері ретінде пайдаланылып жүрген негізгі алты индикатор жергілікті экономикада да, сала экономикасына да тұрақты түрде алынды. Яғни осы диссертацияда келтірілген болжамдар бойынша деректерді негіздеу жұмыстарды жүргізу үшін, жоғарыда негізделген әдістемелер жүйесі толығынан пайдаланылды. Оның көрсеткіштері, жоғарыда дәлелденгендей, бір жұмыскерге шаққандағы өнімдер.

Информация о работе Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары