Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 18:26, реферат
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Кіріспе 3
1 Экономикалық өсудің типтері
1.1 Экстенсивті (кеңейту) типі
1.2 Интенсивті (қарқынды) типі
1.3 Аралас типі
2 Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ
ФАКУЛЬТЕТІ
Мемлекеттік басқару кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы
Орындаған
Оқытушы
Өскемен,2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.1 Экстенсивті (кеңейту) типі
1.2 Интенсивті (қарқынды) типі
1.3 Аралас типі
2 Қазақстан экономикасындағы
өсудің интенсивті және
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Өндірісті екі жолмен ғана: өндіріс факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс технологиясын жақсартумен интенсивті түрде кеңейтуге және дамытуға болады.
1.2 Экстенсивті (кеңейту) типі. Өндіріс факторын молайту-яғни, өндірістің бұрынғы техникалық негіздерін сақтау кезіндегі қолданатын ресурстардың сандық көбеюі (жұмыспен қамтамасыз етудің санын көбейту, негізгі өндіріс қорларының сапасын сақтау кезіндегі инвестиция көлемінің өсуі және т. б.). Қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі.
Экстенсивті экономикалық өсу:
Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады.
Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
Интенсивті экономикалық өсу:
Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде, экономиканың дамуы керісінше болды.
Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да), тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (…п…) өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін (ЖК) сатып алудан бастайды.
Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (Д) оған қосымша құн әкеле отырып (Д1-д+∆д), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және мынадай формулада жазуға болады:
ӨҚ
Д - Т …Ө…Т1 - А1
ЖК
Мұнда:
А - бастапқы бетте авансыланған ақша;
ӨҚ - өндіріс құралы;
ЖК - жұмыс күші;
…Ө… - өндіріс;
нүкте қозғалыстың (айналым
тоқталғандығын білдіреді.
А1 - тағы да ақша ормасындағы авансыланған
капитал, бірақта пайдамен (А1 - А + ∆д)
ӨҚ
А - Т
ЖК
Капиталдың үздіксіз айналымы 3 сатыдан өтеді:
Авансыланған құнның (А) өндіріс сатысында және айналым сатысынан өту уақыты және қосымша құнмен бастапқы формасына қайтуы капитал айналымы уақытын құрайды. Капитал айналымының жылдамдығы жыл ішінде авансыланған айналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.
Негізгі капитал - бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.
Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.
Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.
Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, с уықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.
Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жасалатын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны осы құрылғандағы ескі, неғұрлым қымбат машиналарға түседі, олар құнсызданып және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақта неғұрлым құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бірлігіне оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішнара) құнсызданады. Негізгі капиталдың тозуына қарай өзінің құнын өндірілетін өнімдерге амортизациялық қор бірте-бірте ауыстырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасының қатынасы амортизация нормасы болып саналады.
Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақталған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.