Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 18:26, реферат

Описание

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Экономикалық өсудің типтері
1.1 Экстенсивті (кеңейту) типі
1.2 Интенсивті (қарқынды) типі
1.3 Аралас типі
2 Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

referat (1).doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

Экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты  көлемін және оның тиімділігі мен  сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық  өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

 

2 Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті  типтерінің ара қатынасы

Экономиканың құрылымын  жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы  ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.

Қазақстан шаруашылығы  үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.
  2. «Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

Қазақстанның экономикасы  әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен  қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады. Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған.

Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уакыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды  мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің  экономикалық дамуының нәтижесі жалпы  қоғамдық өнімнің сан жағынан  өсу қарқындылығы арқылы бағаланып  отырды. Кәсіпорындардың болуы мен  дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді). Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.  Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

1. Қазақстан экономикасының  интеграциясы жаһандық үдерістерде  екі жолда күшейтілді: қара  және  түсті металлургияның, кен қазу өнеркәсібінің тауарлы өнімдері экспортының өсуі, сондай-ақ сыртқы қаржы рыногына  ЕДБ қарыз алуы  арқылы.

4.  Интенсивті  экономикалық  өсу  мен жоғары инфляцияның тіркесуінде көрініс тапқан экономиканың “қызып кету” белгілері байқалды, сонымен бірге, кредит рыногының “қызып кетуі”, әсіресе жалақының жеделдетілген өсуімен байланысты құрылысты несиелеу, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда-саттық, тұтыну кредиті секторларында байқалған.

5Жалпы алғанда, соңғы  кезеңдегі экономикалық  өсудің  негізгі көздері мыналар болып табылды:

* табиғи ресурстарды  экстенсивті  пайдалану;

* жұмыс істейтіндер  санының көбеюі;

* кен қазу өнеркәсібі  мекемесінің негізгі капиталына  инвестицияның өсуі;

* мемлекеттік инвестициялардың  есебінен өндірістік инфрақұрылымның  дамуына маңызды үлес;

* құрылыс, сауда-саттық   және  қызмет көрсету аясы салаларының сыртқы қарыз алу есебінен несиелендірілуі: құрылыстың ІЖӨ-нің жалпы өсімі үлесінде 2003 жылдан бастап 6,5%-дан 2007 жылы 18,9%-ға дейін өсті.

“Кредиттік бум” экономикада 2002 жылғы 37,3%-дан 2006 жылы 81%-ға дейін  өсуімен сипатталды. Экономиканың жеке секторларының “қызып кетуі” байқалды.

Әлемдік экономика өсімінің баяулауы жағдайында Қазақстан экономикасының  өсу  қарқынының төмендеуі заңдылық. Дүниежүзілік дағдарыстың қаржы өтемпаздығына жанама әсері біздің экономикамыздың жүйелі проблемаларын көрсетіп берді.

Мұндай жағдайларда  Қазақстанның макроэкономикалық саясаты  маңызды өзгеріске шыдауы керек, өйткені, еліміз әлі де болса қиын “дилеммалардың” алдында тұр. Бірақ Қазақстанның экономикасы бірқатар құрылымдық ілгерілеулерге қол жеткізетіні де сөзсіз.

Біріншіден, жекеменшік инвестициялар рөлінің ықтимал  төмендеуі жағдайында мемлекеттік  инвестициялардың маңызы жоғарылайды.

Екіншіден, жекеменшік-мемлекеттік  серіктестік ынталандырыла бастайды, бірақ ол шетінен баға мен тарифті ырықтандыруды талап етеді, әйтпесе жеке инвесторларға инфрақұрылымдық объект құрылысына салым салу пайдалы емес.

Үшіншіден, мемлекет өңдеуші  өнеркәсіп секторын дамытуға талпынатын болады. Ол үшін өңдеуші өнеркәсіп  салаларына салық төмендетіледі.

Төртіншіден, менің көзқарасымша, қазіргі кезде әлемдік экономиканың ары қарай дамуының жоғары белгісіздігі жағдайында анағұрлым дұрыс қадам осы  сәтті “екпінді” инвестициялар үшін адами  капитал  сапасын жоғарылатуда, әсіресе білім, ғылым, инновацияда олардың нәтижелілігі үшін қатаң бақылаумен пайдалану болады.

Алдағы экономикалық күрделі кезең құрылымдық өзгерістерге алып келуі ықтимал. Олар:

* кен қазу өнеркәсібі  үлесінің өзгерісі; 

* экономиканың “қызып  кеткен секторларын” қысу мен  сауықтыруға ұмтылыс;

* екінші деңгейлі банктер бөлімшелерінің қайта құрылымдалуы мен біріктірілуі;

* бәсекелестікті арттырумен  байланысты еңбек рыногындағы  құрылымдық өзгерістер;

* ауыл шарушылығының  анағұрлым  интенсивті  дамуы.

Осындай қиын кезеңде  мемлекеттің алдында теңгерілген экономикалық  өсуді  экономиканың инновациялық дамуы мен ары қарай ұдайы өндірісі үшін негізгі капитал жинағының жеткілікті жоғары үлесін қолдауы мен қамсыздандыру, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сыртқы әлемде сақтай отырып, яғни төлем балансының ағымдағы есебінің теріс сальдосын қысқартып, мемлекеттік шығындар мен халық тұрмысы жайында тапсырылған планкісін қолдау міндеті тұр. Экономиканың  нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.     

Жоғарыда  көрсетілген факторлармен қатар  экономиканың бөлу факторлары да ықпал  етеді. Экономикалық өсуге ықпал  жасайтын осындай факторларға жататындар: өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу; шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.      

Экономикалық   өсудің   экстенсивті  үлгісі  ұлғайтылған  үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты  жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің  жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық  өсудің  мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық  өсу  шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті  экстенсивті  кеңейту еңбек  және  табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады  және  экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық  өсудің   экстенсивті  жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.      

Экономикалық   өсудің  қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық  өсу  тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық  өсу  кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық  өсудің  қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық  өсу  қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.     

Экстенсивті   дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам  өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады.  Экстенсивті  дамудың қайнар көзінің  жойылуы қоғамды  интенсивті   өсу  мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау  және  қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық  өсу  тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық  өсуді  өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық  өсу   абсолюттік  және  салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.        

Экономикалық   өсудің  қазіргі типінің өзіндік  ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық  өсу  сапалық жаңа дәрежеге көтерілді  және  ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.     

ҒТР-ның  қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.                              

Егер  экономикалық  өсу   сырттан әкелінген  қосымша ресурстардан жасалынса   және  қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін  өзгертпесе, онда ол  экстенсивті  болады.  Интенсивті   өсу  технологиямен  және  өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.  Интенсивті   өсу  халықтың әлеуметтік өсуінің  экстенсивті  немесе  интенсивті   типтеріне  байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.      

Информация о работе Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы