Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:59, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығының мәнін, түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-да 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------3
І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық аспектілері
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы--------------6
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері-----------------------------8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары-----------10
ІІ. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдық негіздері---13
2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау------------------------------15
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму бағыты---------------------------------------------------------------------------------------20
ІІІ. Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары
3.1.Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның және бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары----------------------------------------22
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------26
Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------29
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан
Үкіметі Батыс елдерінің
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда
құнды қағаздар нарығын толық
қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен
ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып
тереңдету керек. Қазақстан экономикасының
өндірістік кұрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған
қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың
реалды секторына жұмсауды қажет
етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті
мамандарының пікірінше Қазақстан
тұрғындарының қолында айналымға
тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы
қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға
айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың са-
лымшыларға беретін сақтандыру
кепілдіктерін (гарантия) жоғары
деңгейге көтеру қажеттілігі туындап
отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы
ең ірі коммерциялық банктер келісімге
келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын
құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен
Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын
сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін
қамтамасыз ету мақсаттарында,
Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын
алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар
дайындап оларды заңдастыруға күш салып
отыр.
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары
Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция — акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық банк, кооперативтер мен басқада мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция бағалы қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ алынатын дивиденд мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:
а) атаулы акциялар;
ә) ұсынушыға арналған акциялар;
6) жай акциялар;
в) артықшылығы бар акциялар.
Біздің елімізде жай акция шығарылған жеңілдікпен пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты табысты алуларына құқық береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланатын акция шектелген мерзімде қолданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік қоғам жұмысын басқаруда ешкандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын акциялар акционерлік қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома мөлшерінде ғана шығарылады.
Акция
категория бойынша былай
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.
Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.
Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немесе жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кез келген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акциялар қолданылады. Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуыда әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған карсы өте тиімді тәсіл белгілі, мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5 %-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу- сату жайында есеп беріп отырады.
Әрбір
атаулы акцияның қозғалысы акцияның
тіркеу кітабында белгіленеді. Акция
бланксінде есімді акция ұстаушының
аты-жөні көрсетіледі. Акция бланкнің
көрсетілген түрінде оны
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық көріп орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ак, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номиналды құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшігі, ал облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номиналды бағамен ғана алады.
Акционерлік
қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда
болып, еркін нарықта сатылмайтын түрін
"жабық" дейміз. Акциясы еркін сатылатын
және сатып алынатын түрін "ашық"
дейміз. Қазақстан республикасының "Азаматтық
Кодесінде" акционерлік қоғам жайлы
ереже бар.
ІІ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдық негіздері
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттық комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.
Акционерлік қоғамның зор мүмкіндіктерге ие ірі және күрделі жүйе екенін, оның қатысушылары көп санды және мүдделерінің әр-қилылығын ескерсек, акционерлік қоғам басқаруының ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруда қиын және келіспеушіліктерді туғызатын мәселелер туындайды.
Біздің мемлекетіміздің заңы акционерлік қоғамдар органдарының үш буынды құрылымын анықтайды: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, атқарушы орган.
Кворумды қамтамасыз ете тұра, акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін акционерлер жалпы жиналысын шақыру мен өткізу өзекті мәселелердің бірі болса, "Акционерлік қоғамдар туралы" жаңа Заңның 36-бабының 1-тармағының 1,3-тармақшаларында аталған мәселелер бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік дауыспен қабылданады. 1998 жылғы Заңға назар аударсақ, қоғам жарғысына өзге-рістер мен толықтыруларды енгізу мәселесі бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының үштен екі мөлшеріндегі көпшілікпен, ал қоғамның жарияланған жарғылық капитал мөлшерін өзгерту бойынша туындайтын мәселе дауыс беруге қатысатын қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданатын. Әрине, білікті көпшілік планкасын көтеру акционерлердің өздерінің міндеттеріне жауапты қарауына әкелгенімен, осы мәселелер бойынша жалпы жиналысқа кворумның жиналуы бірден-бір мәселе болып қала береді.
Акционерлік заңнама акционерлік қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырудың екі нұсқасын белгілейді:
1)
қоғамның жеке-дара атқарушы
2) қоғамның алқалы атқарушы органы арқылы жүргізу.
Атқарушы органның құзыретіне акционерлердің жалпы жиналысы немесе директорлар кеңесінің кұзыретіне жатпайтын қоғамның ағымдағы қызметіне басқаруда туындайтын мәселелер жатады. Қоғамның атқарушы органының басты мақсаты — акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімін орындауды ұйымдастыру. Атқарушы орган қоғам мүддесіне сай әрекет етуге, өз міндеттерін адал атқаруға және құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға тиіс.
Акционерлік
қоғамдар - қазақстандық қаржы нарығының
қайнар көзі бола тұра, аумақаралық және
халықаралық кәсіпкерліктің дамуына ықпал
ете отырып, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
ететін, экономиканың нығаюына үлес қосатын
ұйымдар. Акционерлік қоғамдар тұтынушылар
нарығын баскаруда кең мүмкіндіктерге
ие, өздерінің іскерлік беделін, фирмалық
атауларын пайдалану арқылы, сұраныстың
туындауы мен қалыптасуына ықпал ететін
азаматтық айналымның ірі субъектілерінің
бірі. Қоғамның өз акционерлеріне қатысты
жүргізетін кең көлемді шаралары акционерлердің
өз міндеттерін орындауына, жалпы жиналысқа
белсенді қатысу арқылы алдымен қоғамға
тиімді шешімдерді қабылдауына тиіс. Акционерлердін,
қоғам қызметі мәселелерін шешуде пассивтілігі,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда
біліктіліктерінің төмен болулары, сондай-ақ
қабылдаған шешімдері үшін жауаптылыққа
тартудың көзделмеуі менеджменттік дұрыс
жүргізілмеуіне әкеледі.
2.2.
Акционерлік қоғамдардың
қызметін талдау
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.