Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны...........................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.............................................................................................17
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары...................................20
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................35
Қорытынды...................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

Работа состоит из  1 файл

курсавой теория.docx

— 90.18 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкер барлық шаруашылық түрлерімен айналысуға құқылы: өндірістік және делдалдық, экономикаішілік  және сырттай экономикамен. Кәсіпкерлер әр- түрлі қызмет түрлерін бұған деген еш бір рұқсат қағаздарын сұрамай- ақ біріктіріп, үйлестіре алады; олардың ара- қатынасын, байланыстарын өзгерте алады, бұл түрлердің қызметін тоқтатып, басқа түрді дамыта алады.

Арнайы мемлекеттік рұқсат қағаздар, лицензиялар белгілі бір өнім шығаруға немесе, белгілі жұмыс атқару үшін министрлік пен ведомстволармен беріледі. Мысалы, лицензиясыз геологиялық барлау жұмыстарын, пайдалы қазбалардың кен орындарын, орман және су ресурстарын эксплуатациялау, құрамында есірткелі және улы заттары бар, қауіпті істі іске асыруға болмайды.

Жеке кәсіпкерлік құқықтық қорғануда мұқтаждық етеді. Ерікті шаруашылық қызмет және кәсіпкерліктің дамыту туралы заңның 20 бабында, кәсіпкерлерге  кәсіпкерліктік қызметтің формасына  және меншік формасына қатыссыз  тең құқықты беруіне мемлекет кепілдік бере алады. Ал заңның 30 бабында, мүліктің заңсыз алудан қорғау туралы кепілдік берілген. Кәсіпкерліктің құқықтық қорғаудың маңызды формасы комерциялық құпияны сақтау болып табылады. Бұған заңның 27 бабында технологиялық информациялармен, басқарумен, финанстық, басқа қызметтермен байланысқан  және құпияның жариялануы оның ісіне зардап тигізе алуы туралы мәлімденеді.

21 маусымның 1991 жылы және 4 шілдеде 1992 жылы қабылданған  « Жеке кәсіпкерліктің қорғауы»  туралы заңдар ұзақ уақытқа жеке кәсіпкерліктің қызметтерінің құқықтық негізі болды.

Олар жеке кәсіпкерліктің негізгі формалары мен қорғау әдістерін анықтайды, мемлекеттің  тікелей кәсіпкерлік қызметке араласуының  және мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің құқығын бұзуына  жауапкершілік саяси қабыл алмауын бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің  негізгі  

         проблемалары және оны шешу  жолдары.

 

Кәсіпкерлік ойлағандай, ұйғарылғандай Қазақстанның экономикалық жаңаруында қозғалмалы күші болмады.

Ерекшелегенде, қоғамдық тұтынудың ынтасын, қалауын  және жойылып бара жатқан қоғамдық қажеттілітерді іздеу және де оларға үзіліссіз бейімделу кәсіпкерлік  системасында нақты бір қиыншылықтар тудырады. Кейбір қазақстандық мамандар осындай берілген қиыншылықтарды тауып, оларды өту жолдарын ұсынды. (2 кесте)

 

2 кесте. Қиыншылықтар және оларды өту жолдары.

 

Қиыншылықтар

Осы қиыншылықтарды жеңу тәсілдері

1. Финанстық: негізгі  капиталдың болмауы (қызмет және  өндірістік бөлмері, көлік және құралдардың, жердің және т.б.), айналым қаражатының болмауы немесе жетіспеушілігі.

  • Ақшалық жекешелендіруде мемлекеттік меншіктің жекешелендірудің соңғы стадиясында қатысу.
  • Қолданбайтын жекешелінген бөлмелерді, аяқталмаған құрылыс ісінің объектілерін, мүлік және жерді түгендеу нәтижесінде пайда болған жер учаскілерін сату.
  • Кәсіпкердің ақпаратынан алынған қолданбайтын объектілерді арендаға беру.
  • Қазақстанда лизингті дамыту үшін институционалдық негізді өңдеп оны іске асыру және де лизинг бойынша Оттав халықаралық конвенциясына қосылу.
  • Льготтық шарттарда алынған мүліктің  жекешеленгені  туралы пікірді  дайындау. Егер де льготтық шарттарда алынған мүлік қолданылмайтын болса, онда объект ақшалай сатып алуға ұсынылған льготтардан айыру шарттары қолданылады. Ал егер де, бағынбаушылық болса, онда процесс айналыстан алуға бағытталады.
  • Халықаралық финанстық, экономикалық, жеке фондтар мен қоғамдық және жәрдем беру ұйымдардың шараларын кіші бизнестің проектілерін қаражаттау үшін жұмылдырту.
  • Екінші ретті банктердің кіші кәсіпкерліктегі субъектілердің кредитталынуының шамасын өсіру.
  • Кіші кәсіпкерліктің дамымалы фондының табу бағыттарының мақсатты кредитталынуы.
  • Кіші кәсіпкерліктің микрокредитталынуын дамыту.
  • Кіші кәсіпкерліктің қаржыландыру кезіндегі сақтандыру механизіміндерін еңгізу.  

2. Институттық: кәсіпкер-лік институтының жеткілік-сіз дамуы, дамымаған нарықтық инфраструктурасы.

  • Қазақстанда кәсіпкерліктің институтын енгізу.
  • Қазақстанда кәсіпкер Кодексінің өнделуі.
  • Қазақстан мүлік Кадастрының өңделуі.
  • Заңдық, консультациялық және аудиторлық фирмалардың жолдарын ұлғайту үшін шарттарды ұйымдастыру.
  • Кіші бизнес үшін кредит және қарыз беруінде маманданған коммерциялық банктердің өркенделуіне көмек беру.
  • Биржа және сауда үйлерінің дамуы.

3. Білім беру: бизнеспен айналысатын білімнің жетіспеушілігі, білмеушілігі және тәжірбиенің болмауы.

  • Бизнес негіздерін оқытатын жаңа программалардың құрылуы мен енгізілуі; тереңдетілген дайындық курстары, бастауыш және орта білім үшін арналған қазіргі кезде бар программаларын үйрену, ал жоғары оқу бөлімдерін жаңа талаптарға үйрету; специалистердің жылдық қайта дайындалуының программаларын толық жетілдіру.
  • Донор- мемлекеттерінің техникалық көмегінің қолданылуының нәтижелігін жоғарлату.
  • Бизнеспен айналысу және инновациондық                                                                                                                                                                кластерлердің орталарын ұлғайту.
  • Кәсіпкерлер үшін әр облыста, әр қалалық акиматта кезекшілік консультациялық пунктердің ашылуы.

4. Мемлекеттік, төрешілдік /бюрократтық/, көпке созу, коррупция,  күштеп алушылық.

  • Мемлекеттік қызметтік реформаның әрі қарай түрлендірілуі.
  • Қазақстан Республикасының жоғары тәртіптік кеңестің жұмыстарын жеңілдету.
  • Бухгалтерлік есептің және кіші бизнес субъектері үшін сақтандыру , лицензиялау.
  • Мемлекеттік органдарда, банктерде, сақтанды, нотариалды, заңдық фирмаларда және т.б. кіші бизнестің субъектері үшін қызмет ету системасын жеңілдету.
  • Меншік пен бизнестің қорғау системаларын құру 

5. Ақпараттық: АҚҚ- дағы  жеткіліксіз жеткізу тәжірибелігі

  • Арнайы буклеттер, ақпарттық парақтардың басылуы және интернетте кіші бизнес үшін парақтардың ашылуы.
  • Радио және телевидениеде арнайы хабарларды ұйымдастыру.
  • Кіші бизнестің маңызды сұрақтарын газет және журналда басылуына дайындыру.

 

Осылайша,нарықтық қатынастардың дамуларына байланысты барлық кезеңсіз жағдайлардың болуын айта кету керек. Тиімді кәсіпкерлікті жоспарлап, іске асыру барысында кәсіпкер берілген мекен үшін нақты мақсаттылығын толық қарастырмайды және шикізатты- материалдық ресурстар туралы толық ақпаратқа ие болмайды.

Нәтижесінде, мемлекеттің өзі ұтылыста қалады. Экономиканың тұрақтандыруын да, өндірістік төмендеу қиындықтарын жеңуінде инфляцияда кәсіпкерлік құрылымдар рөлінің маңыздылығы азғантай. Құрылатын кәсіпорындар өндірістік іс- қимылдарын өтіп, делдалдық, банктық, қызмет сфераларын, капитал айналымына тез ие бола алатын сауда сфераларына ұмтылады. Сауда саттық үшін қайнар көзі импорттық сатылымдар, дамушы мемлекеттерге рейс жасауларды  және де мемлекеттік сауданың тауарлары мен қоректену өнімдері болып табылады.

Алынған табыс өндірістік инвестицияларда қолданбайды, керісінше, айналыс сферасына немесе мүлік не валютаға салынады. Көпшілік мінезі нақты іс қимыл мен валютаның көлемін жасыру сипатына ие болды.

Кіші  және орта кәсіпкерлік үлкен индустрия  тәрізді құқықтарын негіздейтін, қызықтық актілердің системасына бірдей мұқтаж етеді. Олардың сенімді одақтасы немесе гаранты болып мемлекет болуы тиіс.    

Антикризістік программа Республикалық фондтың кәсіпкерлікке тірек етуін, мемлекеттік ресурстар үшін және отандық пен шетелдік инвесторларды қатыстыру жолымен қалыптасқан капитал жарығының құрылуын көздеген болатын.

Фонд  кредиттерді тек нәтижелігі арнайы экспертизамен дәлелденген проектерге берілуге арналған.

Пайда болған қажеттілік үшін Республикада кәсіпкерлік структураларын және нарықтық механизмдердің тәуірлі міндеттелінуін қызмет көрсетуіне арналған объект торы құрылды. Мұндай орталар 1997- 1999 ж Қарағанды облысында, Шығыс- Қазақстан, Батыс- Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бастауыш кәсіпкерлік үшін беретін қызмет көрсететін облыстарда құрылған.

Осы аймақтар орталары кәсіпкер кадрларын дайындайтын центріне айналды. Пайда болған орталардың құрылуына экономика Министрлігі мен АҚШ Корпусы арасындағы келісім шарт бойынша американдық специалистер көмек көрсетеді.

Ұлғайған  кәсіпкерлер өздерінің партияларын  қалыптастырып саяси аренаға шығуға ұмтылады. Айқын мысал болып Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресс қызмет болып табылады. Бір  жағынан, Конгресс Мемлекеттік биліктің органдардың кәсіпкерлік құрылысты ұсынып, оны қорғайды; ал екінші жағынан-  кәсіпкерлік структураларының арқасында экономикалық және әлеуметтік бағдармалардың іске асуына көмектеседі. Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресінің іс- қимылының басты міндетіне қоғамның барынша аз  сақтандырылған қабатқа көмектесу бағдармаларының іске асыуы жатқызылады; Республиканың әр- түрлі қайырымдылық фондтарына финастық және басқа бір қолдаулар ; шетелдік инвесторларды тартуында қатысу; Қазақстан Республикасында тәуелсіз кәсіпкерлік зоналардың құруы мен оны территорияда дамыту. Алматы қаласында 1993 жылы Еуропалық комиссиямен «Іскерлік байланыстарының центрі»- нің проектісі ашылғаны туралы жарияланған болатын. І.Б.Ц. басты  бағыты- кіші кәсіпорындардың Еуропалық Бірлестіктің серіктерімен байланыстың іске асырылуында қолдау көрсету. Центрмен Еуропаның көптеген коммерциялық құрылым және тауарлы- өнеркәсіптік палаталармен тығыз байланыстар орнатылған.

Кәсіпкерлік классының құрылуы нарықтың экономикаға  бағдарланған әр- түрлі қоғамның тұрақтануы үшін қажет. Дамымаған жеке кәсіпкерліксіз қоғамдағы қуатты әлеуметтік қарама- қайшылықтың таратуына экономикадағы төмен түскеннен көтерілу жолына өтуіне үміт жоқ.

Тиімді  аймақтық шаруашылық меншіктің қуатталып, белгілі бір «критикалық массаға» жетуін талап етеді.

 

3 кесте. Кіші кәсіпкерлікті дамыту тәжірбиесін талдау.

 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  1. Берілген аймақтағы шаруашылық шарттарына тез бейімделу
  2. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің іс- әрекеттерінің үлкен тәуелсіздігі.
  3. Қабылданатын шешімдердің қабылдауы мен орындауындағы икемділік пен шапшандық.
  4. Қызмет орындауындағы біршама үлкен емес шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалған қаражат.
  5. Жеке тұлға үшін идеяларын іске асыруға және қабілеттіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік.
  6. Бастапқы капиталда барынша аз керектік және өнімге өзгертулерді тез еңгізуге қабілеттігі.
  7. Өзінің капиталының біршама барынша көп айналымдылығы.
  1. Барынша жоғары қауіп- қатер дәрежесі
  2. Нарықтағы жағдайдың тұрақсыздану дәрежесінің жоғары дәрежесі.
  3. Ірі компанияларға тәуекел болу.
  4. Істі басқарудағы жетіспеушіліктер, яғни менеджерлік қабілетсіздік немесе, кіші және орта кәсіпорындардың мамандық компетентсіздігі.
  5. Жетекшілерде қажетті білімнің болмауы.
  6. Шаруашылықтың өзгеруіне жоғары елеулік.
  7. Кредит алу мен қосымша  қаржылардың алынуының қиыншылықтары
  8. Шартқа отыруда  шаруашылық серіктердің сенбеушілігі және абайлағыштығы.
  9. Басқа да сыртқы және ішкі себептер мен жұмыс істеу шарттары.

 

Америка Құрама Штаттарының кіші бизнесмендерінің ортасында жиі жүргізілетін сұрауларда олардың қызметтерінің сәтсіздікке  ұшырауының басты себептері деп, мыналарды көрсетеді:

    • компонентсіздік;
    • баланстырылмаған тәжірибе (мысалға, тәжірибелі менеджер, бірақ тәжірибесіз саудагер);
    • Коммерцияда, финанста, қамсыздандырушылықта, жеке игіліктегі және серіктегі басқарудағы тәжірибелік жетіспеушілік, қызметтік байланыстар мен контактарды құра алмаушылығы.

Кіші  фирмалардың банкротқа ұшырауының басқа себептері бизнестің қараусыз қалушылығы; денсаулықтың болмауы және жаман әдеттер; катастрофалар, өрттер, тонаушылық, алаяқтық және т.б. болып табылады.

Кіші  фирмалардың табысқа деген мүмкіншілік  оның өсуіне байланысты өседі. Ұзақ және бір иенің қолындағы фирмалар иелері жиі өзгеретін фирмаларға қарағанда, барынша көп және тұрақты табыс әкеледі. Зерттеу барысында көп жұмыс істейтін және сана- сезімнің шектеуінен шықпайтын кіші кәсіпорындар үлкен табысқа ие болады.

Кіші  және орта бизнестердің сәтсіздіктеріндегі кәсіпкерлердің жоғары емес квалификациялар әсер етеді.

Жанданатын, жойылып бара жатқан қоғамдық мұқтаждықтарды іздеу және оларға бейімделу кіші бизнестің құрылысының негізін құрайды.

Жоғары  айтылғандарды қорытындылай келгенде, Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің активтендірушілік шарттарын қысқаша көрсетуге болады:

    1. Кәсіпкерлік қызметіне мемлекеттің қатыспаушылығы.
    2. Мемлекет тарапынан материалдық көмектің көрсетілуі.
    3. Шаруашылық субъектілерге олардың меншіктерінің сақтандыру жөніндегі кепілдіктің берілуі.
    4. Барлық нарықтық қатынастардың қатысушыларға тең құқықты құру және экономикалық бостандықты ұсыну.
    5. Нарықтың инфраструктурасын құру.
    6. Ресурстарға, кредит пен ақпараттарға кіру мүмкіншілігі.
    7. Шаруашылықтың нарықты- конкуренттік режимі, мемлекеттің монополияға қарсы қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III бөлім. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық

                 дамытудың  нәтижелері.

 

3.1. Макроэкономикалық  тұрақтандыру.

 

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; акша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бүған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен дамытуды талап етті.

Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеше алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.

Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп түрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.

Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарыққа өтудің табанды кадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске қосу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.

Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылықты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалық әдістер бойынша күресу көмектеспеді.

Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде көсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бүл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.

Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретте біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз тандау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқау ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар нысанына қайшы келетін.

Біз өз жолымызды тандадық, ол ұлттық валюта енгізуді көздеді. Қазақстан бүған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 карашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлтгық валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсендетуге, ал 1995 жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері