Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны...........................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.............................................................................................17
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары...................................20
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................35
Қорытынды...................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

Работа состоит из  1 файл

курсавой теория.docx

— 90.18 Кб (Скачать документ)

 

Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезенде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.

Теориялық түрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі үлғайту орынды емес, өйткені бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті қаражат болмады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялык-өндірістік қызметті ынталандырудың қүралы ретінде де қарастырыла бастады.

Енді экономикалық түрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендетілді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік ставка өрекет етеді.

Қазақстанда принципті түрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.

Бюджет жүйесін реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып, қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық түрақтанудың негізіне айналды.

Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ак инвестициялық саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталайық. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.

Сондықтан да мемлекет ауқымды жекешелендіруге кірісті. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.

Біріншіден шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында үжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.

Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді.

Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме- сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды.

Нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатыны белгілі болды. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан- жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға қабілетті болуы тиіс.

Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша каражатына жүзеге асырылды.

Шетелдік компаниялар  өзімен бірге сондайлық қажетті инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.

Республикалық мемлекеттік және коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай- газ секторында - бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада - "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".

Қазір  бұл салаларды да реформалауға жеттік, Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы және телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік- құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жене өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық ТМД     деңгейдегі кредит рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары                                                               көрсеткіші (5 кесте) біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды,                                                               соның ішінде мұнай- газ саласындағы ресурстарды                                                              игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы    қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында   Қазақстанның   өзі   орасан   кен орындарын толық мәнінде игере алмады.                                                                                                                                                  

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвесторлардың мұнай- газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жүмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың казақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақүрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес болатын. Кеңестік кезенде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді өту жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сенді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайраңдағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба құбырының құрылысы басталады.

       Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін жеделдете аддық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына қол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ыкпал етіп қойған жоқ. Бұл — экономикалық өзгерістердің нәтижесі.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.

Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1

833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

 

 

3.2. Табысты орнықтыру  және экономикалық өсу жағдайларын 

         жасау.

 

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалык, құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту жөне сырткы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.

Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар қабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың козғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды.

Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық- саяси тартылыс орталығын құру қажет болды.

Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлықтай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды.

Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.

 Барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдык, меншікке берілді, содан кейін жекешелендіру жүргізілді. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.

Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасының қабылдануымен  аграрлық сектордың тиімді қызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске косылды.

Жер кодексі айтарлықтай ауыр қабылданды. Бұл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандықтардың 43 % тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама- қайшылығы да осыдан.

Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия көсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп ретте ұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік тұтастай нарықка киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.

Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген кұрмет туралы айтылынбайды. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері