Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 06:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы өндірістік кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында өндірістік кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
•өндірістік кәсіпкерліктің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
•оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
•өндірістік кәсіпкерлікті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
•Қазақстан Республикасындағы өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талдау;
•өндірістік кәсіпкерліктің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
•қазіргі кездегі өндірістік кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
•өндірістік кәсіпкерлікті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Жеңілдіктер пайызындағы
Өндірістік кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жүйесінің негізгі элементі болып займдар мен несиелер, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға арналған техникалық жаңартулар табылады.
Сонымен, қазіргі кездегі өндір
2-бөлім ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ
2.1 Қазақстан
Республикасындағы кіші
Қазіргі кездегі өндірістік кәсіпкерліктің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы өндірістік кәсіпкерліктің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл өндірістік кәсіпкерлік, ал өндірістік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.
Өндірістік кәсіпкерлік жеке өндірістік кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын өндірістік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, өндірістік кәсіпкерлік субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, өндірістік кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын өндірістік кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар.
Шағын өндірістік кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.
Шағын өндірістік кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Өндірістік кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын өндірістік кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын өндірістік кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда өндірістік кәсіпкерлікті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.
Шағын өндірістік кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:
- халық
тауарларын өндірудІ дамыту, импорт,
құрылыс
материалдарын, әртүрлі
- қызмет сферасын дамыту:
-
аграрлық жүйе өнімдерін
Қазіргі таңда Қазақстандағы өн
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын өндірістік кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, өндірістік кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын өндірістік кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін:
1) мемлекеттік
тіркеу сәтінен бастап үш
жыл ішінде жылжымайтын мүлік
құқығын тіркеу үшін
ақы төлеуден босатылады. Шаруа
қожалықтарын мемлекеттік
2) табиғи монополист
кәсіпорындардың қызметін
3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;
4) жеке кәсіпкер
ретінде бухгалтерлік және
5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;
6) шарттарын Қазақстан
Республикасының Үкіметі
7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын өндірістік кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;
8) шағын өндірістік кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Шағын өндірістік кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде өндірістік кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады.
Қазақстан Республикасындағы
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін
талдау
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын өндірістік кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын өндірістік кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын өндірістік кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, өндірістік кәсіпкерліктің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Сондай-ақ, өндірістік кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты өндірістік кәсіпкерлікті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді.
1-кесте Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны
2004 жылдың 1 қазанына
тіркелгені |
жұмыс істеп тұрғандары | |||||
бірлік |
қорытын дысына % - бен
|
барлығы |
олардан белсенділері | |||
бірлік |
қорытын дысына % - бен |
бірлік |
Қорытындысына % - бен | |||
Қазақстан Республикасы Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы |
140921
4579 5532 6083 3588 9276 4136 2981 8963 5457 2699 3830 6839 3247 12900 11458 49553 |
100,0
3,2 3,8 4,3 2,5 6,6 2,9 2,1 6,4 3,9 1,9 2,7 4,9 2,3 9,2 8,1 35,2 |
99993
3337 4218 4451 3148 6650 2904 2555 6430 4252 2265 3149 5262 2669 8658 9428 30617 |
3,3
100,0 4,2 4,5 3,1 6,7 2,9 2,6 6,4 4,3 2,3 3,1 5,3 2,7 8,7 9,4 30,5 |
49635
2447 1890 3226 1331 3663 1116 1377 3002 2218 1424 1387 2675 1402 3898 4476 14103 |
100,0
4,9 3,8 6,5 2,7 7,4 2,2 2,8 6,0 4,5 2,9 2,8 6,4 2,8 7,9 9,0 28,4 |
Информация о работе Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерліктің дамуы