Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:31, курсовая работа
Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда.
Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері...............................4
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні............................................4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері...............................................................................4
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары..................................7
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы....................9
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау....9
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....9
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері.....................................................................................................10
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары..11
Қорытынды.............................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................17
1. Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.
2. Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме сауданы жүргізу құқығын береді.
3. Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы жүргізу құқығын береді.
Франчайзингтің артықшылықтарының біріне- франчайзерден дайындық пен білім алу мүмкіндігі жатады. Франчайзер оқыту процесін ұйымдастырғанда, ол тек өндіріске қатысты сұрақтармен шектелмейді, ол сонымен қатар франчайзді бухгалтерлік есепке, тауар- материалды құндылықтарды бақылауға, еңбек ресурстарын басқаруға үйретеді. Оқу процесі бір-екі күннен бірнеше жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы оқыту орталықтары қалыптасады.
Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау. Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын құрайтын экономика желісі болып табылатыны мәлім. Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі 45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды.
Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады.
Шағын бизнестің салалық құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда.
Ірі өнеркәсіптік фирмаларға қызмет көрсетуге бағдарлануы, олардың өз спецификасына байланысты ұсақ фирмалар қарапайым өндіріспен айналыса алады. Шағын кәсіпорындардың күрделі технологиялы өндіріспен айналысу мүмкін емес. Олардың негізгі қызмет ету аясы – сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, бірақта бұл секторда шағын кәсіпкерліктің кең тараған желілерінің дамуы мемлекет тарапынан қаржылық көмек пен материалдық базаның болмауынан кідіріп тұр.
2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері.
Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушілігі: материалдық-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек.
2. Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
3. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне ол коррупцияға апарады.
4. Басты проблеманың бірі- ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек, ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
5. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек.Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолданылуы тиіс.
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негізі 90-жылдары қалыптаса бастады. Бизнестің осы түрін қалыптастырып, дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдық және нормативтік актілер, заңдар қабылданып, қызмет етуде. Олар кәсіпкерлік қызметтің бірқатар сауалдарын қамтуда: шаруашылықтық қозғалыстың еріктілігі; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау; шаруашылықтық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың, жеке кәсіпкерліктің, өндірістік кооперативтердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының, әлеуметтік экономикалық зоналардың дамуы; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, лицензиялау; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау және тағы басқа.
ҚР Азаматтық кодексі.
“ҚР кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылықтық қызметтің бостандығы туралы” Заңы 13.01.1993ж.
“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы 1992 ж.
“Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңы.
“Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілділікті іске асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
“Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
“Кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығына азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
ҚР ШК қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
3–тарау.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы үлкен даму үстінде. Шағын бизнестің бұл даму үдерісінде маңызы зор болғандықтан қалалар мен аудандар әкімдіктері шағын бизнестің тоқтап тұрған кәсіпорындарын іске қосу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
2004 жылғы импортты алмастыру бағдарламасын іске асыруға 98 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысты, отандық өнімдерді нақты жеткізу көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы 124 кәсіпорын жұмыс көлемін 7,3 млрд. теңгеге орындады.
«Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасының және осыған бағдарламалардың қабылдануы шағын бизнестің жақсы дамуына бірден-бір әсерін тигізеді. Аталған бағдарламамен кәсіпкерлікті қолдау және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнестің мәселелері жөніндегі комиссия, облыстық салық комитеті, кеден, қаржы полициясы және прокуратура жанынан сараптамалық кеңестер құрылды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті реттеу Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетінің құзырына енеді.
Шағын бизнесті дамыту мен қолдау бойынша табысты мемлекеттік саясат төмендегі маңыздылықтардан тұратын интеграциялық тәсілдеме негіздерінен тұрады:
1. Стратегиялық деңгейінен (саясаттың қалыптасуы);
2. Мекеме деңгейінен (әрекет етуші ұйымдар);
3. Кәсіпорын деңгейінен (шағын және орта бизнес);
Шағын бизнесті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде жалпы жүйенің төрт элементі қатысу қажет:
Мемлекеттік орган (саясатты өңдеу, басқа мемлекеттік билік органдарының алдында оны қорғау, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмыстарын бағдарлау) – үлкен билікті өкілеттіктермен, ерекше бақылаушы органдарға қатысты.
Жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар және т.с.) – кәсіпкерлерге, әсіресе жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді көрсету жолымен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қаржылық құрылымдар (шағын бизнес қолдау қоры, банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялар) –шағын бизнеске қатысты мемлекеттік саясатын несиелендіру, сақтандыруды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
Кәсіпкерлік құрылымдар (ассоциации, одақтар және т.б.) шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейту бойынша мемлекеттік саясат барысын талдау және ұсыныстар жасау. Кәсіпкерлермен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс және президент, үкімет, парламент алдында шағын кәсіпорындардың мүддесін қорғаштау.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстанда шағын бизнесті қолдаудың келесі ұйымдастырушылық моделін енгізуге болады.
Кәсіпкерлік бойынша Ұлттық кеңес, 1994 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде құрылған кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша Мемлекеттік комиссия негізінде қалыптасуы мүмкін. Кәсіпкерлік Ұлттық Кеңес шағын бизнеске көмек және қолдау көрсетуші министерства мен ведомоствалар өкілдерімен, бизнес ассоциациясымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енуі керек.
Кәсіпкерлік саясатын бағдарлаушы орган. Үкімет ішіндегі бұл орган кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың барлық бағдарламаларын және шағын бизнес секторына қатысты барлық саясатты өз қадағалауына алу керек. Мұндай органға Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетін жатқызамыз.
Саясатты іс жүзіне асырушы құрылымдар. Бұл жартылай мемлекеттік, жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар), кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру, нарықты зерделеу, жобалардың іске асуының мониторингісі, әртүрлі салада кеңес беру бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, бірқатар облыстардағы шағын бизнес орталықтарын, жеке консалтингтік не оқу орталықтарын енгізетін Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығы қызмет атқаруда.
Қаржылық құрылымдар. Шағын бизнес қолдау, демеу бойынша Қоры, екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар.
Қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгрессі.
Европа Одағына мүше елдерінде және экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымдарында шағын бизнестің ролінің артуы осындағы басым елдердің көпшілігінде арнайы саясатты әзірлеуді қажет етеді. Олардың негізгі мақсаты келесілерді қамтиды:
ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсеке қабілеттілігін дамыту;
жаңа жұмыс орындарын құру;
шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі;
шет ел кәсіпорындарын және инвестицияларын тарту;
өндірісті жаңарту;
инновациялық қызмет;
технология трансферті.
Шет ел тәжірибесі көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті қолдаудағы мемлекеттік реттеудің жалпы қабылданған формалары мен әдістері қазіргі уақытта қарастырылуда. Осы әдістерді мазмұны және бағытталуы бойынша екіге бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша мемлекеттік реттеу ұйымдастырушылық-реттеушілік, институционалдық әдісті сипаттайтын экономикалық болып бөлінеді. Бағытталынуы бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және жанама ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерліктің жоғарғы қарқында дамуына кезінде үлкен масштабта қолдау көрсеткен АҚШ-ның мемлекеттік реттеу әдістері мен жаңа формаларының кейбіреуін біздеде қолдануға болады:
Жалпы өсу мен табыстылықтың негізгі кепілі ретіндегі жеке меншікті қорғау. Жеке меншікті қамтамасыз ету кәсіпкерлер үшін бір сәттілік кірісті ғана емес, сонымен қатар жалпы болашақты ойлап қадамдар жасауына ықпал етеді.
Кәсіпкерлерге толығымен жағымды, қолайлы болатын саясаттар жүргізу. Бұл жағдай кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламаның дамуы ретінде қарастырылып, кәсіпорындарды құрудағы еркіндік пен жарғылық қорға, негізгі қорға қойылатын талаптарға жеңілдіктер мен шектеулерді және тағы басқаны азайтуды сипаттайды.
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары