Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:31, курсовая работа
Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда.
Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері...............................4
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні............................................4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері...............................................................................4
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары..................................7
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы....................9
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау....9
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....9
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері.....................................................................................................10
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары..11
Қорытынды.............................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................17
Импортталынатын тауарларға эмбаргоны (тиым салуды, шектеулерді) енгізу. Отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында импорттық тауарларға эмбарго енгізіледі.
Салық тарифтерін төмендету. Егерде салық мөлшері баланстық пайданың 40-50%-ын құрайтын болса, онда бюджеттің табыс көзі қысқарып, кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып, жалпы салықтық базаның қысқаруына әкелетіні бүгінгі күнде мәлім.
Банктік жүйедегі өзгеріс. Кәсіпкерліктің дамуындағы күрделі мәселенің бірі фирмаларды қаржылармен қамтамасыз ету. Алғашқы кезеңде, кәсіпкерлер өздерінің меншікті қаражаттарын иемденбеген кезде банк несиелері қаржыландырудың жалғыз көзі болып саналады. Банк тарапынан пайыздық ставканың төмендеуі мен несиелендіру мерзімінің ұзақ болуы кәсіпкерлік белсенділікті арттырады.
Шет елдік инвестицияларды тарту – қаржыландырудың маңызды көзі- шынайы инвестиция ретінде көмекті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар технология, “ноу-хау” және тағы басқа сипатта болуы мүмкін.
Кәсіпорындарды, корпорацияларды құру мен акцияларды шығарудың жеңілдетілген процедураларын енгізу. Кәсіпкерлерге жүктелінетін жауапкершілікті шектеу олардың белсенділігін арттырады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларында олардың екі түрі қарастырылады: негізгі және қамтамасыз етуші. Негізгі бағдарламалардың мақсаты болып кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға бизнестің сәйкес инфрақұрылымын құру жолымен және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық) іс жүзіне асады.
Жаңадан құрылатын не қайтадан құрылатын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты мемлекеттік қызмет органдары тарапынан ауқымды ұйымдастырушылық күш-жігер талап етіп, келесідей бағыттарды қамтиды:
Шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету;
Кәсіпкерлікті қаржылық демеу;
Кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда көмек көрсету;
Бизнесті ақпараттық демеу;
Салық салу жүйесі және реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;
Қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру.
Осы бағыттар шет елде шағын бизнесті дамытудың негізі ретінде қарастырылып, оларға жеткілікті түрде назар аударылуда. Өйткені әр елдің экономикасына серпінділік беретін ірі бизнес алғашқыда осы бастапқы шағын деңгейден басталады.
Біздің республикада да шағын кәсіпкерлікті қолдаумен шұғылданатын арнайы мемлекеттік органды құрудың объективтік қажеттілігі жетілді. 1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Экономика және сауда Министрлігінің құрамында арнайы шағын кәсіпкерлікті қолдау органы – шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттік құрылды. Арнайы шағын бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік орган құру мемлекеттік демеушіліктің бірінші бағыты.
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттігінің қызметінің негізгі бағыттары болып келесілер саналды:
Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық және жергілікті атқару органдарының қызметтерін үйлестіру;
Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын өңдеу, жетілдіру, әсіресе материалдық өндірісте дамытуға қатысу;
Шағын кәсіпкерлікке қаржылық және техникалық көмек көрсетуде халықаралық қаржылық ұйымдармен өзара қатынас орнату,
Экономиканың шағын секторына шет ел инвестицияларын тарту.
Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттің қызметінің екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Еуропалық Одақтың барлық елдері шағын және орта бизнеске қаржыландыру көзіне қол жеткізуде әртүрлі тетіктерді қолдана отырып мәселелерді шешуге тырысады. Кейбір елдер (Ұлыбритания, Нидерланды және т.б.) негізінен займ кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне тірек етеді. Еуропалық Одақ елдерінің басым бөлігі шағын бизнесті қолдау мақсатында төлемақылар, жәрдемақылар немесе займдардың жеңілдетілген түрін, инвестицияға фискалдық жеңілдіктер сияқты ерекше резерв құрады. Бельгия, Франция елдерінде шағын бизнеске тәуекелділік капиталын ұсыну тәжірибеленуде. Осы елдердің үкіметтері тәуекелділік қорының болуы мүмкін шығындарын өтеуге кепілденеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық Қорды қалыптастыру.Қазақстан Республикасында қызметі конкурстық негізде шағын бизнес жобаларын қаржыландыруды (5 миллион тенгеге дейін) жүзеге асыруға бағытталған 1997 жылдың 24 сәуірінің №665-ші Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен “Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры” құрылды. Оның негізгі мақсаты:
Несие мен займдар алуда мемлекеттік кепілділікті қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау құралы - өте қымбат құрылғыларды сатып алуда шағын бизнесті қаржыландыру.
Инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызметті атқару. Республикада Президент Жарлығымен мемлекеттік және екінші деңгейдегі банктерде тегін есеп жүргізу шоттарын ашу, коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлерге бірінші қызмет көрсетуіне ынталандыру құралдарын қолдану жүзеге асуда.
Кәсіпорындарға тікелей инвестиция жүргізу. Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен экономиканың шағын секторының дамуына 100 миллион доллар көлемінде инвестиция салымдарын жүргізіп, жалпы саны 30 мың жұмыс орнын құрайтын 50-60 кәсіпорындарды қалыптастыру қарастырылып, іске асырылуда.
Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша көмек көрсетудің үшінші бағытында мемлекеттің қызметі кәсіпорындарды басқарудың, яғни менеджментін құруда тиімді жүйесін қалыптастыру. Жаңа кәсіпорындардың қызметін қайта тоқтатып жатуының бір себебі тиімсіз менеджмент болып саналуда. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шағын бизнес саласындағы кәсіпорындар келесідей факторлармен ұшырасқанда қиыншылықа ұрынады: өндіріс (технологиялар, “ноу-хау”), маркетинг (өндіріс және сату жоспарын құру, іске асыру), қаржылық менеджмент және бақылау, ұйымдастырушылық құрылым және басқарушылық шеберлік.
Мемлекеттің төртінші қызметі – бизнеске жан-жақты ақпараттық қызмет көрсету, ол өзіне келесілерді енгізеді: нарық туралы, тұтынушы қажеттіліктері, технологиялық жаңа енгізілімдер, жаңартуды қажетсініп тұрған өндіріс және тауарлар туралы ақпараттар. Мұндай ақпараттар болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңа “қуыстарын”, өндіріс пен өнімдерді жетілдіру мүмкіншіліктерін, бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдемесін игеруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік көмектің бесінші бағыты – салықсалу жүйесі арқылы кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру. Салықсалу жүйесі арқылы мемлекет кәсіпкерлік қызметті сауда-саттық, коммерция саласынан өндіріс саласына бағдарлай алады. Мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі тексеріс, шектеулер көлемінің қысқаруы кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, олардың қызметінің ашық, жариялы түрде бағыт алуына, сонымен қатар бюджеттік төлемдердің түсімін тұрақты қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көмектің алтыншы бағыты – қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру, бұл өз кезегінде қоғамда іргелі өзгерістерді талап етеді, қоғамдық ой-пікірдің жаңа бағытын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша барлық жұмысты мемлекеттік деңгейде Сауда және индустрия Министрлігіне қарасты шағын кәсіпкерлікті қолдау Комитетіне жүктелген.
Әртүрлі министрліктер, ведомостер және мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысады, соның ішінде:шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Республикалық ақпараттық көрме орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, энергетика индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, ауылшаруашылық министрлігі, Бас Прокуратурасы, Іскер әйелдер қауымдастығы және басқалар.
Қорытынды
Бірінші тарауда көрсетілгендей шағын бизнестің нарықтық экономикада маңызы зор. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:
жаңа жұмыс орындарын құрады;
жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді
Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор.
Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Бүгінгі таңда шағын бизнес өнімдерін өткізудің қазіргі жағдайы шектелген. Оны кеңейту үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:
1. Ірі және шағын бизнес интеграциясы, атап айтқанда ірі компаниялар құрылымында шағын кәсіпорындарды біріктіру.
2. Лизингтік қызметтерді құру ;
3. Өнімді өндіруде ғылымды қажет ететін технологиялардың көмегімен, зертхана мен ғылыми-зерттеушілік фирмалардың ашылуымен өндірісті ендіру.
4. Венчурлік бизнестің дамуы. Мемлекетпен венчурлік бизнесті демеу келесі формада: 1)Инновациялық және венчурлік қызметпен байланысты ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелі-конструкторлық, технологиялық жұмыстарды қаржыландыру; 2)Венчурлік қызметті қамтамасыз ететін, жобаларды және іс-шараларды, бағдарламаларды қаржыландыру, венчурлік қызметтің инфрақұрылымы субъектілерін қалыптастыру мен дамыту.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Алматы 2000 ж.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
Қазақстан Республикасының кодексі.
Алматы 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы.
Алматы 2002 ж.
6. Қаржы. Оқулық. Балабанов А.И., Балабанов И.Т.
Петербург 2000 ж.
7. Финансовая система: экомическое содержание и мезанизм
использования. Зейнельгабдин А.Б.
Алматы 1995 ж.
8. Қаржы теориясы. Оқу құралы. Құлпыбаев С.
Алматы 2001 ж.
9. Мемлекет және бизнес. Мамыров Н.К., Саханова А.Н.
Алматы. Экономика 2002 ж.
10.Ақша, Несие, Банк. Оқулық. Соколовой О.В.
Алматы 2001 ж.
11.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы. Назарбаев Н.Ә.
Алматы 1992 ж.
12.Тәуелсіздік нарық экономика. Бабақұлы Б.
Алматы 1996 ж.
13.Жаңа қаржылық менеджмент. Бовыкин В.
Алматы 1997 ж.
- 3 -
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары