Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание

Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ
Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

     ЖОСПАР 

КІРІСПЕ 

Ι-Тарау.Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлік қызметтің  даму бағыттары және оларға мемлекеттік  әсер ету жүйесіндегі  салықтардың ролі 

    1.   Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің даму тенденциялары.

1.3   Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

       Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)

       Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

       Дамыған елдер тәжірибесі мен  Қазақстандағы қалыптасып жатқан  нарықтық қатынастар көрсетіп  отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы  мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.

           

Ι-Тарау.Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлік қызметтің  даму бағыттары және оларға мемлекеттік  әсер ету жүйесіндегі  салықтардың ролі

1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары 

     Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы  экономикалық категория ретінде  ұзақ тарихы мен терең тамыры барын  көрсетеді.Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин ,одан да бұрынғы «антрепренер»(«антрепренер» француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады  түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр  ғалымдарында кәсіпкерлік  туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында «кәсіпкерлік» мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның,  А.Тюргоның,  Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. «Кәсіпкер» терминының атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон .Ол «кәсіпкер» деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

     Әлеуметтік  экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік  көптеген қоғадық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

          Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ  адамдар жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.

        Мемлекеттік кәсіпорындар туралы  ерекше айтқан жөн. Өйткені  мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы шығады:

     Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байлданысты), ұжымдық жеке дара.                                                                                                                                  

                Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен  толық бағалау үшін олардың  субъектілерін номиналды және  реалды деп бөлудің маңызы  ерекше.

              Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен  айналысу құқығы. Нарықты экономика  елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамытва алады.

              Кәсіпкерліктің объектісі – адаамның  бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің  соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен  көрсетілген қызмет.Бірақ, ең  бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне  тиімдісін пайдалысын ғана жасайды.  Міне осы себептен кәсіпкерлердің  ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі  немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі  үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мақсаты.

             Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді  іздеу, жаңа технологияны пайдалану,  капиталды жұмсаудың тың салаларын  іздеу, ескі ойлау шеңберіне  шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.

       Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің  объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше  мағынадағы новаторлық- өндіріс,  айырбас және бөлудің түрлі  факторларын үйлестіру.

       Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі  бағытта ұйымдастырылады , нақты  формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.

                Барынша көп табыс келтіру  – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы  факторы. Көп жағдайларда тек  осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.

             Кәсіпкерлікке тән тағы бір  сипат шаруашылық жүргізудегі  тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде  алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап  білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды  пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері  көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,

             Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін  болатын және  шын нәтижелердің  ара қатынасы жатады. Егер өндірілген  тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды  қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.

              Өндіріс факторларын конбинациялауды  тұрақты бақылау кәсіпкерді өне  бойы ауыр жағдайда ұстайды,  ал мұндай психологиялық жай  өндірістің басқа мүшелерінде  тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын анықтау, өндірісті  ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді.  Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын анықтайды .

             Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну  үшін оны меншік қатынастарын  жүзеге асырудың бір түрі деп  қарау керек.   Кәсіпкер меншік  иесі ме?  Бұл сұраққа жауап  беру үшін меншік иесінің қызметін  шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын  меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс  күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

         Демек, кәсіпкер мен меншік  иесі арасында айтарлықтай байланыс  жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің  шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау  (адамдық келбеті), мүіктерді қолдану  жөнінде өз еркі, жауапкершілігі  мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.

          Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы  мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан  шығады, ол нарық қатынастарының  сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын  жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің «артығын» қиып түсетіндігінен әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.

          Нарықтық экономика үшін күрделі  «ауруға» бірден қарсы тұра алмайды- монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет ретеудің формалау, 80-жылдардағы  консерваторлардың күшті «дәрілері» қажет болды.

          Қазіргі нарықтық шаруашылық  монополияға, инфляцияға қарсы,  шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан  тоқтататын саясатсыз мүмкін  емес. Мемлекеттің нарықтық эконоикаға  раласуының басты белгілері осындай.  Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге  жеткілікті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыт