Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание

Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ
Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

         Егер  мемлекет ақшаны нарықтық  экономикаға жібергеннен артық  шығарса, онда ол қандай да  ізгілікті мұраттарды басшылыққа  алса да, рыноктық процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.

           Ерте ме кеш пе экономиканың  мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің  белсенді араласуынан шыйғуын  қажет етеді. Мемлекетсіздендіру  жүйесі кемінде 4 шаруашылықты  басқаруды бюрократтандырудан құтқару,  мемлекеттік кәсіпкер қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.

           Бұл жағдайда  жекешелендірудің  теориялық анықтамасын берудің  маңыз зор. Жекешелендіру-объектілерді  белгілі қызмет түрлерін мемлекет  қолынан алып жеке меншікке  беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін «жаулап алу», немесе жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді.

           70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік  құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай 1979 жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді Ол шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, «БритишСтиль» мемлекеттік бола отырып жылына 1млн. Стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

           Біздің жағдайымызда жекешелендірудің  ерекшелігі меншіктің мемлекет  қолында жоғары шоғырландыру  мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады  мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді  жүргізудің қосымша шаралар мен  де байланысты.

         Национализациялануға қарағанда  жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.

        Ал тағы да кемінде екі сатыдан  тұру керек: Меншік иесінің құқығын нақтыжүзеге асырудың шын жағдайларын жасау(саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұымстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның мемлекетке жүргізу мүмйкін, бірақ фодан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар мен әрекет етушілерге баланысты және олардан басқа объективті фактілерге де қатысты болады.

        Жекешелендірудің түрі көп, әрбір  ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын;  халықты жекешелендіруге құызықтыру жағдайларын жасау,оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек.

       Ешбір елде жекешелендірудің  ойдағыдай керемет тәсілі жоқ.  Әрбір елдің тәжірибесі оң  және теріс жақтарын көрстееді.  Көптеген жағдайларда бұл процесс  сол елде қалыптасқан нақты  тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен, дамыған қаржы мен банк жү.йесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен, халықтың психологиясына байланысты.

        Жекешелендеруді кең шеңберде  тиімді және кезеңдер мен өткізу  үшін жоғарыдағы аталған шарттарды  орындау әсіресе көптеген инвесторларды  тауып, саяси және әлеуметтік  келісім және мемлекет тарапынан  тұрақты ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция мафия мен күрес).

        Әр түрлі елдердің тәжірибесі  көрсеткендей жоғарыда аталған  шарттардың тек біреуін ғана  елемеу жекешелендірудің нәтижесін  және қарқынын төмендетеді. Бұл  процесті асығып және қалай  болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке әкеледі.

           Мысалы: Қазақстан Республикасында  да жекешелендіру процесінде  де қиын жолмен жүріп келеді. 1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру  мен мемлекеттік иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд сомаға жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында 767 000 адам іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12 ө алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар айналымының небәрі 4ө ған келеді. Ал олардың жалпы санының 40ө жекешелендірілген елді бұл процесті жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай асығыстық, мүлікті талан-таражға салу басым болды.

        Республикада мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің 2 кезеңі  де осы және тағы басқа кемшіліктер  қайталанбас үшін біраз өзгерістер  енгізілді.  Ең бастысы бұған  бүкіл халықты кеңінен қатыстыру,  жариялықты күшейту, үкімет пен  мемлекет тарапынан  бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық қорлар құрыап, жекешелендіруден түскен қаржының 10-15ө халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.

       Жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:

        Бірінші бағыт-шығын салаларды қамтиды. Онда 200  адамға жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне берледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда істейтін адамдарды қамтиды.

        Екінші бағыт- жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді, мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.

         Үшінші бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады. Үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да өткізіледі.

        1992 жылдың орта кезеңінде Қазақстан  Ресбуликасының 35 акционерлік қоғамы 76 салааралық қоғамдастық, 30 концерндермен  концорциум, 120 коммерциялық банктер  60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды 2аудиторлық орталық, 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 200 түрлі банктер бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388 кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39 шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы құрылды.

       Сонымен жекешелндіру нарықтық  экономикаға өтудің алғышарттарын  жасай отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды,  саудада да, қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б. 
 
 
 

     1.2. Қазақстан Республикасында орта  және шағын кәсіпкерлік            субъектілерінің даму тенденциялары. 

        Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес күтілген нәтиже: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15ө дейін, ал субъектілердің жалпы саны 500 мыңға дейін, шағын бизнес  саласында жұмыспен қамтылғандардың 2млн адамға дейін артуы керек болатын. Табиғи монополияларды реттеу бәсекекелестікті  қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша 2002 жылдың соңында елімізде 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет жасап, онда 1,4 млн адам еңбек еткен. Бұл республикадағы еңбекпен айналасындағылар 23 ө  2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы республика бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12 ө онда жұмыспен қамтылғандардың саны 13ө артқан.

       Жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту  аймақтық  экономиканы көтерудегі  маңызы зор.Кәсіпкерліктің  салыстырмалы  түрде жан- жақты дамыған   орталықтарының  бірі Алматы  облысы болып табылады. Енді, Алматы  – облысы бойынша кәсіпкерліктің даму деңгейін деңгейін келесі мәліметтерден көруге болады

                                                                                                          
 
 
 
 
 
 

        Кесте 1

     Алматы  облысының шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы мәлімет (бірлік)

     
     Жылдар       2000 ж      2001 ж      2002ж      2003ж      2004ж
     Шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің саны      17587      18317      18808      34568      56961
     Оның ішінде, өндірісте      297      430      442      618      785

     Алматы  облыстық кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдану  жөнінде комитетінің мәліметтері.

       Осы кестеде келтірілген мәліметтерден  байқалғандай, талдауға алынған  2000-2004 жылдары шағын бизнестің  қалыпты дамуы деңгейі байқалады.  Бұл ең алдымен аталған жылдары  макроэкономикалық тұрақтану тенденциясының  сақталуы мен мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің дамуына басым көңіл бөлуінің нәтижесі. 2003 жылы 2000 жылмен салытырғанда шағын бизнес субъектілерінің саны мен өндірістегі кәсіпкерлер санының  сәйкесінше 1,9 және 2,1 есеге артуына, әсіресе, 1997 жылдан бастап мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейтуі оң ықпал етті.

        Алматы облысындағы шағын және  орта кәсіпкерліктің даму барысын  жіктеп қарастырсақ, ол мына  төмендегі мәліметтерге келтіріледі.

       Алматы облысы бойынша 2000 жылы 17587 шағын кәсіпкерлік субъектілерітіркеліп, 15685-і немесе 89,1ө жұмыс істесе, 2001 жылы тіркелген 18317 субъектісінің 16136-сы немесе 88ө қызмет жасаған.  2002 жылы 18808 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 16937-і немесе 90ө жұмыс жасаған. Жалпы, 2002 жылы 2000 жылға қарағанда жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,17 есе артқан.

         1-кестеде келтірілген мәліметтерден  байқалып отырғанындай, облыс бойынша  шағын және орта бизнестің  дамуының   дамуының әртүрлі  даму тенденциясы сақталуда.

        Өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысында салық, несие тәрізді мәселелермен қатар, олар өндірген өнімнің өзіндік құнының жоғарылылығы мен сапасының нашарлылығына  сұраныстың  төмендегі, қаражат пен шикізаттың тапшылығы, ішкі нарықтық импорт тауарлардан қорғалмауы, өндіріс орындарындағы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының төмендегі мен бұл салаға инвестиция тартуға деген бастаманың әлсіздігі сияқты мәселелер өз әсерін тигізіп отыр.                                                                                                  

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Кесте 2.

     Алматы  облысы бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын  тұлғалардың ішіндегі нақты салық төлеуге  тартылғандар туралы мәлімет, 2001-2003жж.

     
                Саны              2001ж            2002 ж             2003 ж
     Адам       Үлесі ө      Адам      Үлесі ө      Адам      Үлесі ө
           А      1      2      3      4      5      6
     Барлығы, соның ішінде      12509      100      11943      100      15555      100
     А) патент негізінде      9324      74,5      8934      74,8      11933      76,5
     В) тіркеу куәлігі    бойынша      3185      25,5      3009      25,2      3622      22,5
                                                

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыт