Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 10:43, курсовая работа

Описание

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады.

Содержание

Кіріспе

I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2


1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _

II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.

2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.

2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.

II.Қорытынды.

III. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Шағын және орта кәсіпкерлік курс реф каз.doc

— 146.50 Кб (Скачать документ)

    "Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      Қор қызметінің негізгі мақсаты - өз қаржы  қаражатын және мемлекеттің шағын  кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.

      Қордың  барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар. Қордың несие портфелі өз қаражаты, республикалық  бюджет қаражаты және Еуропа Қайта  Құру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. Теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.

      Қордың  қаражаты шағын кәсіпкерліктің қалыптасу  процесінде оң рөл атқарды, бірақ  соңғы қарыз алушы үщін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.

      Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі  уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша  қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.

      Берілген  қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39 % , ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5 % , қызметтер мен көлік саласына – 23 % келеді.

      Қордың  шағын кәсіпкерлік субъектілерін  қаржылай қолдауы республиканың  барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс  орнын құруға мүмкіндік берді.

      Қордың  проблемалары: бұл – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімдімсіздігі.

      Микрокредиттік  және микроқаржы ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып  табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихтың, рентабелді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталды, гранттары мен бағдар-ламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микрқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда шығын көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендеті үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын кәсіпкерлікті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық  тізілім мәліметтері бойынша  микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7 % (72 бірлік) құрайды, уақытша бостары 10,2 % (18 бірлік), бір ұйым тарау процесінде, қалғандары қалыптасу сатысында.

      Микрокредиттік  және микроқаржы ұйымдарының проблемалары – осы уақытқа дейін микрокредит беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті инвесторлар үшін микрокредиттік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшін аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы.

      Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:  
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.5.Шағын және орта кәсіпкерліктің проблемалары мен оларды шешу жолдары. 

     Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер  үшін шағын және орта кәсіпкерлік  негізгі тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 60-70%-ын құрайды. Жалпы жұмысшылардың 75-80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары құрайды. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі

дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.

         Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпыхалықтық меншіктің стереотипін бұзып, құлатып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, үлкен мәселені шешу керек еді. Қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік кәсіпкерлік жетістіктер мен экономикалық жетістіктердің айғағы болатындығы жайлы жаңа көзқарасты бекіту керек еді.

         Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.

         Бүгінде Қазақстандағы экономикалық өзгерістер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсіпкерлік саласында да қалыптасқан. Мысалы: қолданыстағы құқық жүйесінде «де юре» әрекет етуін жалғастырып жатыр, кейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерге қайшы келетін, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнін жоғалтып, ескірген кіші заңи кесімдер бар.

        Жоғарыда аталғандар, уәкілетті органдар тарапынан өздерінің нормативтік құқықтық кесімдеріне және басқа да мемлекеттік органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесімдеріне тұрақты мониторинг жүргізбегендіктен.

         2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Үкімет қаулылары, оның ішінде жою және өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қолданыста деп есептеледі. Үкіметтің қолданыстағы қаулылырының 420-сы дербес нормативтік құқық кесімдер тікелей кәсіпкерлік қызметті реттейді.

        Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 357 қаулысының күші жойылды деп танылды.

        Бір жағынан қолданыстағы заңнама жүйесінен заңсыз кесімдерді «болдырмауды» қамтамасыз ететін тетіктері жоқ.

        Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімді қабылдау қажеттігін негіздеу кезінде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсіпкерліктің жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудің одан әрі тиімділігі жүзеге асырылмайды.

       Бұдан басқа, қазіргі уақытта нормативтік құқықтық кесімдер әрекетінің одан әрі нәтижелілігін қадағалап отыру тетігі мүлдем дерлік жоқ, мұндай нәтижеліліктің көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалмаған.

     Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:

               - Тіркеу және қайта тіркеу;

               - Әрекет етуі және дамуы;

               - Тарату.

       Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген  проблемелар кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.

          Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.

     Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға  көңіл аударайық:

     1. Шағын бизнес субъектілері үшін  салық ставкаларының дифференциациясын  қарап, олар өндіретін өнімдер  мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе  оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.

     2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек  ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы  мәнін арттыра отырып, табыс салығының  сомасын азайту бойынша есептесуге  қабылдайтын әрбір жалдамалы  қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.

     3. Әрбір жалдамалы қызметшіден  1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген  табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын төмендету.

     4. Индустриалды-инновациялық стратегияны  жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.

     Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі  кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.

     Шағын және орта кәсіпкерліктің басты проблемасы – ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын және орта кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын және орта кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмады.Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.

     Шағын және орта кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез саналатын сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөңдеу, тағы басқа салаларда орын алып отыр.

     Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері мынандай заң актілерімен реттеледі: "Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", "Лицензиялау туралы", "Банкроттық туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы", "Шағын және орта кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" арнаулы заң керек.

     Шағын және орта кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олар:

  • Шағын және орта кәсіпорындардың негізгі проблемасы – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және финанстық.
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің іс-әрекетін  терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
  • Басты проблеманың бірі – ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту керек.
  • Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолдануы тиіс.

     ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтік  өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру»  үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық процесстерге қатысты.

     Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік  аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні