Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:26, реферат
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Жәрдем ақша- тауар өндірушілерге, олардың тауарларына бағаны тұрақтандыру, немесе оларды жұтатын кететін жағдайдан аман сақтау үшін берілетін мемлекеттік қайтарылмайтын жәрдем.
Адамзаттың тарихи тәжірибесі ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде ұстау үшін ерекше әдіс ойлап шығаруға мәжбүр болды- бұл таза нарықты тетіктер. Оларға алдымен биржалық сауда жатады.
Бірақ биржалық тетіктердің саудасы көпестер мен тауарлар келісімдеріне де бейімделген. Тауарлар биржасында тек үлкен көлемде және кқп уақыт сақталатын талапқа сай сапасы бар тауар сатылады. Бұл талаптарға шикізат жатады, ал ол шикізаттар ауыл шаруашылығында өндіріледі. Мысалы: астық, ет, мақта, табиғи кауччук.
Қазіргі дамыған елдерде 50-ден артық ірі тауар биржалары бар. Оларда тауарлардың 160 түрі сатылады. Бұл көтерме сауда арқылы жылына 100 трлн. доллардың саудасы жүреді, яғни бұл елдердің өндірген өнімдерінің төрттен бірі.
Көтерме сауда- тауарларды үлкен партияларымен сатудағы келісім , мұнда сатып алушы көтерме сауда фирмасы болып табылады, ол бөлшек сауда бағасымен дүкендерді немесе өндірістік фирмаларды тауарлармен қамтамасыз етеді.
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.
Кейбір
кәсіпкерлер бизнес
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік
салық саясатында ауыл шауашылығына
қатысты жеңілдікпен салық салу
арқылы олардың ынталандырушы
Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері туралы тоқталып кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан 500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады. Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола алады.
Ресей,
Өзбекстандағыдай өнім арқылы
лизингтік несиемен есеп
Айта
кету керек, лизинг
Өкімет басшылығымен құрылған компания қызметі – Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.
Мақсаттары:
- лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;
- өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;
- ел
экономикасына сыртқы және
Міндеттері:
- инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру;
- Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;
- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.
«ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:
- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары
- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін
- Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу; т.б
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.
Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары.
Қазіргі
уақытқа дейін осы нарықтарға
Қазақстан астығын тасымалдау
Ресей, Өзбекстан және
Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу
нарықтарына отандық астықты жеткізу
және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында
орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын,
Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық
баламалы бағытты дамыту туралы шешім
қабылданды.
Айтылмыш
бағытта өткен жылдан бастап
Ақтау портында астық
Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы
экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту
мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад
(Иран) порттарында астық терминалдарының
құрылысы бойынша қосымша жобалар іске
асырылуда.
Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің
ең қысқа жолы - Қара теңіз (Украина) порттарының
бірінен астық терминалын сатып алу жобасын
іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске
асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін
өздерінің әлемдік астық нарығындағы
қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын
қамтамасыз етеді. Одан басқа, халықаралық
талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы
бар қазіргі заманға сай бордақылау алаңдарын
ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру
жоспарлануда. Бұл отандық еттің бәсекеге
қабілеттілігін және сапасын арттырады,
ет өнімдерінің экспорттық көлемін елеулі
түрде өсіреді және етті өткізудің «жайылымнан
дастархан басына» кепілдендірген жүйесін
бір ретке келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға
берілген.Мақтаны қайта өңдеу саласын
дамыту үшін мақталықтың сортты тұқымдық
материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының
жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоспардың
ТЭН әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды
жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар, «Алатау Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк» АҚ компаниясының тобы «Meridian Capital» ЖШС сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша серпінді жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жобаны іске асыру орны - Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, мегаферманың болжаулы қуаттылығы – 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдерін, 15 мыңға жуық ірі қара мүйізді мал басын өндіру. Жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау аяқталды, жеке қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, азықтық дақылдардың күздік егістігі жүзеге асырылды, мегаферманың қажетті инфрақұрылымының құрылысы үшін жер белгіленді. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы лизингке малдар, жабдықтар және арнаулы техникалар, сонымен қатар өзінің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өндіріс қуатының құрылысына несиелік қарыз берумен болжанады. «Meridian Capital» ЖШС қаржыландыруға өзінің өтінімдерін қалыптастыруды жүзеге асырып жатыр. Жобаның операторларын мемлекеттік қолдау көрсету шаралары – жеңілдік және субсидия беру мәселесі ынталандырады.
«Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды.
«Қазақстанның
астық өңдеушілер және
Информация о работе Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы