Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:26, реферат

Описание

Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.

Содержание

Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Ауыл ш өнерк кшен.doc

— 105.50 Кб (Скачать документ)

«Raimbek»  компаниясының тобы жеміс-жидек, сүт  пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары). Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда 3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында 2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын құру, олардың екеуі - Алматы облысында, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы, құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен болжанады. Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына 2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру. Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы тобының арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған айналым қаржыларын толықтыруға несие желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3 зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Соған сәйкес жалпы АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.

                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

           Қорытындылай келе, қазіргі ауыл  шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес.

           Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім.

           Екінші бөлімде агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығын  құру үшін   мемлекеттік  тапсырыстың  міндеттілігін  жою ,оның орнына  экономикалық  жағынан  дербес  тауар  өндірушілер  құрамын  жасақтау, нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру,тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым.

           Ал үшінші бөлімде қарастырылған мәселелердің бірі – бұл мемлекетіміздің ДСҰ-ға кіру карсаңында ауыл шаруашылығын барынша әлемдік стандарттаға сәйкестендіру.Сонымен қатар , ол ұйымға кірудегі оң және теріс жақтарын айтып кеттім.Бұл бөлімде мәнжазбаның басты мәселесі – ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын айта кеттім.          

          Биологиялық ресурстарымыз ауылда, минералды ресурстарымыз ауылда, моральдық ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк ауылда емес,элита ауылда емес.Соңғы үшеуінің ауылға келген жағдайда ғана – ауыл   гүлденеді, көркейеді, өркендейді..........

        Сонымен, мәнжазбаның барысында алынған нәтижелер төмендегі мына қорытынды ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді:

     - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын реформалаудың тарихы егемендік қарсаңындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі оқиғалардың нәтижесімен анықталады. Өйткені еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі түрлі өзгерістер өндірістік қатынастарды мүлдем жаңа сипатта қалыптастырды.

   

                            

  Қолданылған әдебиеттер:

1.Қ.К.Кеулімжаев,З.Н.Әжібаева,Н.А.Құдайбергенова,А.Ә.Жантаева Қаржылық есеп оқу құралы, Алматы Экономика 2001

2.Тоқсанбай  С.Р.Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.

3.С.С.Сатыбалдин.Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау. Алматы, 1989.

4.Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары:

5.Аграрлық реформалауды жүргізудің экономикалық механизмінің   теориялық негіздері. «Алаш Орда 90-жыл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы