Қазақстан республикасының ДСҰ-на енуінің экономикалық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 14:19, доклад

Описание

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады. Мақала деректері барысында мамандардың осы тақырып төңірегіндегі пікірлері, ірі-ірі статистикалық мәліметтер орталығының мағлұматтары, еліміздің мерзімді ақпараттық-сараптамалық басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Работа состоит из  1 файл

научная статья 1.docx

— 46.11 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасының  ДСҰ-на енуінің экономикалық салдары.

 

 

Автор                                                                         Ғылыми жетекші

Оспанкулова Ж.Б.                                                                       Болыспаев Ш.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,                                                    PhD докторанты 

ЭжБЖМ,                                                                                      әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

экономика,                                                                                  ЭжБЖМ,

2 курс студенті.                                                                          Экономика кафедрасы

 

 

 

Аннотация

Әлемдік экономика  мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық  болуын талап етеді. Әрине бұл  бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың  көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады. Мақала деректері барысында  мамандардың осы тақырып төңірегіндегі  пікірлері, ірі-ірі статистикалық  мәліметтер орталығының мағлұматтары, еліміздің мерзімді ақпараттық-сараптамалық басылымдардағы мақалалар қолданылды.

 

 

Кілтті  сөздер: ДСҰ, Қазақстан, артықшылықтар, кемшіліктер, дүниежүзілік нарық, экспорт.

   

 

 

Кез келген мемлекет үшін халықаралық беделін көтеру, имиджін жақсарту, экономикасының бәсекелестік деңгейін арттыру  басты мақсаттарының бірі болып табылады.  Оған жетудің ең тиімді жолы мемлекетаралық интеграциялық ұйымдарға мүше болу. Қазіргі таңдағы ең беделді ұйымдардың бірі болып Дүниежүзілік сауда ұйымы саналады. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - елдер арасындағы сауда ережелерін бекітетін жалғыз орган. Осы ережелердің негізгі мақсаты - ұйымға мүше елдердің ашық және либералды сауда саясатын жүргізуін қолдау. ДСҰ-ға мүшелік болу ел үшін халқының әл-ауқатын жоғарлатуға , бұл өмір деңгейін жоғарлатуға, толық қамтылуға қол жеткізуге, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарлауы және үнемі өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДСҰ шеңберінде бірнеше мүмкіндіктерге жол ашылады. Біріншіден, сауда дауларды конструктивті шешу. Бүкіл әлем бойынша сауда көлемін, сонымен қатар елдер санын және сауда компанияларын көбейтуге байланысты сауда даулардың пайда болу мүмкіндігі де көбейіп жатыр. Бұл контексте ДСҰ жүйесі пайда болған дауларды конструктивті және татулықпен шешуге көмектеседі. Екіншіден, ойын ережелерінің анықтығы. ДСҰ шеңберінде артықшылықтардың бірі ДСҰ қатысушы-мемлекеттер арасында келіссөздердің барысын жеңілдететін уақытпен тексерілген және тәжірибеде жүзеге асырылған ойынның белгіленген ережелері болып табылады. Үшіншіден, бағаларды қысқарту. Сауда саясатын ырықтандыру және протекционистік кедергілерді қысқарту нәтижесінде тауарлардың еркін саудасы тауарды импорттауды маңызды көбейтеді, бірақ ең бастысы импортталатын тауарларға бағаларды төмендетуде қолдау көрсетеді. Сүйтіп, еркін сауданың бүкіл әлем бойынша  тұтынушылардың шығындарын қысқартуға күші бар. Төртіншіден, жаңа технологиялардың келуі. Импорттың көлемін көбейту жаңа техника мен технологияның келуін қамтамасыз етеді. Бесіншіден, жай қажетті ғана емес, сонымен қатар тілеген өнімді таңдау мүмкіндігі. Барлық тауарлар мен қызметтерді импорттау мүмкіндігі тұтынушыларға жай ғана қажетті өнімді таңдауға емес, сонымен қатар тілеген және тұтынушылардың ұнатуын және сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын өнімдерді таңдауға мүмкіндік береді. Алтыншыдан, экономиканы ынталандыру. Импорттың көлемін көбейту тек қана жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз етуге және тауарлар мен қызметтерді таңдауға мүмкіндік бермей, сонымен қатар өндірісті дамытуға және қайта жабдықтауға отандық өндірісті ынталандырады және осылайша, өзінің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және өндірістік қатынастағы мәдениеттің деңгейін жоғарлатады. Жетіншіден, өндірістің өсуі. Өндірістің өсуі негізінен бәсекеге қабілетті салаларда: энергетика, шикізат және қайта өндеу салалары. Сегізіншіден, отандық өндірісті демпингке қарсы және квоталық шектеулерден қорғау. ДСҰ шеңберінде демпингке қарсы шараларын және квоталық шектеуліктерді алып тастау арқылы отандық өндіріске қолайлы жағдайларды құру нақты мүмкіндігі болып табылады. Тоғызыншыдан, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту. ДСҰ шеңберінде біріккен кәсіпорындарды құру, біріккен зерттеулерді өткізу, зияткерлік меншіктің объектілерін басқа мемлекеттерімен алмастыру мүмкіндігі аса пайда болады. Оныншыдан, іскерлік белсенділікті жоғарлату. ДСҰ шеңберінде қосымша инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайда болады. Бұдан басқа, батыс қаржы корпорациялардың келуі арзын және ұзақ несиелерді алу көздерін ашады. Қазақстан үшін де осы мүмкіндіктерге қол жеткізу маңызды болып табылады.

ДСҰ-на ену өзекті болуының бірнеше объективті себептері бар. Ұйымға ену қазақстандық тауарлар мен қызметер үшін ДСҰ елдері нарығында ең қолайлы жағдай туғызу тәртіптемесін (Режим наибольшего благоприятствования) қамтамасыз етеді[1], тауарларды экспорттауда сол елдердің ішінде қолданылатын тарифтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең қолайлы жағдай туғызу тәртіптемесі – барлық сауда серіктестерімен теңдәрежелі қатынастар. ДСҰ келісімдеріне сәйкес мемлекет өздерінің сауда серіктестеріне қатысты әртүрлі ережелер орната алмайды. Егер кез  келген бір мемелекетке ерекше жеңілдік берілсе (мысалы, қандай да бір тауарға төмен баж), онда басқа елдерге де дәл сондай жеңілдіктер  берілуі тиіс. Жалпы ең қолайлы жағдай туғызу тәртіптемесі  нақты бір елмен ерекше қатынасты білдіреді, бірақ ДСҰ-да бұл терминмен керісінше іс жүзінде дискриминациялық шаралардың мүлдем болмауын, барлық мүше елдермен теңқұқықты қатынасты белгілейді.

 Ұйымға ену қажеттілігі мен өзектілігінің тағы бір себебі: Кеден одағы бойынша серіктес мемлекет, Ресейдің, оған енуі. Бүгінгі таңда Ресей – Қазақстанның басты сауда-саттық жасайтын әрі ДСҰ-ға дейінгі «Кеден одағы» аталатын ықпалдастық босағасын бірге құрған әріптесі.  Дүниежүзілік сауда алпауытының қыспағында тұрған Қазақстанға барынша халықаралық деңгейде реттелген, нақты тәртіпке сүйенетін сауда кеңістігі аса керекті. Cтатистика бойынша еліміздің сауда айналымының 90%-дан астамы ДСҰ-ға мүше елдермен арада болып отыр.

 

1-кесте. Тауар айналымы көлемі бойынша Қазақстанмен серіктес елдер (2012 жыл ақпан-сәуір)

   Мемлекет

айналым соммасы(мың АҚШ  доллар)

жалпы көлемдегі үлесі

ҚХР

7 056 170,4

16,8

РФ

6 845 066,3

16,3

Италия

5 659 168,8

13,5

Нидерланды

2 673 072,7

6,4

Франция

2 406 249,0

5,7

Украина

1 779 769,0

4,2

Швейцария

1 616 615,4

3,9

Турция

1 374 125,9

3,3

Австрия

1 343 344,7

3,2

Канада

1 006 981,5

2,4

Германия

993 150,9

2,4

Кесте [2] әдебиет бойынша жасалған.


 

Сонымен қатар, шикізаттық емес секторды өркендету үшін шетелдік инвестиция Қазақстанға өте қажет. Ал ДСҰ-ны жақтаушы сарапшылардың ең басты көзірі де осы – шикізаттық емес секторға тартылатын шеттелдік инвестиция. Сондықтан да, олар Қазақстанның дәп осы ДСҰ табалдырығын аттаған соң сыртқы қаржыландырудың ағылатынын алға тартады. Осы күнге дейін тартылған тікелей инвестициялардың жартысынан астамы ДСҰ елдеріне тиесілі.

 

2-кесте. Инвестиция көлемі бойынша Қазақстанмен серіктес елдер (2012 жыл ақпан-сәуір)

 

   Мемлекет

айналым соммасы(мың АҚШ  доллар)

жалпы көлемдегі үлесі

Нидерланды

11 133,3

15,5

РФ

10 982,9

15,3

Ұлыбритания

7 037,3

9,8

Швейцария

5 583,1

7,8

ҚХР

5 275,6

7,3

АҚШ

3 106,2

4,3

Германия 

2 066,0

2,9

Франция

2 005,8

2,8

Виргин аралдары

1 922,2

2,7

Канада

814,1

1,1

Украина

774,3

1,1

Кесте [2] әдебиет бойынша жасалған.


 

ҚР-ның ДСҰ-на енудің артықшылықтары мен кемшіліктері

 

 ДСҰ на енудің оң да, теріс те жақтары бар. Бір жағынан мүше елдердің кәсіпорындарына арзан импорттық шикізатқа,ал халыққа арзанырақ тауар мен қызметтерге қол жеткізуге жол ашылады. Бірақ екінші жағынан жалпы алғанда экономика ұтысқа ие болса да, жеке алынған салалар зардап шегуі мүмкін, ал оның көлемі өте ірі болады деп болжануда. Сондықтан Қазақстанның ДСҰ на енуін плюс және минус жақтарынан қарастыруың мәні бар. 

 

3-кесте. ДСҰ-на енудің артықшылықтары

 

1.

Кішігірім ішкі нарығы бар  және кеңейтілген дүниежүзілік нарыққа  шығуды көздейтін Қазақстан үшін ашық сауда саясаты қажетті. ВТО  ның шарттары Қазақстанға ішкі тиімді мүмкіндіктерін пайдалана отырып сауда  серіктестерімен жарыста өзінің бәсекелестікке қабілетін көрсетуге  мүмкіндік береді.

2.

Қазақстан өзінің дамуына  септігін тигізетін дүниежүзілік шаруашылыққа  және дүниежүзілік құрылымға интеграцияланған ашық нарықты ел болып танылады.

3.

Қазақстан өзінің дамуына  септігін тигізетін дүниежүзілік шаруашылыққа  және дүниежүзілік құрылымға интеграцияланған ашық нарықты ел болып танылады.

4.

Автоматты түрде ең қолайлы жағдай туғызу тәртіптемесін (Режим наибольшего благоприятствования) алады.

5.

Қазақстан сонымен қатар  қосымша тиімді транзит жолдарына  шыға алады. Әсіресе бұл отандық  өңдеуші саларының тауарларын сыртқы саудаға шығаруда өте маңызды. Шалғайдағы нарыққа шығуға мүмкіндік туады.

6.

Қысқа және орта мерзімді песпективада Қазақстанның ДСҰ на енуі өңдеуші  өнеркәсіп пен жоғары технологиялық  өндіріске инвестиция тартуда маңызды.

7.

ДСҰ ның сауда дауларын шешуге байланысты режимі Қазақстан  үшін үлкен мәнділікке ие. Әсіресе  ДСҰ шеңберінде экспорттық тауарларға қатысты қолданылатын антидемпингтік қараушылықта және сауда саяси дауларды әділетті негізде шешуге, өз мүддесін қорғап қалуға мүмкіндік береді.

8.

Ішкі нарықта озық технология, тауар, қызметтердің және инвестициялардың қатысуын кеңейте отырып, халықаралық  стандарттарды енгізу нәтижесінде  ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жағдай жасалынады.

9.

Импорттың кеңеюіне байланысты тұтынушы төмен бағамен тауарлардың  үлкен ассортиментінен таңдау жасай  алады.

10.

ДСҰ на еніп, ұлттық мүдделерді ескере отырып дүниежүзілік сауданы  реттеуші нормалар мен ережелерді қалыптастыру процесіне қатысуға қол жеткізуге  болады.


 

 

Кейбір тәуелсіз сарапшылар ойынша Қазақстанның бұл қадамы асығыс жасалынған және түбегейлі өзгерістерге әкеледі. Шағын және орта бизнес өкілдері ешқандай кеден салығынсыз еркін түрде қазақстандық нарыққа енетін шетел өндірушілерімен бәсекелеске шешыдамай банкротқа ұшырайды. Сонымен қатар арзан импорттық ауылшаруашылығы өнімдеріне нарықтың ашылуы мемлекеттік субсидиялар есебінен дамып отырған отандық фермерлердің жағдайын ауырлатады. Тіпті ауыл шаруашылық саласы мүлдем жойылуы мүмкін, оның салдарынан ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендейді. Тұтынушылар импорттық тауарлар ағылуына қуанышты  болуы керек сияқты, себебі бағалар төмендейді, ассортимент кеңейеді. Алайда халықтың бұл тауарларға қолдары да жетпеуі мүмкін. Себебі жаңа шарттарда табыс таба ала алғандар ғана тауарлардың қызығын көре алады. Бүгінгі таңда халықтың төрттен бір бөлігіне жуығы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Ал олардың көбісі тәжірибе көрсеткендей ДСҰ-на кірген соң банкротқа ұшырайды. Қалған бөлігіне жаңа технологияларды меңгеруге тура келеді. Яғна квалификациясы төмен, сәйкес келмейтін жұмысшылар жұмыс орнын босатуға тура келеді. Енді жаңа проблема жұмыссыздықтың өсуі туындайды. Оны шешу тағы да мемлекет мойнына ілінеді. Сондықтан ДСҰ- на толық енбей тұрғанда потенциалды босайтын жұмыс күшін қайта бөлу бойынша арнайы бағдарламмалар енгізіп, шетелдік өндірушілер экспансиясынан қорғауды талап ететін өнімдерге мүмкіндігінше жоғары тарифтерді орнату бойынша келісімдер жүргізуге аса назар бөлу. Кері жағдайда халықтың жаппай бой көтеруі мүмкін.

 

4-кесте. ДСҰ-на ену кемшіліктері

 

1.

Қазақстанда темір жол  мен автомобиль жолдары дамымаған. Салыстырып қарасақ, Европада 1 шаршы  шақырымға 500 метр автомобиль және темір  жолы келетін болса, Қазақстанда  ол 1 шаршы шақырымға шаққанда небары 38 метрді құрайды. Осының әсерінен Қазақстанда  өндірілетін өнімнің өзіндік  құны бірнеше есе өседі. [3]

2.

Қазақстанның ауыл шаруашылығына  бөлетін субсидиясының көлемі 1 гектарға шаққанда 52-56 АҚШ долларын құраса, ЕвроОдақ елдерінде бұл көрсеткіш 1 гектарға 581 АҚШ долларына дейін жетеді. [3]

3.

Қазақстан өзінің мұнай өңдеу  зауыттарын жаңартпайынша және жаңадан  бірнешеуін салмайынша, жанар-жағармай бағасы арзандайды деп үміттенуге болмайды. Жаңа зауыттар салынып, олар өз шикізатымызды  өңдеуі тиіс. Бірқатар нысандарды көгілдір отын пайдалануға көшіру үшін елімізге газ өңдейтін зауыттар салу қажет. Отандық  мұнай өңдеу зауыттары, мысалы, Павлодар мұнай өңдеу зауыты Батыс Сібір  мұнайына, ал Шымкент мұнай өңдеу  зауыты 25-30 пайызға Ресей мұнайына тәуелді.

4.

Жалпы, ДСҰ қандай да бір тауар  шығаратын елдер үшін тиімді. Шикізат  өндірісімен ғана отырған Қазақстанға  тұтынушылар колониясына айналып  кету қаупі бар. Бағаның түскені қарапайым халық үшін жақсы болғанмен, мемлекет мүддесі үшін тиімсіз, өйткені, шикізат сатқаннан түскен ақшаға импорт сатып алынады. Сондықтан Қазақстан үшін бірқатар қауіп-қатер бар. Мысалы, ДСҰ-ға мүше кейбір елдер валюта құнын қолдан түсіріп, бәсеке жоқ орта туғызу үшін өз өндірушілерін ынталандырып отырады. Ал кейбірі өз экспорттаушыларының бәсекелестігін арттыру үшін сол елдегі ұлттық валюта бағамын түсіруге тырысады. Қазақстан да осы мәселемен бетпе-бет келуі мүмкін. Сол кезде Ұлттық Банк ұлттық валютаның әлсіреуіне қарсы әрекет етуге мәжбүр болады. Бұл девальвация проблемасына әкеледі.

5.

Кеден одағы мен ДСҰ бір-біріне қарама-қайшылығы. Егер Кеден одағы  кодексі аясында ішкі нарықты  қорғауды көздейтін ережелер болса, ДСҰ-ның басты бағыты — қаржы  мен тауар және жұмысшы күші үшін барлық кедергілерді жою. Оның ішінде кедендік кедергілер де бар. Сонымен  қатар ДСҰ на енудің шарттарының  бірі өзіне ұқсас ұйымдарға мүшелік  болмау. ДСҰ на енген соң Кеден  одағы тек формальді ұйымға айналуы  мүмкін.


Жалпы ДСҰ на ену немесе енбеу  туралы және оның салдары туралы тек  болжап қана айтуға болады. Ал нақты  нәтижелерді тек енген соң  ғана бағалауға мүмкіндік туады. Себебі аналитикалық ақпарат алу мүмкіндігі шектеулі, тек басқа елдердің мысалдарының негізінде ғана салыстыру жүргізуге болады. Сол елдердің қателіктерін ескеріп, болашақ қадамдарға болжам жасауға болады. Мысал ретінде көршілес жатқан Қырғызстанды алуға болады. Қырғызтан ДСҰ-на рекордты екі жарым жыл ішінде 1998 жылы енді. Бір шетінен ұйымға кіру экономикалық реформалар жасауға мүмкіндік береді, кадрлерді дайындауға қолайлы жағдай ұсынады дегенімен, Қырғызстандағы көптеген реформаларды сәтті жүзеге асқан деп айту қиын. Мысалға Дүниежүзілік банктің жыл сайын өткізетін «Doing Business» рейтинг бойынша алып қарағанда, халықаралық сауда рейтингі бойынша Қырғызстан 183 елдің ішінде 156 орын алып отыр. Қазақстанмен салыстырғанда жағдайы жақсы , Қазақстан 183 елдің ішінде 178 орынға бекінген болатын. [4] Бірақ дүниежүзілік сауда ұйымына кірген бір елдің халықаралық сауда рейтингінде біраз жоғары орындарда, тым болмағанда орталарға қарай орналасуы керек еді. Мысалға Қырғызстаннан сыртқа тауар экспорттау үшін 63 күн (Дамыған елдерде бұл үшін 10 күн керек) уақыт қажет екен. Ал импорт үшін 72 күн (дамыған елдерде бұл үшін 11 күн қажет). ДСҰ на кірмей тұрып экономиканың негізгі секторлары ауыл шаруашылығы мен өндіріс болды. Мүше ел қатарына қосылған соң қызмет көрсету саласы қарқынды дами бастады. 1998-2011 жылдары ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық үлесі 2 есе қысқарса, қызмет көрсету 1,5 есе өсті. Осы сектор әсерінен ЖІӨ-нің тұрақты болмаса да өсуі байқалады. [5]

 

1-сурет.  Қырғызстанның ЖІӨ-і мен кедейшілік деңгейі


 

  5-кесте. ДСҰ-на кіргеннен кейінгі Қырғызстан проблемалары

1.

Инфляция деңгейі 2001-2007 жылдары  тұрақты болса, 2007 жылы 20.1%, 2008 жылы 24.5%-ға дейін өсті. Осы уақытта ақша-несие  және фискалды саясат инфляцияны төмендетуге  бағытталған болды. 2011 жылы инфляция қарқыны әлі де болса жоғары болды(16,6%). [5]

2.

Қырғызстанның ДСҰ-на енуі және тарифтик саясатын өзгертуі алғашқы жылдары салықтық кірістердің төмендеуіне әкелді. Енуге дейін орташа кедендік тариф 5.7% болса, енгеннен кейін 10.56%, бірақ  2001-2011 жж - 5.0-5.2%. Осы уақытқа дейін тарифтер мен салықтардың төмендеуі тауарайналымы жоғарылауымен компенсациялануда. [5]

3.

2005 жыл басында Қырғыстан  Ұлттық статистика комитеті мәліметтері  бойынша 203 өндірістік орын жұмысын  тоқтатты, бұл барлық кәсіпорындардың  33%-ы. Құрылысқа инвестиция көлемі 17,8%-ға төмендеді.

4.

Георграфиялық орналасу ерекшеліктеріне  байланысты, потенциалды нарықтардан  алшақ орналасуы, транспорт жүйесінің  нашар дамуы кейбір тауарлардың  қымбат бағамен жетуі немесе мүлдем жетпеу проблемасы бар. Қазақстан да осындай мәселеге ұшырауы мүмкін.

5.

Ескі құралдармен және шығыны көп технологиямен өндірілетін  тауардалдың төмен сапасы. Мемлекет жергілікті бизнесті қолдау үшін тиісті климат жасай алмады.

6.

Тұрақсыздық, құқықтардың  қорғалмауынан, инфрақұрылымның дамымауы инвесторларды тартуда қиындық туғызуда.

Информация о работе Қазақстан республикасының ДСҰ-на енуінің экономикалық салдары