Қазақстан республикасының ДСҰ-на енуінің экономикалық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 14:19, доклад

Описание

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады. Мақала деректері барысында мамандардың осы тақырып төңірегіндегі пікірлері, ірі-ірі статистикалық мәліметтер орталығының мағлұматтары, еліміздің мерзімді ақпараттық-сараптамалық басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Работа состоит из  1 файл

научная статья 1.docx

— 46.11 Кб (Скачать документ)

 

6-кесте.  Қырғызстанның ДСҰ на мүше болудан қол жеткізген негізгі пайдасы.

1.

Қырғызстандық тауарлардың ең қолайлы жағдай туғызу тәріптемесіне ие болуынан тауар айналымы көлемі 2003 жылы  1,4 млрд. доллардан 2010 жылы 5 млрд. долларға дйін өсті, яғни 3,5 есе. Импорт 3,7 есе, экспорт 3,3 есе өсті.

2.

Пайда болған «Дордой» мен  «Қарасу» сауда орындары Дүниежүзілік Банк мәліметтері бойынша 2008 жылы 3,5 млрд. долларды құрады. Реэкспорт көлемі сәйкесінше 75% және 85%. Осы базарларда 500 мың адам жұмыс істейді немесе еңбекке жарамды халықтың 20%-ы. [6]

3.

Тура инвестициялар көлемі 2010 жылы 234 млн. долларды құрайды, 1999 жылмен салыстырғанда 5 есе өсті. [6]

4.

Импорт құрылымында 60%-ын өндірістік мақсатта қажетті аралық және инвестициялық тауардар құрайды. Бұл қырғызстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін төмен тарифтік мөлшерлемелердің маңыздылығын тағы да айқындай түседі. Мәселен, тігін  саласының жылдам дамуының басты  себептерінің бірі Қытай, Түркия, басқа  елдерден арзан маталарды төмен  тарифтермен импорттау болып  табылады. Тігін өнімінің өзіндік  құнында мата 50%–ын алады.

5.

Жан басына жаққанда ЖІӨ  көлемі 1998 жылғы 355,3 АҚШ долларынан 2012 жылы 1 296 АҚШ долларына дейін  өсті. Нәтижесінде кедейшілік екі  есе қысқарды. [5] 

6.

Либералды сауда саясаты  ішкі сауданың дамуына әкелді. ЖІӨ-ге қатысты 12,6%-дан 16,1%-ға дейін өсті. [5]

7.

Республика ірі субрегионалдық масштабты сауда операцияларын  өткізу алаңына айналды, Дордой және Қарасу сияқты ірі сауда орындары ашылды. [5]


Жалпы ДСҰ на енуінің минустарына  қарағанда плюстары көбірек. Қырғызстан өзінің халықаралық имидждін жақсартып, бәсекелік ортаны қалыптастыруға бағыталған экономикалық реформаларды жүргізіп, қызмет көрсету саласының үлесін айтарлықтай жоғарылатты. Бірақ мемлекет осындай ірі ұйымға кіруге толық дайын болмады. Оның себептерінің бірі ішкі саяси тұрақсыздық, басты сауда серіктестерінің (Ресей мен Қазақстан) сол уақытты ДСҰ на мүше болмауы, өз мүмкіншіліктерін объективті тұрғыда бағаламау. Қазақстанның басты мақсаты осы қателіктерді ескеру.  Кез-келген кандидат-ел келісім жүргізу кезінде ДСҰ-на енудің ең тиімді шарттарына ие болуды көздейді. Яғни мүше болудың басымдылықтары мен тарифтерді төмендету мен ішкі нарықты ашу түріндегі шегінулердің ең қолайлы қатынасын белгілеу. Қазір қазақстандық келіссөз жүргізу командасы осыларды жүзеге асыруда .

 Дүниежүзілік картаға қарасақ Балтық маңы елдері, Грузия мен Қырғызстан, елдерін санамағанда посткеңестік кеңістікт ДСҰ-на енбеген ең соңғы мемлекеттер тобы болып табылады. Нарықтық экономикалы ел ретінде танылғаннан кейін халықаралық нарыққа шығу толығымен кірігу кезегі келді. ДСҰ-на ену тек саналы экономикалық саясат қана еместігін түсіну керек. Сонымен қатар бұл халықаралық қоғамдастыққы енуге, халықаралық нормаларды ұстануға, оларға әсер ету және халықаралық міндеттемелерді мойнына алуға деген талпынысын көрсететін саяси меморандум.  Қазақстан оны көптеген аймақтық ұйымдарға белсенді қатысу арқылы дәлелдеді(ШЫҰ, ЕҚЫҰ). Бәсекелестікке қабілетті экономиканы қалыптастыру дүниежүзілік экономикаға интеграциясыз мүмкін емес. Оған фактлар мен цифрлар дәлел. Біріншіден, қазақстандық жалпы тауар айналымның 50 пайыздан астамы ДСҰ-на мүше-елдерге сәйкес келді. Сауда ұйымына енуден кейін Ресей мен Украинаның айналымдағы үлесі 90 пайызға дейін өседі. Сондықтан Қазақстан үшін ірі сауда серіктестерімен ортақ құқықтық кеңістікте іс жүргізу маңызды. Екіншіден, қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның негізгі келісімдеріне сәйкестендіру болашақта отандық өндірушілерге тек оң әсерін тигізуі керек.

ДСҰ-на кірмеуінсіз Қазақстан  әртүрлі сауда дискриминацияларына  ұшырап отырады. Себебі әлемдік нарықта ойын ережелері бізсіз, жиі бізге қарсы орнатылады. Санкция, квоталар енгізу Қазақстан халықаралық еңбек бөлудің толыққанды мүшесіне айналмайынша тоқталмайды. Бірақ Қазақстандық экономика салаларына протекциондық қорғаныс шаралары қажет. Кері жағдайда ДСҰ-на енудің тек кері салдарларын ғана көре аламыз. Басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп мүшелік болудың басымдылығы мол және жалпы экономика көрсеткіштері жоғарылағанын байқауға болады.    Жағдай әлемдік нарықтың қалыптасып қойған өз құрылым бар болуымен қиындатылады және мемлекетке ұсынылатын тауарлар үшін бос телім іздеуі керек. Сондықтан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енудің экономикалық салдарларын толық бағалау мүмкін емес. Ақпараттық базаның шекеулігінен бағалау тек болжамданған сипатта бола алады. Эксперттердің ойлары әртүрлі болғанына қарамастан ДСҰ-на ену уақыт талабы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. http://www.wto.kz
  2. Рейтинг стран-партнеров Республики Казахстан. http://www.kursiv.kz
  3. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге мүдделі.http://www.azattyq.org
  4. http://russian.doingbusiness.org
  5. http://www.stat.kg
  6. Кыргызстан и ВТО: опыт и перспективы. http://www.carecprogram.org
  7. Тауар өндірушілердің өздері Дүниежүзілік сауда ұйымына дайын болуы керек. http://bnews.kz

 

 

 


Информация о работе Қазақстан республикасының ДСҰ-на енуінің экономикалық салдары