Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 18:27, курсовая работа

Описание

Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
1.тарау. Салық жүйесіне түсінік................................................ 4
1.1 Салықтың экономикалық мәні, мазмұны....................................... 4
1.2 Салықтардың атқаратын қызметі, түрлері...................................... 5
1.3 Салық жүйесінің элементтері. Салық саясаты............................... 8
2.тарау. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері.............................................................................. 11
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұнғыш салық жүйесі.................. 11
2.2«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы............................................................................................... 13
2.3 Салық кодексі.................................................................................... 14
2.4 ҚР-ның қазіргі салық жүйесі............................................................ 19
2.5 Жаңа салық кодексіндегі дағдарысқа қарсы бағытталған шаралары............................................................................................................
.
24
Қорытынды............................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер....................................................

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)
 

      Мемлекеттік баж:

  1. Кеден төлемдері
  2. Кеден бажы
  3. Кеден алымдары
  4. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
  5. Алымдар
 

      Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      Салық салудың әділдік принциптері:

  1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
  2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
 

      Қазақстан Республикасында салық төлеушінің құқықтары:

    1. Салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
    2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
    3. белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
    4. салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
    5. өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық 
      есептілігінің көшірмесін алуға;
    6. салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;
    7. салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
    8. резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;
    9. салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
    10. Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
    11. салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
    12. салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
    13. салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
    14. берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
    15. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
      реттелетін қатынастар Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тјсілмен қатысуға құқылы;
    16. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

      Салық төлеушінің міндеті:

  1. салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
  2. салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
  3. нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
  4. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
  5. бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
  6. дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге міндетті.

      Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалєан тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

      Салықтық  өтініш бойынша Кодексте белгіленген  тәртіппен және мерзімде мынадай:

  • салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
  • салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы.

      Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен  тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

      Қаржы-банк жүйесiнiң, экономиканың аграрлық секторының нығаюына, шағын кәсiпкерлiктiң қоғамның орташа табы ретiнде қалыптасуына, әлеуметтік саланың экономикалық негiзiнiң нығаюына қарай, Салық кодексiнiң жаңа редакциясын қабылдау қажет. 

       

      2.4 ҚР қазіргі салық жүйесі

      Мемлекетте  алынатын салықтар мен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары  мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

      Қазақстанда жұмыс iстейтiн iрi шетел компаниялары салық заңдарын жиi бұза отырып, салық төлеуден жалтарады, мұны тiптi халықаралық ұйымдар да атап көрсетедi.

      Соттардың жұмыс бастылығына және судьялардың арнаулы бiлiмiнiң жоқтығына байланысты кәдiмгi сот арқылы салық төлеушiлердiң құқыєын қорғау тым қиындатылєған. 

      Бюджетке  төлем жасау жөнiндегi салық мерзiмiн кейiнге қалдырудың тәртiбiне өзгерiстер енгiзу талап етiледi, өйткенi қазiргi кезде салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсiм бойынша салық төлеу жөнiндегi мерзiмдi ұзартуға құқылы. 

      Қазақстан аумағына шектес мемлекеттерден тауарлардың кеден бақылауынан өтпей әкелiну мүмкiндiгi мемлекетке елеулi экономикалық залал келтiредi.

      IЖӨ  көлемiнiң жыл сайынғы өсуi жағдайында мемлекеттiк бюджеттің көлемi тұтас алғанда төмен болып отыр, ол IЖӨ-нiң 25%-дан кем мөлшерiн құрайды. Шығыстардың мұндай деңгей жағдайында мемлекеттiк бюджет мемлекеттiң барлық функцияларын орындауды толық қамтамасыз ете алмайды.

      Қазақстанның экономикасын көтеру үшін мынадай шаралар жүргізілу керек: салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту, кейбiр салықтардыѕ ставкасын төмендету,салық салу жүйесiн жеңiлдету, тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру, халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудiң болуы, шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және енгiзу.

      Салық-бюджет саясаты саласында 2001-2010 жылдар кезеңiне арналған мынадай негiзгi стратегиялық мiндеттер болады:

  • салық жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • бюджетке салық түсiмiнiѕ IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз ету;
  • салық заңдарын жетiлдiру;
  • салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру;
  • кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмді мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
  • бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру;
  • мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саласын даму стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын бюджет саясатын жүзеге асыру;
  • бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру;
  • IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға және бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу;
  • бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру;
  • бюджеттiң ашықтыєын қамтамасыз ету.

        Салық заңдарының тұрақтылығы  принципiн заң тәртiбiмен бекiту  қажет, өйткенi салық заңдарына  өзгерiстердi жиi енгiзу елдегi  экономикалық ортаға терiс ықпал  етедi.

      Салық заңдарын жетілдіруді қамтамасыз ету үшін перспективада 5-7 жылдан кейiн салық жүйесiнде мынадай бағыттар бойынша реформалар жүргiзiлетiн болады:

  • жеке табыс салығына салық салу жүйесi бойынша едәуiр ұқсастығы бар әлеуметтiк салық, мемлекеттiк сақтандыру қорына төленетiн жарна болып қайта құрылатын болады. Бұл жағдайда жарна төлеушiлер бюджетте неге жұмсалатыны белгiсiз әлеуметтiк салықпен салыстырғанда, қор қаражатының қандай мақсаттарға пайдаланылатынын бiлетiн болады;
  • салық төлемдерiнен жалтарудың мүмкiн еместiгi мен оның тиiмсiздiгiн қамтамасыз ететiн, соның ішінде жеке тұлғалардың табысын жаппай мәлiмдеу және табысы неғұрлым жоғары тұлғаларға салық салуды күшейту есебiнен қамтамасыз ететiн тетiктер қолданысқа енгiзілетін болады, мұның өзi осы санаттағы салық төлеушiлерден салық жинау iсiндегi жағдайды едәуiр жақсартады;
  • салық салу базасын кеңейту және экономиканың нақты секторына салық жүктемесiн неғұрлым теңдей бөлу үшiн әлемдiк практикада жергiлiктi бюджеттер үшiн кiрiстiң маңызды көзi болып табылатын бөлшек саудада сатуға салық салуды енгiзудiң орындылығы қарастырылатын болады.

      Салық жеңілдіктерін жүйеге келтіру мақсатында салық жүктемесiн барлық салық төлеушілерге теңдей және әдiлеттi бөлу мәселесi принциптi мәнге ие болады. Басымдықты салаларда iскер белсендiлiктi ынталандыратын мақсатты бағытталған бiрыңғай жеңiлдiк жүйесiн қалыптастыру қажет.

      Салық артықшылықтарын пайдаланбайтын салық  төлеушiлерге қатысты салық жүйесiндегi әдiлеттiлiк принципiн бұзатын негiзсiз жеке салық жеңiлдiктерi жойылады, өйткенi салық төлеушiлердiң бiрi үшiн жеңiлдiктi салық режимi сөзсiз басқаларға қосымша салық ауыртпалығын түсiру дегендi бiлдiредi. 
 
 

      Экспортқа рента салығының ставкалары

      Шикі  мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай ставкалар бойынша есептеледі: 

      Рет 
N
      Әлемдік баға       Ставка, %-пен
      1       2       3
      1. бiр баррель  үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда       0
      2. бiр баррель  үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       0
      3. бiр баррель  үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       0
      4. бiр баррель  үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       7
      5. бiр баррель  үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       11
      6. бiр баррель  үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       14
      7. бiр баррель  үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       16
      8. бiр баррель  үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       17
      9. бiр баррель  үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       19
      10. бiр баррель  үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       21
      11. бiр баррель  үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       22
      12. бiр баррель  үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       23
      13. бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       25
      14. бiр баррель  үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       26
      15. бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       27
      16. бiр баррель  үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       29
      17. бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       30
      18. бiр баррель  үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда       32
      19. бiр баррель  үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары       32
 

      Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

Рет N Салық салу объектiсi Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
      1       2       3
      1. Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):        
1100-ге  дейiн қоса алғанда       1
1100-ден  жоғары 1500-ді қоса алғанда       2
1500-ден  жоғары 2000-ды қоса алғанда       3
2000-нан  жоғары 2500-ді қоса алғанда       5
2500-ден  жоғары 3000-ды қоса алғанда       8
3000-нан  жоғары 4000-ды қоса алғанда       15
4000-нан  жоғары       117
      2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):        
1 тоннаға дейiн қоса алғанда       3
1 тоннадан  жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда       5
1,5 тоннадан жоєары - 5 тоннаны қоса алғанда       7
5 тоннадан  жоғары       9
      3. Шынжыр табанды  машиналар мен механизмдердi қоспаіанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер       3
      4. Автобустар:        
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда       9
отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса 
алғанда
      14
отыратын 25 орыннан жоғары       20
      5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер       1
Двигателінің қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер       10
      6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар   
       
160-қа дейiн қоса алғанда       6
160-тан  жоғары 500-ді қоса алғанда       18
500-ден  жоғары 1000-ды қоса алғанда       32
1000-нан  жоғары       55
      7. Ұшу аппараттары       әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi

Информация о работе Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері