Азық-түлік қауіпсіздігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 14:57, реферат

Описание

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанның аг­рар­лық сек­торы үл­кен экспорттық мүмкін­діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылы­ғына орасан көмек көрсетіп отыр» деп атап көрсеткен еді.

Работа состоит из  1 файл

Аграрлық сектордың әлеуеті 7 апта нац без СРСП.docx

— 37.74 Кб (Скачать документ)

Аграрлықсектордыңәлеуеті

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев үстіміздегі жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанның  аг­рар­лық сек­торы үл­кен экспорттық мүмкін­діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке  деген қажеттілік әлемде жыл сайын  өсе беретін болады. Бізге бұл  мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылы­ғына орасан көмек көрсетіп отыр» деп атап көрсеткен еді.

Мемлекеттің тікелей қолдауы  арқасында және жүйелі жүргізілген  өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарыққа бағытталып, ауылда нақты мүлік иесі пайда  болды, ауыл тұрғындарының санасы өзгерді, нарық көзқарасына негізделген  жаңа өндірістік қарым-қатынастар нығайды. Жалға беру және кепіл беру қарым-қатынасы, өңірлік жер нарықтарын қалыптастыру, жерлерді пайдалану көрсеткіштерін ескере отырып, жердің пайдаланылмағаны үшін санкциялар қолдану дами бастады. Қалыптасқан жағдай аграрлық саланың  даму стратегиясын тұжырымдамалық түрде  айқындауды талап етті. Оның негізгі  бағыттары «Қазақстан-2030» даму стратегиясында анықталған болатын. 2030-стратегиясы  шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің  бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету, тиімді түрде  іске асырылатын жалпы сипаттағы  және арнайы мемлекеттік қолдау шараларын  қолдану жолымен ауыл шаруашылығы  өнімдерінің негізгі түрлерін тұрақты  өндіру қарастырылатын ауыл шаруашылығы  өндірісін дамыту бағдарламасы әзірленді.

Аталған бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы нарығын мемлекеттік  реттеуге қажетті заңнамалық база құрылды. Бүгінгі күні экономиканың аграрлық секторындағы қолданыстағы заңнамалық база толығымен нарықтық экономика  талаптарына, халықаралық тәжірибе нормаларына сәйкес келеді, ең алдымен  тауар өндірушілердің кәсіпкерлік  ықыласын қорғауға және қолдауға бағытталған. Экономикадағы өзгерістер агробизнестің  тиімді құрылымын жасақтаумен, агротехнология деңгейін жоғарылатумен, ауыл шаруашылғы өндірісін маркетингтік стратегияға  көшірумен, ішкі нарықта импортты ауыстырумен, жақын және алыс шет елдермен экспортты  жандандырумен тығыз бірлікте қарастырылатын аграрлық саланың жаңа сапалы деңгейіне  өтуді талап етті.

Енді осы айтылғандарға  нақты мысалдар келтірелік. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сапалы жоғарғы өнімді тұқымға қол  жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өсімдіктердің бірегей тұқым  өндірісіне субсидия берілді, тауар  өндірушілер сатып алған элиталық тұқым, атап айтқанда жеміс-жидек дақылдары  мен жүзім көшетінің құны арзандатылды. Сонымен қатар, жеміс-жидек дақылдары  мен жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу шығындары өтелді және жеміс-жидек  дақылдары мен жүзімнің көп жылдық көшеттерінің отырғызылған аналықтарының  аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету  жүргізілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен себілген тұқымның сорттық  және егу сапасы тексерілді.

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және импортты алмастыру  мақсатында мемлекет тарапынан көкөніс  шаруашылығы, жеміс және жүзім шаруашылықтары салаларын одан әрі дамыту бойынша  нақты шаралар қабылдануда. Мәселен, Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында Кеден Одағын құру бойынша атқарылған жұмыстар шеңберінде көшпелі мерзімнің  ішінде жылыжай конструкциялары  мен жылыжайлар жабдықтарына қолданыстағы тарифтерді қолдану туралы келісімге  қол жеткізілді, ол тарифтер бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемелерінен  ерекшеленеді: 2010 жылдан 2012 жылға дейін  кедендік баж салықтарының нөлдік мөлшерлемелері қолданылатын болады, 2013 жылдан бастап 20%-ға дейін ұлғайтылады. Қарқынды жеміс-көкөніс  шаруашылығын даму үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары  ең тиімді болып табылады. Аталған 4 облыста қарқынды технологияларды  енгізудің есептік алаңы 43,2 мың  гектар. Өнімділік көрсеткіштерінің ұлғаюы арқасында технологияларды  кең көлемді енгізу жеміс-көкөніс  өнімдерінің өндірісін 540 мың тоннаға  ұлғайтуға және импорттың орнын  алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен  бірге, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес  ұйымдарының қаражаты есебінен жылыжай  кешендерін салу жөніндегі жобалар  іске асырылуда, сондай-ақ жылыжай жабдықтарын  лизингке беру іске асырылуда. Жыл сайын  «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 гектарға жуық көлемде жылыжай кешендерін және шағын жылыжайлар салу жоспарланып  отыр.

 

Еліміздің аграрлық секторының әлеуеті толығымен пайдаланылмай  отыр

 

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Ауылшаруашылық министрлігінде өткен алқа мәжілісте  айтты.

 

 

 

    Ауыл ұлттың  рухани тыныс-тіршілігінің, мәдениеті  мен әдет-ғұрыптарының негізі  болып келген және алдағы уақытта  да солай бола бермек. Ал оның  өсіп-өркендеуіне үлес қосу мемлекет  басшылығы мен әрбір қазақстандық  азаматтың патриоттық борышы. Бұл  туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім  Мәсімов ҚР Ауылшаруашылық министрлігінде  өткен алқа мәжілісте айтты.

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздің агроөндірістік кешені тұрақты түрде дамып келеді. Өткен жылдар ішінде еліміздің ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында министрлік жүйелі жұмыстар атқарды. «Соған қарамастан бұл саланы әрі қарай дамыту үшін мемлекетімізде мүмкіндіктер әлі де мол», деді К.Мәсімов.

Бас министрдің айтуынша, қазіргі  уақытта еліміздің аграрлық секторының әлеуеті толығымен пайдаланылмауда. Соның салдарынан біз қазір шет  елдік өнім өндірушілермен бәсекеге түсе алмай отырмыз. Ал бұл Мемлекет басшысының Үкімет пен ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі.

Оның сөзіне қарағанда, Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыру  үшін еліміздің ауылшаруашылық саласының  бәсекеге қабілеттілігі мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын  оңалтуға бағытталған қосымша шаралар  қолдану қажет. Бұл мақсатта ауылшаруашылық саласы өндірісінің көлемін арттыру  мен бүгінгі нарықтық экономика  жағдайында оған қатысушылардың күш  біріктіруінің маңызы зор. «Өйткені қазір орта деңгейдегі кәсіпкерлердің жалғыздан-жалғыз жұмыс істеу қиын.

Сондықтан шаруа қожалығы иелері мен фермерлер қазіргі  уақытта тек жұмысы жақсы жолға  қойылған ірі агрокешендердің ғана әлемдік өндіріс өнімін саудалушылармен  бәсекелесе алатындығын ұғынуы қажет», дейді Бас министр. Осы мақсатта ол Үкімет пен Ауылшаруашылық министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі осындай  ірі холдингтердің қалыптасуына мүмкіндіктер жасау екендігін айтып, бұдан да маңыздысы - ауылшаруашылық мекемелерінің бірігуінің қаншалықты маңызды екендігін халыққа жеткізе  білу екендігін атып көрсетті.

 

 

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері

КІРІСПЕ

Қазіргідей жаһандық экономиканы  дағдарыс елесі кезіп жүрген уақытта  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің өте салмақты мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Әлемдік  рынокта азық-түік бағаларының күрт қымбаттауына байланысты Қазақстанда  жетіспейтін өнімдерді шығаруға ерекше назар аударылып отыр. Сайып  келгенде, бұл халықтың азық-түлікке  қолжетімділігін қанағаттандыруды көздейді.

Қазақстан әлемдiк нарыққа  азық-түлiк және ауыл шаруашылығы  шикiзатын iрi өндiрушi және жеткiзушi болып  табылады. Ол ФАО-нiң мәлiметi бойынша  астықты, картопты, көкөнiстi, сондай-ақ мал шаруашылығы өнiмдерiн –  ет пен сүттi негiзгi өндiрушi әлемнiң 26 елiнiң қатарына кiредi.

Әлемдік азық-түлік дағдарысы  іс жүзінде барлық мемлекеттерді  экономиканың агарарлық секторына  мұқият назар аударуға мәжбүрледі. Азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы экономикалық категориядан саясатқа өтіп барады және агроөнеркәсіп кешені әлемдік  экономиканың маңызды стратегиялық секторы болып отыр. Бүгінгі өмір шындығы осы. Барлық уақытта мемлекет экономикалық дағдарыстан ауылшаруашылығын ынтыландыру есебінен және оның мультипликативті әсерінен шыққандығы тарихтан белгілі. Осының барлығы қазіргі күрделі  жағдайда еліміздің агроөнеркәсіп  кешенін қолдау үшін қосымша дәйек  болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүниежүзіндегі ең ірі азық-түлік  өнімдерін өндіруші және тұтынушы елдермен көршілес орналасқан Қазақстанның азық-түлік  қауіпсіздлігіне қатер төндірмеу  үшін ішкі рынокты реттеудің маңызы зор.

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету дүниежүзілік азық-түлік  ресурстарының жетіспеушілігі сезілген ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бері әлемдік  қоғамдастықтың назарын аударып  келеді. Азық-түлік қауіпсіздігі прблемасы  жаһандық сипатқа ие: тамақ өнімдерін  өндіру, бөлу және саудалау қай мемлекет болмасын, оның халқы аштықтан, тойып  тамақ жемеуден немесе сапасыз тамақ  өнімдерінен зардап шеге ме немесе азық-түлік тауарларымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген бе дегенге  қарамастан әрбір мемлекеттік толғандырады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген  отырысында әлемдік қаржы дағдарысы  жағдайында экономиканы тұрақтандыру жөнінде Үкімет пен Ұлттық банк, орталық және жергілікті атқарушы органдар алдына қойған міндеттері дамуымыздың  жаңа сипатын айқындап берді.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы Қазақстанның экономикасына  қатысты отандық ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерде Қазақстанның азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы  қызметтерің ерекшеліктері мен  оның алдын алу проблемалары жеткілікті зерттелмеген.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы  Қазақстанда бұл мәселелердің шеңбері  әлі де қандай да бір теориялық  зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың  обьектісі бола қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі.

Осыған орай, біздің зерттеу  жұмысымыздың мақсаты мен міндеті  –әлемдік деңгейде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған азық-түлік  қауіпсізідігін қамтамасыз ету саласында  Қазақстан тарапынан қабылданған  шараларға, мәселенің қазіргі жай-күйіне және болашағына қатысты қоғамдық және ғылыми пікірлерді талдау болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету саласында қабылданған  нормативтік құқықтық актілер, осы  мәселеге қатысты Үкімет тарапынан  қабылданған шаралар және статистикалық  деректер көзі.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: салыстырмалы талдау және жүйелі құрылымдық, статистикалық талдау, салыстыру әдістері.

Жұмыс тақырыпты егжей-тегжейлі талдап, саралауға арналған кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымша  мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады. Атап айтсақ:

Бірінші тарауда жалпы  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы, соның ішінде Қазақстан  Республикасы заңнамасындағы азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің сипаты қарастырылады.

Екінші тарауда әлемдегі азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету саласындағы қабылданып жатқан шаралар және Қазақстанның дүниежүзілік экономиканы көтеруге қосып жатқан үлесі кең түрде талданды.

Үшінші тарауда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдағы стратегиялық бағыттарына қатысты мәселелер  қарастырылады.

 

 

 

- Бұл жағдайда шағын  жеке дүкендермен ғана шектелуге  болмайды ғой.

- Бүкіл нарықты өзімізге  ғана алғымыз келмейді, тауарларды  қол жетімді бағамен ұсыну  бойынша, оның ішінде шағын  дүкендерге де балама беруіміз  қажет. Барлық шығындар мен  көптеген делдалдың «маржасы»  айтарлықтай төмендетілуі, болмаған  жағдайда мүлдем алынып тасталуы  тиіс. Қазіргі кезде көтерме сауда-коммуналдық  базарды салу жобасы әзірлену  сатысында тұр. Тікелей өндірушілерге  сауда орындарын ұсыну, санитарлық  бақылау нормаларын сақтау және  басқа шаралар да азық-түлік  қауіпсіздігінің шаралары болып  табылады.

 

- Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде мемлекеттік  бюджет маңызды рөл атқара  ма?

- Мемлекет негізгі азық-түлік  түрлері тек Астана қаласында  ғана емес, қазақстандықтардың дастархандарында  үнемі болуы үшін барлық қолдан  келетін жағдайды жасайды. Әрине  жобаларға ақшаны мемлекеттік  бюджеттен сұрастырамыз, сонымен  бірге құрылатын жобалардың жұмыс  істеуіне мүдделі әріптестердің  қосымша қаражатын да пайдаланамыз, яғни мемлекеттік-жеке әріптестік  қағидаттарын қолданамыз.

 

- Бұл үшін ақылды экономиканы  тарту және баға саясатын жоспарлаудың  маңызы бар ма?

- Әрине бар. Нәтижелері  халықтың және мемлекеттің жалпы  әл-ауқатында көрінетін бағдарламалық  құжаттарды әзірлеу үшін Үкімет  те барлық қажетті шараларды  қолданады. Ақылды экономиканың  өзін де «жоспарлы экономика»  деген тіркеспен салыстыруға  болады. Біздің жұмысымызда жоспарлаудан  қашып құтылуға болмайды және  міндетті түрде барлық мүдделі  тараптардың арасында өзара іс-қимыл  ұйымдастыруды жасай білу қажет.  Жоспарлау өндіріс пен тұтыну, толық құнды тамақтану мен  халықтың табатын табысы үшін  қажетті нормалармен көлем мен  өндірістің өзіндік құнының балансын  құру болып табылады. Сондықтан  да мемлекет өндірушілерге субсидия  беру шараларын қолданады, жеңілдікті  несиелер береді, мұның өзі өндірістің  азық-түлік саласын тиімді дамыту  үшін барлық алғышарттарды жасайды.

 

- Қайрат Бейсенбайұлы, импортталатын  тауарды алмастыратын қандайда  бір жобалар бар ма? Өйткені  қазақстандықтар отандық өндірісте  болмағандықтан шетелдік азық-түлікті  көп мөлшерде тұтынады ғой.

Информация о работе Азық-түлік қауіпсіздігі