Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 14:57, реферат
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр» деп атап көрсеткен еді.
1996 жылы 13 қарашада қабылданған
Рим декларациясында
9 айдағы көрсеткіш
еліміздің азық түлік
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның аграрлық секторы экономикалық тұрғыдан ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдауышына айналған азық‑түлік қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды орынға шығып келеді. Ал ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде халық күнделікті тұтынатын азық‑түліктердің бағасын бірқалыпты деңгейде ұстап турудың маңызы зор.
Бұл тетік жолға қойылса,
инфляцияны ырыққа көндіріп қана қоймай,
экономиканы ілгерілетуде жақсы
нәтижелерді бағындыруға
Жақында Үкімет қорытындылаған
9 айдың нәтижелеріне назар аударсақ,
мемлекет тарапынан аграрлық секторға
жасалған қолдау өз нәтижесін беріп
жатқанын аңғаруға болады. Мәселен, биылғы
құрғақшылыққа, бірқатар өңірдегі егістіктің
күйіп кеткеніне қарамастан,
13,7 миллион тонна астық жиналды.
Оның ішінде еліміздің экспорттық
әлеуеті 7 миллион тонна астықты
құрайтыны болжанады. Бұдан
бөлек, күріш былтырғы көрсеткішке
қарағанда 25 пайызға артық жиналды.
Ең бастысы, құрғақшылықтан
зардап шеккен шаруашылықтар өз
проблемаларымен жеке қалып қойған
жоқ. Оларға 1,5 миллиард теңге көлемінде
демеуқаржы бөлініп отыр. Несиелер,
тұқымдық ссудалар және лизингілік
төлемдер бойынша бұлардың
мерзімдері ұзартылуда. Ұн мен нан
бағасын тұрақты қалыпта ұстап
тұру үшін облыстар әкімдіктері мен
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Тоғыз айдағы көрсеткішке
үңілсек, мал шаруашығы саласында
да дамудың орнықты қарқыны
Бір сөзбен түйіп айтсақ, ауа райының қолайсыздығы мен сыртқы факторлардың ықпалынан туындаған қиыншылықтарға қарамастан, ағымдағы жылы экономиканың аграрлық секторы елдің азық‑түлік қауіпсіздігіне берік негіз қаланғанын көрсетті. Бұған жоғарыда келтірілген тоғыз айдың даму көрсеткіштері дәлел бола алады.
Дегенмен, ішкі нарықты қорғау мен бағаның орнықтылығын ұстап тұруда әлі де қыруар шаралар талап етілетіні айқын. Ең бастысы Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Үкіметтің алдына нан бағасын «уыста ұстап тұру» туралы негізгі міндетті жүктегені белгілі. «Бидай мол, астық сыртқа шығаруға да жетеді» дегенімізбен, баға мәселесінде қорғаныстың да күшті рөл атқаратынын естен шығармаған ләзім. Бұл ретте аграрлық сектор үшін ағымдағы қорғаныс қабілетін күштейтумен қоса, стратегиялық міндеттерді де дер кезінде жүзеге асыру басты талап болып қала береді. Бұл тек нан мен ұн саласына, әйтпесе астық мәселесіне ғана емес, жалпы аграрлық секторға қатысты мәселе.
Ал енді алдағы бес жыл шамасын алып қарастырсақ, еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын іске асыруға 1 трлн. теңге қаржы қажет етіледі екен. Өткендегі Үкімет отырысында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, «бағдарламаны іске асыру кезінде жалпы 5 жылға 1 трлн. теңге қажет болады». Бұндағы субсидиялардың үлесін бес жыл ішінде 20 пайыздан 25 пайызға дейін арттыру көзделген.
Министрдің сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама аясында егіншілік саласын әртараптандыру шаралары жүргізіліп, оның есебінен егістік алқаптарының құрылымы ғылыми негізделген деңгейге дейін жеткізілетін болады. 5 жылдың ішінде астықтың жалпы өндірісінің орташа жылдық көлемі 17,8 млн. тоннаға, экспорттық әлеует 6,7 млн. тоннадан 8,6 млн. тоннаға немесе 28 пайызға ұлғаяды. Сондай-ақ астық экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімінің үлесі 32 пайыздан 50 пайызға дейін артатыны да болжанады. Мұнымен қоса ішкі тұтынудағы отандық қант қызылшасынан өндірілген қанттың үлесі 5 пайыздан 17 пайызға дейін өседі деп күтілуде. Бұның өзі үлкен ілгерілеушілікті білдіреді. «Асыл тұқымды малдардың орташа үлесі 6-дан 14 пайызға дейін ұлғаяды. Ал құс шаруашылығын дамыту жұмыстары импорттық тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Елімізде тұтынылатын құс еті импортының үлесі 58 пайыздан 25 пайызға төмендейді», ‑ деді А. Күрішбаев.
Экономикалық қауіпсіздік
тұрғысынан қамтылатын шара болғандықтан,
бюджет қаражаты толық бөлінетіні айқын.
Сондықтан да, қыруар қаржының нәтижесінде
агроөнеркәсіп кешенінің