Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:56, реферат
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл жұмыстың мақсаты –нарықтық экономика жағдайындағы бағаның рөлі мен мәнін, мазмұнын ашу болып табылады.
Кіріспе
1. Бағаның рөлі, мәні мен атқаратын қызметтері
1.1. Бағаның қалыптасуындағы негізгі теориялар
2. Бағаны мемлекеттік реттеу және тұрақтандыру шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
1. Бағаның рөлі, мәні мен атқаратын қызметтері
1.1. Бағаның қалыптасуындағы негізгі теориялар
2. Бағаны мемлекеттік
реттеу және тұрақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көшбасшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл жұмыстың мақсаты –нарықтық экономика жағдайындағы бағаның рөлі мен мәнін, мазмұнын ашу болып табылады.
1. Бағаның рөлі, мәні мен атқаратын қызметтері
Бағаның рөлі оның макро-микроэкономикалық мағынасында – объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын бейнелейді.
Баға – нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы – тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және талғамына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.
Баға – шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту – кәсіпорынның баға саясатын жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.
Баға және құн нарық экономикасында әлемнің кілті болып табылады. Бірінші кезекте өндіріске, тауар өткізуге, құнға қалыптасуына, құрылуына, үйлестіруіне пайдалануына және ұлттық пайдаға жатады. Баға мен құн ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара – пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді.
Әкімшілік шаруашылықтан нарықты экономикаға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік саясаттың құралы ретінде бағаның рөлі белсенді сипатқа ие болып, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері қиыстырылған өтпелі дәуірде баға белгілеуде бірқатар қиыншылықтар мен күрделіліктер қатар жүруде. Өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу- барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі проблемасына айналды. Нарық жағдайында баға белгілеу көптеген факторлардың ықпалына түсетін күрделі процесті құрайды. Баға белгілеудегі жалпы бағыттарды, өндірістегі және жаңа тауарлаға баға белгілеу тәсілдерін анықтауда, өткізу көлемін, тауар айналымды, өдіріс тиімділігін жоғарылату мен мекеменің нарықтық позициясын күшейту маркетингтік шаралардан тұрады. Баға мен баға саясаты фирма маркетингінің басты шараларының бірі. Фирма таруарларының баға деңгейі компания қызметінің басқа жақтарына байланысты, мемкеменің коммерциялық-шаруашылық қызметтерінің нәтижесі дәл баға деңгейлеріне байланысты. Фирманың жүргізетін баға саясатының дәлдігі мен дұрыстығы түбінде оның коммерциялық қызметінің сәттілігін анықтап береді. Баға саясатының түпкі мақсаты- тауарға өтім көлемін арттыруға септігін тигізетін деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізіп отыру. Тарихи түрде баға - сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт негізінде анықталып отырған. Сатушылар ойындағы бағадан көбірек сұрап, ал сатып алушылар төлеуге дайын сомасынан кем ұсынады. Сөйтіп, түбінде олар бір ортақ шешімге келіп отырған.
Баға әрқашан да сатып алушының таңдау шешімін анықтайды. Бұл әлі күнге шейін кедей елдерде кең тұтыныстағы тауарларға қатысты. Бірақ соңғы кездері сатып алушының таңдауына бағалық факторлар белсенді түрде ықпал етуде, атап айтсақ, өтімді ынталандыру, әртүрлі клиенттер үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізуді ұйымдастыру.
Баға белгілеудің маңызды қызметі – барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады:
1. Есеп-қисап
қызметі. Бұл өнім өндіргенде
қоғамдық қажетті еңбек шығыны
процесінің өзгеруінде
2. Ынталандыру
қызметі. Бұл кезде баға
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
4. Бағаның бұл
қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда,
тұтыным мен өндірісті
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
1.1. Бағаның қалыптасуындағы негізгі теориялар
Жалпы экономикалық ғылымда кеңінен танылғаны келесі екі теория: біріншісі – бағаның негізі құн деп түсіндіретін марксистік теория, екіншісі – бағаның негізі тауардың пайдалылығы деп қарастыратын австриялық теория. Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфляция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
2. Бағаны мемлекеттік реттеу және тұрақтандыру шаралары
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:
1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Бағаларды мемлекеттің реттеудің тікелей және жанама әдістері қоданылады. Қалыптасқан бағалар деңгейіне мемлекеттің тікелей араласуы – бұл бағалар қозғалысы, құрылымы, деңгейін қалыптастыруға, баға белгілеудің белгілі бір ережелерін бекітуге мемлекеттің араласуы.
Баға белгілеу процесіне
Баға белгілеуге жанама араласу әдістері нарықтағы тауар ұсынысын кеңейтуге, тұрғындар табысын басқаруға, өндірілетін және тұтынылатын өнімдерге салықты реттеуге жағдай жасайтын тәсілдер мен әдістер жиынтығының қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Баға белгілеудің жанама реттеу әдістеріне:
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды рөл атқарады.
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет бағаны тұрақтандырудың біршама шараларын қалыптастырып үлгерді:
-банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
-ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
-сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
-банктердің қызметін жүйелеу;
-үкімет тарапынан бағаны қадағалау және т.б..
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2007-2011 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.
Информация о работе Бағаның рөлі, мәні мен атқаратын қызметтері