Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:16, курсовая работа
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Корпоративтік табыс салығы.
Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Несиені алу үшін келесі құжаттарды банкіге ұсынуы керек:
Алған
қарыздарды өтеу кезінде 1040, 1010 шоты
кредиттеліп. 4030 шоты дебеттеледі. Банк
үшін төленетін пайызын есептегенде 1251
шоты дсбеттеліп, 4030 шоты кредиттеліп;
содан соң сол есептелінген пайызды төлеген
кезде 4030 дебеттеліп жөне 1040 немесе 1010
шоттары кредиттеледі.
2.
Салық міндеттемесінін
есебі. Міндеттеме төсілімен
табыс салығының есебі.
Салық міндеттемесі мемлеқет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды,
алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді.
Казакстан
Республикасындағы салыкқ заңы — мүліктің
кірістелген және тауарды сату мақсатында
жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың
атқарылған кезеңімен есептелген шығысы
мен төленген табысының кезеңіне қарамастан,
салықтық есептің әдісіне орап есептеу
әдісі бойынша құрылады.
Корпоративтік табыс салығы.
Корпоративтік салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, онын деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұракты мекемелер арқылы кызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы аркылы анықтайды:
Салық жылдық табыс шегерімдер
салынатын
табыс
жиынтығы
Жылдық табыс жиынтығыиа: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және баска да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа каражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнынын өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың кұндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; баска да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивидентгер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек:
Занды түлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шыгындар кемітіледі, оның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ак Қазақстан Республикасының зандарымен реттелетін Мемлекеттік әлсуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.
Қызмет бабымен іс-сапарга кетікен шығындары және өкілеттік шыгыстары Қазакстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:
- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ оронға жасалған шығындары жатады;
- шетелдік іс-сапарда жүрген кезіңдегі тәулік щығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.
Алынган сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйакы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.
-
несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде
қаржылык лизинг бойынша да, депозиттер,сондай-ақ
мүліктер де теңгемен алынса (немесе орналастырылса),онда
Қазақстан Реслубликасының Үлттык банкісі
бекіткен қайта каржыландырудын 1,5-ке
еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша
шығарылған сомасы шегінде шегеріледі,
ал ол шетел валютасында берілген (немесе
орналастырылған) болса, онда ол Лондонның
банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі
(ставкасы) бойынша шығарылған соманың
шегінде шегерілуге тиіс.
Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салык төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейіңде шегерім жасауға рұксат етіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазакстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.
Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз кызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратың жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жәніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай қүқықтар банктерге де, үйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазакстан Республикасының Ұлттык банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аныктайды.
Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалган шыгындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.
Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шыгыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары-бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру кызметі Қаржы Министрлігінің кадғалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесскс қатысты болғандыктан, оларды календарлық қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жаткызуына құқысы бар.
Әлеуметтік төлемдерге арналган шыгыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезенде шегере алады. Кызметкерлсрдің денсаулығының зақымдауына, байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-а асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да зандарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.
Табиги ресурстардыгеологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шыгыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар; бағалау, жасақтау жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, қоммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.
Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жұзеге асады, ол кезде олардың:
Теріс багамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамынын айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады,
Ескерілмей калған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Кұрылыска алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамды қайырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына коса алынады.
Айыппұлдарда, өсімдерде, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.
Салықтарды шегеріс жасау. Бүл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдык жиынтық табыс аныкталғанға дейінгі салыктар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезендер үшін ағымдағы салык кезеңінде төленген салыктар да шегерілуі тиіс.
Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу