Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, реферат
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау – кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
Кәсіпкерлік адам қызметінің
ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған
кезінде атақты неміс экономистісі,
Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер
(1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай
сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер
болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі
Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер
- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын
экономисі – Ричард Контильон (1650-1758жж)
енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік
жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік
пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру
жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік
жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің
түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен
тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық
іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет
көп нышанда болады. Оларды мына түрге
бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша:
кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық
қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке
тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен,
ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен
адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік,
серіктестік, кооперативтер, акционерлік
қоғам, холдингтер және осыған тәріздес
мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық
жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс
істеуге негізделген экономикалық ойлаудың
ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың
басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар
еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет
иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті
жекешелендіру болып табылады. Әр бір
заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму
және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді
кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды
қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің
орын алуы капитализмнің қалыптасу және
даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық
саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі
XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар
«меншік иесі» деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму
тарихы 4 бағытта дамыды:
1 – бағыт. Кәсіпкерлікті
тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың
негізін салушысы болып француз экономисі
– Ричард Контильон болып саналады. Ол
мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы
мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу
мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады.
Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып,
кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып,
қымбат бағаға сатады».
2 – бағыт. Ж. Сей
мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты.
Олардың ойынша өндірістік факторлардың
бірі рационалдық комбинацияны жүзеге
асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс
табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік
теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық
бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер.
Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны
жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды.
Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам
ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал,
иновациялық өзгерістерге икемді адам
болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін
тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл
бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер,
В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен
тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен
менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады
және құрамдас бөлігі болып табылады.
Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет
көрсету саласына көп көңіл бөледі және
кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.
Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.
Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді
бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл
технологиялық жаңалық
Венчурлық бизнес ғылыми зерттеулердің
нәтижесі ғылымды көп қажет ететін,
жоғары технологиялық облысты
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату бойынша келісімдер.
Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды
біраз көздерден алуды талап
етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды
қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы,
валюта курсы, қарыз пайызы туралы,
қаржы қарыз операцияларын
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.
Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.
Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант”
сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен
шыққан. Өз мамандығының сұрақтары
бойынша кеңес беретін, белгілі
облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде
басқару сұрақтары бойынша
Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді:
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін.
АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.
Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз қабылданбайды.
Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді.
Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді.
Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.
Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру,
өмірді және денсаулықты сақтандыру,
тәуекелді жауапкершілікті
Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет.
Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлікті
дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды
жасануда, осы қызмет түрін реттеу
және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған
заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық
актілер қабылданды және қызмет етуде.
Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық
негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық
қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді
қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті,
акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті,
мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті,
шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын
бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.
Кәсіпкеріліктің
бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.