Бизнес ұғымы және бизнестің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, реферат

Описание

Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Работа состоит из  1 файл

Бизнес ұғымы және бизнестің даму тарихы Сапарова Айжан.docx

— 31.60 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерліктің  ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс  таңдау көптеген факторларға байланысты:

  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
  • Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте  меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім  қабылдау процесін жеке өзі бақылауға  бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын  қалайды.

Кәсіпкерліктің  осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық  қызығушылық және т.б.

Жеке  кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол  еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін  жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту  иесінің өзінің жеке қаржысын салуына  негізделген?

Жеке  кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел  оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді  жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын  қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік  жоғары және тәуекел өседі, сондықтан  үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта  әрбірінің белгілі, үлесі бар  және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің  қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды  тарту мүмкіндігі және кәсіпорын  ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды  жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз  тең материалдық жауапкершілік  алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге  келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің  қатысушылары екі топқа – толық  серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген  серіктестік) және коммандиттік серіктестер  жауапкершілігі шектелген серіктестікке  бөлінеді.

Коммандиттік  серіктестікте әріптестердің бір  бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде  шектелген жауапкершілік болуы  мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша  шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен  құрылады.

Жауапкершілігі  шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша  жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік  алады.

Ең  көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды  қағаз – акция шығару жолымен  қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде  оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік  алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің  негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға  болады.

Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация  – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация  құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар  кіреді.

Ассоциацияны  құрудың негізгі мақсаты –  ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді  бірігіп шешу.

Консорциум  – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің  мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы  салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі  салымдар кезінде туатын тәуекел  біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік  қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар  жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен  ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат  – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.


Информация о работе Бизнес ұғымы және бизнестің даму тарихы