Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі
Автор работы: s***************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:39, реферат
Описание
Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Содержание
І.Кіріспе ІІ.Негiзгi бөлiм Демократия – қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі
Тоталмтарлық-авторитарлық жүйеден демократияға өту кезеңі Саяси жүйелер және демократиялық құрылым
Демократия
– қоғам мен мемлекеттің өркениетті
дамуының негізі
Тоталмтарлық-авторитарлық
жүйеден демократияға өту кезеңі
Саяси
жүйелер және демократиялық құрылым
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Демократия
– грек тіліндегі “халық билігі”
деген ұғымнан шыққын сөз. Осы
сөздің төркіні айтып тұрғандай,
халық өзін- өзі басқаратын қоғам
құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан
бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын
бір адамды сайлап алып, оған сенім
білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық
елде халыққа қажетті заңдарды шығару
сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған
депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге
асады. Сол халық сенім артып сайланған
депутаттары арқылы заңдар шығарылып,
соған халық бірдей бағынады.
Бұл
демократиялық қоғамда халықтар өздері
сайлаған президентінің, депутаттарының
билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай
алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық,
жариялылық басты бағыт болып, заң алдында
бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына
бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды
жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен
жоғары бағаланатын құрылым.
Демократияның
негізгі принципі - әділдік. Әділдікті
– адамдардың көріп, есту түсінігімен,
айналада болып жатқан құбылысты
сезінуімен байқайды.
Әділдік
негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған
жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды.
Ал, демократияның мақсаты – адамдар
арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер
адам құқығы сақталмаған жерде немесе
сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде
жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі*
құқықтық демократия дегеніміз бос сөз
болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған
жерде демократияның болуы мүмкін емес.
Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына
елдің Конституциясы мен ел президентінің
қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны
іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық
мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым
қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі,
бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды
қызметі мен лауазымына қарамай,
теңдей көру, т.с.
Демократия
ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия
принциптері тең адамдар арасында, қоғамда
мәдени қарым- қатынаста жүзеге асады.
Қоғам өмірі жақсы жұмыс істеу үшін - өзара
келісім керек.
Түрлі
көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын
жерде ешқандай демократия болмайды.
Көзқарас, пікір ашық айтылса қандай істің
де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды.
Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып,
ал іс жүзінде оның негізгі принциптері
орындалмайтын болса, онда оны демократиялық
қоғам, құрылым деп айта алмаймыз. Яғни,
демократиялық қоғамның негізгі принциптері
жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп, алға
жылжуына септігін тигізеді.
Осы
кезге дейін демократиялық жүйенің
өз артықшылықтары мен кемшіліктері
болып келді. Бұл құрылым - әр елде
өзінің жағдайына қарай бұдан
кейін де дамып, өз табиғатына байланысты
өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып
отыратын демократиялық қоғам.
Демократия
- қоғам мен мемлекеттің
өркениетті
дамуының
негізі
Адамзат
бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған
жылдар бойында “қой үстіне боз
торғай жұмыртқалайтын” молшылық заманды
армандады. Сонымен бірге осындай тамаша
заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың
арасындағы келісім, өздерін-өздері билеп,
қызмет көрсету екені де белгілі болатын.
Тарихтың беттерінде талай қоғамдық жүйенің
түрлері, мемлекетті басқарудың жолдары
қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың
көңілінен шығатын, еркіндік пен молшылықты
қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен
үкіметтің арасындағы қарым қатынасты
реттейтін жан-жақты жүйені ойлап табуға
ұмтылмас жасады. Әр адамның әр-бір топтың,
ұлттың, таптың өз көзқарасы бар қоғамдық
өмірде барлық жақтың да көңілінен шығатын
жаңа жүйе табу, оны орнату оңай жұмыс
емес.
Елу
жыл бойы өзінің құнын жоймай келе
жатқан бұл анықтамадан екі мәселені
аңғаруға болады.
Біріншіден,
демократияны-азаматтардың бәрінен де
көңілінен шығатын, өмір бойы армандаған
асыл мұрат деп түсінбеуіміз керек. Демократияның
артықшылығы да осында-ол өзінің кемшіліктерін,
әлі де шешімін таба алмай жатқан мәселелері
бар екенін ешқашан жасырмады. Сол бір
қиын түйіндерді қоғамның барлық мүшелері
бірлесе отырып шешуге мүмкіндік туғызуда.
Сондықтан Демократияны “Құран сөзі”
деп қабылдайтындар қатты қателеседі.
Екіншіден,
шынында да талай тәжірибелерді
алдымызға жайып беретін тарих
беттерінде бүгінге дейін демократиядан
артық, одан қолайлы ешқандай жүйе жоқ.
Демократияның заңдары догма емес, ол
кез келген өзгеріске дайын және қоғаммен
бірге жетіліп, дамып отырады.
Демократиялық
басқару жүйесінің ең негізгі
және тиімді жол болып отырғанының
себебі неде?
Себебі
біреу-ақ: демократиялық қоғам орнаған
жерде азаматтар өзін-өзі басқаруды жүзеге
асыра алады азаматтардан-ұлттар, ұлттардан
халық, халықтан келіп қоғамдық қатынастар
туындайды. Олар біріне-бірі тәуелді немесе
билік иелеріне бағынышты болмайды. АҚШ
президенті Авраам Линкольн “Демократия-халық
үшін, халық арқылы жүргізілетін халықтың
билігі”, деген сөзді бекер айтпаса керек.
Бұл әрине демократияға берілген анықтамалардың
ішінде, біздің жиі естейтін, барлығымызға
да түсінікті жалпы ұғым. Дегенмен, осы
анықтаманы кеңірек талдайтын болсақ
екі сұрақтың туындайтыны анық:
Халық билігі
халықтық өздері шығарып өздері бекіткен
заңдар арқылы ғана жүзеге асырады. Көп
жағдайда демократия ұғымы бостандық,
“Еркіндік” сөздерімен қатар қолдануына
болады. Мағыналары жақын болғанымен
бұл сөздер бір ұғымды білдірмейді.
Әрине, демократия еркіндіктің негізінде
өмір сүреді, бірақ оның жүзеге асуының
басты шарты сол қоғамдағы заңдардың жиынтығы
болып табылады. Демократиялық қоғам-мемлекеттік
заңдарды мойындайтын азаматтардың қоғамы.
Қысқасы- демократия еркіндіктің заңмен
берілетін (немесе шектелетін) көрінісі.
Мемлекеттің
барлық түрі заң арқылы өмір сүреді.
Шексіз билік иелері-патшалар мен
диктаторлар да императорлар мен
корольдар да заң арқылы билік
құрады, өздерінің әділетсіз істерін
де жарлықың қалқасында жүргізеді. Сондықтанда
заңның бәріне бас иіп, соның айтқанымен
жүру барлық уақытта жақсылық бере бермейді.
Мемлекет жариялаған заңның бәрі халық
шығарған заң болып табылмайды. Тек қана
халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар
ғана демократиялық жүйенің кепілдігі
болып саналады. Кейбір жағдайларда билік
иелері халықтың талқасына түспеген, қолдау
алмаған заңдарды да өмірге ендіріп, азаматтардан
сол заңды толық ұстануды талап етеді.
Ондай заңдарды орындамауға, оны өзгертуге
күш салуға азаматтардың толық құқығы
бар.
2.Халық
өзінің билігін өздері сайлаған
өкілдері арқылы жүргізеді. Халықтың
өкіметті басқаруы-аса күрделі
мәселе. Мемлекеттің барлық азаматтарының
топырлап үкімет орындарына немесе
заң шығару орындарында отыруын
көз алдымызға елестете де
алмаймыз. Және мойындауымыз керек, мемлекетті
басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның
қолынан келе бермейді. Олардың міндеті-халықтың
ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын
жүзеге асыру. Халықтық мемлекет билігіне
араласуын қолдамайтындар “Машинаны
бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын
көз алдарыңызға елестеп көріңдерші,-деп
дау айтады,- біреуі рільді бұрып, енді
біреуі жылдамдықты басып, үшіншісі- тежегішті
жібермей келе жатса, не болады?. Одан да
басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда
баратынымызды, қалай жүретінімізді соның
өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз
сол машинаның ішіндегі жолаушылар боламыз….”
Бір
қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ,
сол жүргізушілерге басқару өкілдігін
халық қана бере алатынын есімізден
шығармайық. Үкіметті басқаратын жандар
мен қоғамның өмір сүру заңдарын дайындайтын,
оны бақылайтын адамдардың тобы сайлау
арқылы бекітіледі, оларға нақты жауапкершілікті
жүктеу арқылы ғана жүзеге асады. Сонда
ғана олар халық өкілдері болып саналады.
Талай билік иелері мен көсемдер халықты
бақытты өмірге жеткіземіз деп “рульді”
қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан
жақсы білеміз. Сол бағыттың дұрыстығына
күмән келтірген немесе қателік көрсеткен
жандарды басқаларға сабақ болсын деп,
машинадан лақтырып кеткендері де белгілі.
3.Халық
өздеріне берілген құқықтарды пайдалана
отырып, өздері сайлаған жандардың билігін
бақылай алады. Халық бақылауының жолдары
көп. Бірақ ең негізгі жол-қоғамдағы жариялылықтың
сақталуы. Мемлекетте қандай жаңалықтардың
болып жатқанын білу-әр адамның табиғи
құқығы, ал сол ақпараттарды үзбей жариялап
отыру-үкіметтің халық алдындағы міндеті
болып табылады.
Жариялылықтың
басты механизмі- ерікті ақпарат құралдары.
Газеттер мен журналдар, теледидар мен
радио қызметкерлері, журналистер қоғамдағы
әр-бір құбылысты қалт жібермей аңдып
отырады. Әсіресе билік орындарының жіберген
қателіктері, жасаған заңсыздықтары қылмыстары
халықтың көзінен таса болмау керек.
Бұл
бағытта азаматтардың өздері ұйымдастырған
сан түрлі қоғамдық бірлестіктер
де үлкен жұмыс істейді. Адам құқығын
қорғау ұйымдары мемлекеттегі адамдардың
жеке басының еркіндігінің бұзылмауын
бақылауға алса, саяси партиялар билік
тұтқасын ұстап отырған саяси күштің бағдарламасынан
бастап сайлау кезіндегі берген уәдесіне
дейін жіпке тізіп, тексеріп отырады. Сонымен
қатар әрбір мемлекеттік тұлғаның, саяси
қайраткерлердің моральдық адамгершілік
бейнесі жұртшылықтың көз алдында болады. Сөз
жоқ, мұндай “бақылау” билік орындарында
отырған жандарға ұнай қоймайды. Кейбір
елдер баспасөздің еркіндігін шектейтін
заңдар шығарып, теледидардан үкімет орындарын,
олардың іс қимылына сын айтатын хабарларды
көрсетпеуге күш салады. Билік орындарының
не істеп, не қойып жатқанын қарапайым
халық білмеген уақытта, олардың бақылаудан
кеткені деп толық айтуға болады.
Үкіметтің
жұмысын бақылау, оның жіберген қатесін
көрсетуі, қажет деп тапқан жағдайда есеп
талап ету- оған “қара күйе жағу”,
“жамандау” болып табылмайды. Жан-жақты
дәлелденген сындарды сын халыққа да көптеген
мәлімет береді. Олар өздері сайлаған
өздері ақша беріп, жұмыс істеп отырған
қызметшілердің, иә-үкімет-халықтың қызметшісі,
егер оны көпшіліктен жоғары тұрған төре
бастық деп түсінсек халық билігі ешқашан,
орнамайды, салтанат құрмайды, қай деген
де қалай жұмыс істеп жатқанын әрқашан
біліп отыруға құқылы.
Үкімет
орындарының жұмысын биліктің тағы
бір буыны-сот орындары да бақылап отырады.
Демократиялық қоғамдағы сот жүйесі сол
кезеңде жұмыс істеп тұрған Заңнан басқа
ешкімге де бағынбайды. Сот алдын да, заң
алдында атақ та, даңқ та, қызмет пен лауазым
да ешқандай роль атқармайды-азаматтардың
бәрі тең.
Қысқасы
демократиялық қоғамда үкіметтінде,
президенттің де іс-қимылы халық өкілдері
қабылдаған заңмен қатаң шектеледі,
мемлекеттен бастап жеке азаматтарға
дейін сол заңдардың сақталуын
бақылауға алады.
“Демократия”
деген сөздің аудармасын бәріміз білеміз,
яғни “халық билігі”. Қазір бұл сөз бірнеше
мағынада қолданылады:
1.Мемлекеттің
тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.
2.Қоғам
мүшелерінің теңдігіне, басқару
органдарының мерзімді сайлануы
және көпшілік дауыспен шешімдер
қабылдау принциптеріне негізделген
кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3.Қоғамдық
құрылымның арман-ансары және
соған сәйкес көзқарастар демократияның
көпшілік бірыңғай анықтамасы
жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар
оны әр басқа түсінген. Оның
үстіне, әр алуан елдерде олардың
ұлттық тарихи және т.б. ерекшеліктеріне
байланысты демократия сан түрлі рең алуы
мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің
көптүрлігіне қарамастан, олардың ортақ
белгілері болады.
Ондай
белгілерге төмендегілер жатады:
1.Халықтың
заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір
бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы,
конституциялық биліктің халыққа тән
екендігіне сөз жеткізеді. Ол жоғарғы
органдарға өз өкілдерін сайлайды және
жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай
мемлекеттерде халықтың бастамасымен,
референдум арқылы заңдар жетілдіреді
және қабылданады. Сондықтан, АҚШ-тың төртінші
президенті А.Линкольн демократияға “халық
үшін халық сайлаған халық билігін” жатқызады.
2.Халық
билігін орнату үшін оған жағдай
жасау керек. Ондай жағдай теңдік
болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда
өмір сүрген гректің атақты тарихшысы
Геродат сол кездің өзінде демократия
деп теңдікке негізделген мемлекетті
айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық
салада-халық жиналысында, мемлекеттік
істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда
және т.т.с.-болуға тиіс.
3.Табиғатына,
әлеуметтік, саяси, мәдені және
т.т.с. ерекшеліктеріне байланысты
адамдар әр-түрлі келеді. Солардың
бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін
заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек.
Бұл екеуі жалпы және барлығына бірдей
қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың
негізі һәм қорғаушысы есепті. Олар қоғамдағы
қатынастарды реттейді, қажетті деген
іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған
кереғар қимыл-әрекет атаулыға тыйым салады,
тәртіп бұзғандарды жазалайды.