Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі

Автор работы: s***************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:39, реферат

Описание

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негiзгi бөлiм
Демократия – қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі

Тоталмтарлық-авторитарлық жүйеден демократияға өту кезеңі
Саяси жүйелер және демократиялық құрылым

ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Реферат когамдык сектор.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)

      Демократияның алуан-түрілік теориясы саясат ісіне  барлық азамат тікелей қатысу ойынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни азамат саяси барысының басты тұлғасы болудан қалады. Өйткені бұл қисын саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде ғана емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен осы көзқарасты жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясат серкесі-жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл ой-түйін дарашылық және ұжымдық байламдар арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай. Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа көп деген мүдделер туындайтыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар төбе көрсетеді. Қандай адамда осындай белгілі бір топтың(отбасылық, этникалық, мамандық, діни аймақтық және т.с.с.) өнімі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік ашады.

      Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік  беру, саяси шешімдерге өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.

      Саясатта  топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған - Артур Бентли (1870-1957) ол үлкен мағынасындағы  мемлекеттің мақсаты саяси іске әртүрлі топтардың мүдделерін  тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты “түнгі күзетші”  ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы  ретінде қарайды.

      Демократияның алуан түрілік теориясының тағы бір ерекшелігі-биліктің араласуы, сіңуді (диффузиялануы) яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип) саяси жарысқа қатысушы түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.

      Демократияның төбетоп (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген нысанға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар, саяси шешімдерді аз ғана санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси қаракетке таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүддесін қорғап, саяси шешім қабылдауды, кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбетоптар өзара күресе білсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.

      Жоғарыда  аталған тұжырымдардан басқа, демократияның  марксистік байламы бар. Ол Руссоның ұжымдық қисынына ұқсас. Бірақ, Марксистер демократиялық таптың мәніне баса көңіл  береді. Францияның саясатшысы М.Рокар  “ақпараттық демократия” деген  тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша қазіргі демократия сайланған адамдар ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат-билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.

      Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі  батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.

      Демократияны: 1.тура

     2.плебесцитарлық

              3.өкілдік   демократия  деп бөледі.

      1.Тура  демократияда халық маңызды саяси  шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге  тікелей қатысады. Оның жақсы  жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді,  саяси жүйенің тұрақтылығын және  басқарудың ұтымдылығын арттырады. Халықтық белсенділігін дамытып тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын, бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді; билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды; басқарушы төбетоптың халықтан алшақтауына мүмкіндіктердің бюрократтауына жібермейді.

      Тура  демократияға референдум плебесциттер жатады. Референдумға маңызды заң  шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Мысалы, Францияда ірі референдумдар Конституция (1958 жыл) және Алжир автономиясы (1961 жыл) туралы өттті. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.1

Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілеттігі ұзартылды, 1995 жылы Конституция қабылданды.

Тура (төте) демократияда қоғамның барлық азаматтары мемлекет шешімдерін қабылдауға сайланған  немесе тағайындалған өкілдердің араласуынсыз- ақ өздері тікелей қатыса алады. Мұндай системе шағын ұйымға ғана тиімді. Мысалы, қауымдық ұйымның немесе тайпалық кеңестің не кісіподақ ұйымының жергілікті бөлімшесінің мүшелері оңаша бөлмеде кездесіп, мәселелер қарап келісімге келеді немесе көп дауыс алу арқылы шешімдер қабылдай алады. Демократияның тарихы отаны ертедегі Афинада 5000-нан 6000-ға дейін, сірә бұл жерге жинала алатын адамдардың мөлшері болуы керек, адам жиналып, төте демократияны іске асырып отырған. Төте демократияның күрделі де көлемді жаңа қоғамда мүмкіндіктері аз. Тіпті Америка құрама Штаттарының шығысында, Жаңа Англияда, қалалық жиналыстың салтын сақтап, оны қастерлеп өткізіп тұратын жерлерде көптеген қауымдар іске көтеріп, ұлғайған, кезде барлық тұрғындардың бір жерге жиналып өз өмірлеріне тікелей байланысты мәселелерді төте дауыс беру арқылы шешуі қиындық туғыза бастады. Қазіргі кезде халық санының өсуі, тура демократияны жүзеге асыруға қиындық әкеліп отыр. Сондықтан жаңа өкілдік демократия қоғамдық билікте көрініс тапты. Бұл миллиондаған халқы бар ел үшін де демократияның саяси шешімдер қабылдау үшін өкілдер сайланатын, заңдар жасап, халық игілігіне арналған бағдарламаларды іске асыратын кең тараған түрі өкілдік демократия. Мұндай өкілдер күрделі мемлекеттік мәселелерді барлық уақыты мен күшін салып жүйелі түрде салмақтап шешіп отырады. Мұндай мәселелерді азаматтардың көпшілігі бас басына тиімді шеше алмаған болар еді. Осындай өкілдерді сайлаудың толып жатқан әдісі бар.

      Сонымен мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей олар көптеген жақсы жақтармен сипатталады. Сонымен қатар, олардың осал жерлеріде бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ.

Саяси жүйелер және демократиялық құрылым.

      Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен  қызметін анықтаудың алдыңғы саяси  жүйе деген ұғымға тоқтала кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның саяси жүйесіндегі  негізгі институттардың бірі болып  табылады. Адамзат қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер бала оқытып, тәртіпті бақылайды. Бұл еңбектердің бәрі де сол адамның өзін де, қоғамға да пайда берер: сөзсіз, сонымен қатар “Саясат” деп аталатын ерекше қызметтің түрі бар. Оның ерекшелігі-қоғамдық өмірге тигізетін әсері деп білуіміз керек. Қоғамның өзгеруі мен дамуына, бұзылуы мен жанғаруына жауапты болатын саясаткерлер көпшілікпен, әлеуметтік топтармен, түрлі көзқарастың иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Саяси қызмет белгілі бір тәсілдерді механизмдерді және соны жүзеге асыратын құрылымдарды талап етеді. Адамзаттық тарихи даму барысында сол құрылымдарда пайда болып, қоғамдық өмірден өзінің орнын алады. Олар – саяси жүйе мен мемлекет.

      Саяси жүйе – сан саланы қамтитын қоғамдық, мемлекеттік, саяси ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Солардың қызметінің арқасында ғана қоғамдық билік орнайды, заң мен тәртіп жүзеге асады. Саяси жүйенің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызамыз:

Халықтық  билікке араласуын қамтамасыз ету. Демек саяси жүйенің аясында адамдлардың, ұйымдар мен бірлестіктердің саяси қызметі жүзеге асады. (Бұл жерде демократиялық саяси жүйе туралы айтып отырмын. Егер диктатуралық немесе тоталитарлық биліктің түрі болса, адамдардың саяси қызметінің шектеулі немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін).

Саяси жүйе азаматтардың құқықғы мен еркіндігін қамтамасыз етеді. (Немесе оларды шектеулі жүзеге асырады). Саяси жүйеге, саяси  қарым-қатынастар, саяси ұйымдар, саяси  көзқарастар мен идеологиялар жатады. Саяси жүйенің басты белгісі  мемлекет болып табылады. Барлық саяси жұмыстар, идеологиялық таластар, өзгерістер мен жануарлар мемлекеттің қол астында жүріп жатады. Алғашқы мемлекеттерден бастап бүгінге дейін осы бір күрделі де негізгі құрылымға деген түрлі көзқарас толастаған жоқ. Адамдар қауым болып бірге өмір сүрген соң барлығы да бағынып, айтқан сөзін тыңдайтын, тәртіп пен тыныштық орнататын және соның кепілі бола алатын, бір орталықтың, құрылымның керек екені де сөз жоқ. Бірақ сол құрылым (мемлекет) халықтың тілегін атқап, мүддесін жүзеге асыра алады ма, әлде қоғамды құлдыратып, ыдыратып, езіп жаншитын басқару орны болады ма? Олар қоғамды қалай басқарады? Басқаратын жандар кімдер болу керек? Халықтың көңілінен шықпаған жағдайда, оларды қалай ауыстыру керек? Деген көптеген сауалдарға өз заманының зиялы адамдары жауап іздеген. Біреулер мемлекеттің қажеттілігін аспанға көтере мақтаса, енді біреулер оның кемшіліктерін көрсетіп, ондай құрылымды мойындағысы келмейді. Грек философы демоакрит (б.э.д. 370-460ж) мемлекет қоғамның әділдігін қамтамасыз етеді деп санаған “жақсы мемлекет мықты қоғам сияқты: оның ішінде бәрі дер бар, мемлекет сақталғанда, оның ішіндегілер де сақталады, ал ол күйрегенде, онымен бірге бәрі де апатқа ұшырайды”-дейді ол.

      Римнің  әйгілі шешені, мемлекет қайраткері Цицерон (б.э.д. 43-106ж.) да мемлекетті – халықтың байлығы деп түсінген. Бұларға қарама қарсы иелері анархистер деп аталады, олар мемлекетті жеке адамның еркіндігін шектейтін, зорлық арқылы билік жүргізетін құрылым деп санады. Анархизмнің негізін салушылардың бірі М.А. Бакуниннің “Егер мемлекет болса, міндетті түрде билік болады, ал билік дегеніміз – біреулер үшін құлдық болып табылады….” Деген сөздері бар.

      Енді  мемлекеттің басқару түрлеріне  шолу жасайық. Басқару түрлерін анықтаудың ең қарапайым, оңай жолы билеушілердің  құрамынан-ақ көрінеді. Егер мемлекетті бір адам басқарса және оның билігі тұқым қуалап, әкеден балаға мирас болып отыратын болса, ондай басқару түрін – монархия деп атайды. Егер елді халықтың ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топ басқарса, оны басқарудың аристократиялық жолы дейміз. Ал басқарудың үшінші түрі – халық билігі немесе демократия. Басқару түрлеріне қарай, “қоғамдпа әділ билік жүргізіліп” немесе ”ондай қоғамда тек әділетсіздік орын алады” деп кесіп пішуге болмайды. Бұл жерде екі мәселеге ерекше көңіл аудару керек. Біріншісі – биліктің нәтижесі қоғамдағы көрініс. Егер сол басқару түрі халықтың тұрмыс тіршілігін, әл-ауқатын жақсартса, қоғамда тыныштық орнаса, демек билік жүйесі қоғамның дамуына сай болғаны. Ондай билік жүйесін халық қолдайды, өзгертудің қажет деп санамайды. Екіншісі – биліктің орнау жолының заңдылығы. Бір елді диктатор билеп отырса дегенді естісек, көз алдымызға патша немесе король елестейді. Әрине, диктаторлар да монархия да елді бір адамның билеуін көрсетеді. Бірақ біз монархияны диктаторлық биліктен жоғары қоямыз, себебі монархия сол елдің заңы арқылы билік құрады, ал диктатор заңды бұза отырып басқару орнына келеді немесе заңды жолмен келе отырып, белгілі бір уақытта мемлекеттік заңды, Конституцияны аяққа таптап, өзінің дегенін, ойына келгенін жүзеге сасыра бастайды. Бұл басқарудың үш түрі де нақты заңдары мен билігі шектелмеген уақытта, жеке адамның немесе топтың мақсат-мүддесін көздеген кезде Конституиялық биліктен Конституциялық емес билік түріне көшеді.

      Монархия  – тиранияға айналады,

      Аристократия – олигархияға айналады,

      Демократия  – охлакратияға айналады. 

      Билік түрлерінің жоғарыдағыдай жіктелуі – шартты түрдегі ажырату. Нақты  өмірде билік түрінің сан қилы нұсқасын кездестіруге болады. Қоғамдық өмір ғылыми теорияға бағына бермейді. Кейде конституциялық билік түрінің заңсыз билік жүйесіне айналғанын сол елдің азаматтарының көпшілігі аңғара да алмай қалады. Алғашқыда мемлекеттік заңдар “қажеттіліктің талабына” бұзыла бастайды да, уақытша заңдар туады, адам құқықтары шектеледі. Бірте-бірте халықтың қарсылығын көрмеген билік иелері өзінің күштеу аппаратының қызметіне сүйене отырып, шексіз әкімшілік жолына түседі

Тоталитарлық - авторитарлық жүйеден

демократияға  өту кезеңі.

      Тоталитарлық  немесе авторитарлық жүйеден демократиялық  басқару түріне көшу кезеңі өте күрделі және ұзақ болатынын тарих талай дәлелдеген. Бұл процесті жасанды жолмен жылдамдату, кей жағдайда, әлеуметтік жарылысқа да алып келеді. Сондықтан да бірден – бір дұрыс жол – тұрақтылық жағдайында, жоспарлы түрде реформа жүргізу болып табылады. 

      Тарихқа көз тастасақ, революция әрқашан  демократия әкеле бермейтінін көреміз, кейде алдында тамаша мақсат қойған революцияның нәтижесінде тағы бір  тоталитарлы немесе таза авторитарлық мемлекет дүниеге келеді. Мысалы: 1917 жылғы Қазан революциясы монархияның орнына большевиктік тоталитарлық қоғам орнатса, Ирандағы революция шахтың билігін жойды, бірақ авторитарлық діни тәртіпті қалыптастырды.

      Өтпелі  кезеңде қоғамның түрлі топтарының арасында өткен өмірді аңсау, оны  болашақтан жоғары қою, демократиялық қоғамның көлеңкелі жақтарын бас көтеріп, қашқақтау да кездеседі, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды есепке алмай, мемлекетті радикалды іс-қимылға итермелеу де орын алады. Оның бәрі әлі аяғынан тік тұрып үлгірмеген демократиялық құрылымдардың қызметіне сенімсіздік тудырады, автотаризмге жол ашады.   

    Демократиялық құрылымның түрлері.

      Бүгінге дейін тарихта өмір сүрген мемлекеттік  құрылымның түрлі нұсқауларын салыстыра  қарағанда демократияның негізгі  артықшыларын көреміз. Біріншіден, демократиялық қоғамдағы мемлекет өзінің күш жігерін халықтың еркін өмір сүруіне бағыттайды, олардың құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Екіншіден, демократиялық басқару түрі саяси биліктің бір қолға жиналуына мүмкіндік бермейді. Биліктің түрлі саласын бөле отырып, олардың міндеттерімен құқықтарын қатаң шектейді, бақылауға алады, екінші жағынан, әр сала өзінің билігін шектей отырып, басқа саламен бір бағытта жұмыс істейді, демек мемлекеттік саясатта жүзеге асыруда ұжымдық жауапкершілік нығаяды.

                  Демократиялық жүйе басқарудың екі түрін:

1. Президенттік  басқару;

2. Парламенттік  басқаруды ұсынады ( кей жерлерде  бұл терминдер Президенттік Республика, президенттік демократия деп  те аталады.)

      1.Президеенттік  басқару мемлекеттің басшысы  Президент болып табылады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы билікке келеді де, Парламенттен тәуелсіз болады. Үкімет мүшелері, көп жағдайда, парламент мүшесі бола бермейді, ал президент үкіметті тағайындау кезінде парламентке тәуелді болмайды. Таы бір маңызды ерекшелігі – Президент тең мемлекет басшысы ғана емес, үкіметтің басшысы болып есептелінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өкілдіктері нақты белгіленеді және шектеледі. Қазақстан Республикасы Президенттік басқарудағы мемлекет. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Информация о работе Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі