Депозит нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:35, реферат

Описание

Бұл жұмыс бойынша алдыға қойылған міндет депозит нарығының еліміздегі қалыптасқан жағдайын ашып көрсету.
Осыған байланысты бұл жұмысымтың құрылымы төрт бөлімнен тұрады.
1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.
2.Депозиттік операциялар түрлері
3.Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны
4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері мен
депозит нарығын дамыту жолдары.

Работа состоит из  1 файл

KURSAVOI.docx

— 46.15 Кб (Скачать документ)

                                            Кіріспе

          Қазіргі  заманғы экономикалық  даму кезені  елімізде  Ж.І.Ө-нің,  негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің  төмендігі, жұмыссыздықтың көбеюімен  сипатталады.

          Жұмыссыздықтың көбеюімен инфляцияның  өсуі  халықтың сұранысын тиісінше  азайтуда.Ал бүкіләлемдік қаржы   дағдарысының әсерінен туындаған бұл келеңсіз жағдайлар еліміздің депозит нарығына да өз әсерін тигізуде.

         Қазақстан Республикасының депозиттік  қызметінің құрылуына да көп  уақыт болмаса да нарықта белгілі  тұрақтылығымен сипатталуда.Бүкіләлемдік  қаржылық дағдарыс еліміздің  кейбір салаларымен  ішкі жағдайын  шиеленістіргенімен коммерциялық  банктерге депозит нарығында  жаңа межелер белгіледі,  яғни  дағдарыс салдарынан болған депозитке  деген инвестициалық көзқарасты  қайта қарауға мәжбүр етті.Депозит  мәселесі бұл ауқымды мәселе  болып табылады.

       Сол себепті менің бүгінгі  таңдағы қарастыратын  тақырыбым  еліміздің депозит нарығы мәселелері  мен  оның даму перспективалары  болмак.

       Жұмыстның мақсаты- Қазақстанның депозиттік нарығының жетілдіру жолдарын оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында, депозиттік қатынастардың теориялық және практикалық аспектілерін, төлемдерді кепілдендіру жүйесін ұйымдастырудың әлемдік тәжірбиесін талдау негізінде бағыттарын дайындау болып табылады.      Бұл мақсатқа жету үшін  келесідей  мәселелерді жолға қойдым:

       1.депозит нарығының маңызын ашу

       2.депозит нарығының елімізде  дамыту үшін алғышарттар белгілеу

      Бұл жұмыс бойынша алдыға қойылған міндет депозит нарығының еліміздегі қалыптасқан жағдайын ашып көрсету.

      Осыған байланысты  бұл жұмысымтың құрылымы төрт бөлімнен тұрады.

      1.Депозит нарығының мәні, депозит  нарығың мағынасы мен рөлі.    

      2.Депозиттік  операциялар түрлері

        3.Қаржы  нарығындағы депозит нарығының  рөлі мен орны

       4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері мен                        

          депозит      нарығын     дамыту    жолдары.  

  1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.    

          Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу  т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не қарыз мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.

            Депозиттік операциялар алғашқы кезде алтын монеталарды сақтау формасы түрінде қалыптасты, оның мақсаты монеталардың жақсы сақталуы болатын. Сақтағаны үшін қожайын белгілі –бір сыйақы төлеуі тиіс болған.

             Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар  түрлі формаларға бөлініп, түрлі  елдер бойынша әр түрлі болып  табылады. Дегенмен кез-келген қаржы  институты үшін салымшыларды  тарту және несиелік ресурстардың  негізгі көзі ретінде депозит  базасын кеңейту басты мақсат  болып табылады. Ақшалар жинақтаушы  функциясын орындап депозиттерге  айналады, ал олар халықтың, шаруашылық  субъектілердің және т.б. жинаған  қаржысы болып табылады. Клиенттің  барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары. 

             Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Депозит нарығы қаржы нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны ерекше болып табылады.Депозит нарығында депозиттік операциялар жүзеге асырылады.

           Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

депозиттік операциялар  банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік  жасауға негізделіп ұсынылады;

депозиттік операцияларды  ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне  және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады:

депозиттік операцияларды  жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың  мерзімдері мен сомалары бойынша  несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің  болуын қамтамасыз ету қажет;

депозиттік операцияларды  ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;

депозиттік операцияларды  ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;

депозиттерді тартуға  әсер ететін банктік қызметтерді  дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын  қарастырған жөн;

            Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

 

 

 

 

           2 . Депозиттік операциялар түрлері

         Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.   Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:

— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы  есебiнен аударулар;

— басқа заңды тұлғалардан  алынған несиелер;

— депозиттік операциялар.

Депозиттік операциялар  — бұл заңды және жеке тұлғалардың  тартылған қаржылары бойынша  белгiлi бір мерзімге немесе талап  ету салымы бойынша банктердің операциялары.

     Депозиттік  операцияларды жүргізу кезiнде  кез келген банк өздері дайындаған  депозиттік саясатты ұстанады  және олар өз кезегiнде келесi  ережелерге негiзделедi:

— депозиттік операциялар  банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік  жасауға негiзделiп ұсынылады;

— депозиттік операцияларды  ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің әр түрлi нысандардың  үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;

— депозиттік операцияларды  жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың  мерзiмдерi мен сомалары бойынша  несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің  болуын қамтамасыз ету қажет;

— депозиттік операцияларды  ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;

—  депозиттік операцияларды  ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің  ең аз болуына талпынуы керек;

— депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн  жоғарылату шараларын қарастырған  жөн.

Көптеген ұсақ және шағын  банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер  қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен  ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос  ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде  ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

    Халықаралық банктiк  тәжірибеде барлық депозиттер  төрт топқа бөлiнедi:

— мерзiмдi депозиттер;

— талап етiлмелі депозиттер;

— жинақ салымдары;

— бағалы қағаздар.

     Бiрiншi топ  — талап етiлмелi депозиттер, олар  сондай-ақ чектiк депозиттер деп  те аталады. Талап ету депозитi  түрiнде қаржы тарту кезiнде  банк пен салымшы арасында  келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит  — бұл міндетті түрде өтелуге  тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық  беретiн шот. Чектiк депозиттердің  ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен  және чек жазу арқылы төлем  жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап  бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк  бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге  асыру үшін есеп операциялары  мен өткізбелерінің айтарлықтай  көлемi керек, көптеген банктер  осы шарттарды қолданғаны үшін  төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем  мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын  чектер саны мен депозиттер  мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде  шотта банктің өзінің коммерциялық  мақсаттары үшін қолданылатын  жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса,  банктер кейбiр кездерде бұл  төлемдердi алудан бас тартады.

     Талап ету  депозиттік шотының ерекшелiктерiне  мыналарды жатқызуға болады:

— ақшаны салуға немесе алуға  шектеудiң болмауы;

— ақша шоттан қолма-қол  түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;

— шот иесi банкке тұрақты  айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;

— Ұлттық банкке ең аз резервтің  мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда  үлкен үлесінің сақталуы.

      Талап ету  депозитінің бір түрі банктің  клиентпен барлық операциялары  есептелетiн контокоррент — бірыңғай  шот болып табылады. Контокоррентте  банк қарыздары, сондай-ақ шоттан  клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесi шығындардың түсiмдерден артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келiсiмге сәйкес анықталған сома шегiнде несие алуға мүмкiндiгi бар.

      Талап ету  депозитiне сондай-ақ ағымды овердрафт  шотын жатқызуға болады, овердрафт  — банк пен клиент арасындағы  келісiмге сәйкес, банк анықтаған  мөлшерде шотта бар қаржы көлемiнен  артық соманы алуға мүмкіндік  беретін шот, бұл да несие  алмасуды бiлдiредi Овердрафтың  контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ  сипатты болуында. Атап өтетiн  жайт, овердрафт шоты қосымша  депозиттік шоттар ашу мүмкiндiгiн  шектемейдi. Овердрафт ағымды шоты  жеке және заңды тұлғалардың  уақытша шығындарын жабу үшін  ашылады.

      Талап ету  депозитінің басқа бiр түрі  — нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің  жоғары шегі жоқ шоттар, яғни  ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар  — бұл қолма -қол ақшаны  қолдану шоттары оларды ашу  кызметтер кешенiн ұсынады.

       Депозиттік  шоттардың келесi түрі — автоматтық  аудару шоттары (АТS-шоттар). Жинақ  шоттарынан ақша қаржыларын автоматты  түрде аударуға мүмкіндік беретiн,  чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге  пайыз әкелетiн депозиттің түрі. Банктер салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке  ала отырып пайыз әкелетiн шоттарды  талап етуге несиенің артуын  жабу немесе чектiк шоттардағы  ең аз балансты көтеру талабы  туыдаған кезде автоматты түрде  қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға  өте аз соманы салымда талап  етуге дейiн сақтауға және бiр  мезетте шоттар бойынша автоматты  түрде аударылған пайыздар алуға  мүмкіндік бередi.

      Бұл депозиттерден  тыс көптеген банктердің баланстық  есеп берулерiне «банк қызметкерi  жазған чектер және куәландыратын  чектер» деп аталатын шағын  баптар енгiзiлiп жүр. Куәландырылған  чектер — банк қызметкерлерi беретiн  төлемi кепiлденген чектер. Банктер  чектi куәландыру кезiнде, куәландырылған  чекте керсетiлген соманы салымшы  шотынан алады және оны жеке  шотта ұстайды. Сонымен қатар,  чектi банк қызметкерлерiнің бiрi  немесе банктің меншiктi шығындарын  төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің  жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер  жазған чек сомасына теңестiрiп  депозит құрайды. Талап ету  депозиттерi бойынша эксплициттiк  пайыздың кiрiстер төленбеуiне  байланысты банктің көтеген клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының  мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы  әдістерiнің бiрi автоматты тазалау  шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi  пайдалану. Мұндай шоттармен ағымдағы  операцияларды жүргiзе отырып, банк  клиентпен келiсiлген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты “тазартады” немесе оларды аударады, оларды пайыздық кiрiс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатьш алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны банк күнде iскерлiк күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитiне аударылады.

Информация о работе Депозит нарығы