Депозит нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:35, реферат

Описание

Бұл жұмыс бойынша алдыға қойылған міндет депозит нарығының еліміздегі қалыптасқан жағдайын ашып көрсету.
Осыған байланысты бұл жұмысымтың құрылымы төрт бөлімнен тұрады.
1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.
2.Депозиттік операциялар түрлері
3.Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны
4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері мен
депозит нарығын дамыту жолдары.

Работа состоит из  1 файл

KURSAVOI.docx

— 46.15 Кб (Скачать документ)

      Көптеген  банктер өзінің клиенттерiнен  компенсациялық балансты ұстануды  талап өтедi, бұл талап ету салымдары  бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн  нысанды, яғни банктерге банктiк  қызметтердi төлеу үшін қажет.  Компенсациялық баланс яғни ақша  корларын тартуға орташа шығындарды  азайту жолымен қорлардың орташа  құнын төмендету айтарлықтай  тиiмдiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда  компенсациялық баланс неие ұсыну,  сондай-ақ банктiк карыз бойынша  пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін төлемдi ұсынады.

     Депозиттің  келесi тобы — жинақ салымдары.  Жинақ депозит туралы келiсiм  (1 -қосымша) негiзiнде ашылады.  Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің  басты типi жинақ кiтапшаларындағы  шоттар, жинақ салымының жағдайы  туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ  ақша нарығының депозиттік шоттары  болып табылады.

   Жинақ кітапшаларындағы  шоттар — бұл жедел алуға  болатын, пайыз әкелетiн чектiк  емес депозиттер.

    Олардың ерекшелiктерiне  мыналар жатады:

— кiтапшалы жинақ салымында  тұрақты мерзiмiнің болмауы;

— банктер салымшылардан  ақша қаржысын алу туралы алдын ала  хабарлауды талап етуге құқылы болса  да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;

— шоттың жоғары шегiн белгiлеу  мүмкіндiгi;

— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ  кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;

— шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.

     Жинақ салымының  жағдайы туралы жазбасы бар  шотттар жинақ кiтапшаларындағы  шоттарға ұқсас, алайда олар  үшін шот жағдайы туралы кезеңдiк  жазбалар жазбаның жүргiзiлу тұрғысынан  жинақ кiтапшаны ауыстырады. Олар  бойынша осындай пайыз төленедi  және олар осындай функцияны  орындайды.

      Ақша нарығының  депозиттік шоттары алғаш рет  1982 жылы енгiзілген жинақ салымдарының  бiр түрін ұсынады. Қазiргi кезде  оларда жинақ кiтапшасындағы шоттармен  салыстырғанда, ол бойынша пайыз  мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң  өзгеруiмен реттелетiндiгiн және  бұл шоттарды қолдану кезiнде  операцияларды тiркеу үшін жинақ  кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген  ұқсас сипаттары бар.

    Жинақ салымдарының  ерекшелiгi мынадай:

— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;

— салымда ақша нарығының  депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;

— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап  етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;

— осы шоттар бойынша  салымшы чектердің тек санаулы  шектелген санын жазуға құқылы;

— бұл шоттар қызмет жасау  мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;

— банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесiнен белгiленген төлем  алынады;

— егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша  белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.

      Кең тараған  топтардың бiрi — мерзiмдiк салымдар, оған мерзiмдiк салымдар және  салымды алу туралы алдын ала  хабарлауы бар салымдар кiредi. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ  мерзiмге, яғни бiр айдан кем  емес мерзiмге салынады. Салымшылар  басқа депозиттерге қарағанда  неғұрлым үлкен пайыз алады  және салым салымшыға алдын  ада келiсiмде көрсетiлген мерзiмде  қайтарылады. Банктер салымды  өз жарауы бойынша келiсілген  мерзiм ағымында толық пайдалана  алады. Депозиттің бұл типiн  ашу үшін мерзiмдiк депозит  туралы келiсiм жасалынады ( 2- қосымша). Бұл салымдар қабылданатын мерзiм  4 топқа бөлiнедi:

— 30 күннен 89 күнге дейiн;

— 90 күннен 179 күнге дейiн;

— 180 күннен 359 күнге дейiн;

— 360 күннен жоғары.

    Мерзiмдi салымнан  қаржы алу үшін банкке күнi  бұрын хабарланған салымшының  арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес пайздық  мөлшер белгiленедi. Егер клиент  банктi қаржы алу туралы хабардар  етсе, банк болатын өзгерістердi  ескере отырып, өзінің активті  операцияларын басқа көз есебiнен  қайта қаржыландырады, қаржыларды  алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi банк клиент кiрiсiн  азайтуға құқылы.

     Депозиттердің  төртiншi тобы — бағалы кағаздар, депозиттер түрі ретiнде былайша  бөлінедi:

— аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің, акционерлiк қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;

— сақтаудағы және қарызды  қамтуға қабылданған акциялар мен  облигациялар;

— шетел операциялары бойынша  құндылықтар мен құжаттар;

— Депозиттік сертертификаттар.

     Депозиттік  сертертификаттар қаржылық құралдардың  ең бір кең тараған түрі.

Депозиттік сертификат —  эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы немесе оның құқық кабылдаушының мерзiмi аякталғанда  салым бойынша салым сомасын  және ол бойынша пайыз алу құқын  куәландыратын жазбаша куәлiк.

       Депозиттік  сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың  бiр түрі, сол себептi ол сатылған  тауар немесе көрсетiлген қызмет  үшін есеп айырысу немесе төлем  құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ  оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне  жолдауда шектеулер болады. Талап  ету құқын ұсыну — цессия, ол  Депозиттік сертификаттың сырткы  бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға —  цедент пен құқық алушы цессионарий.  Сертификатты қайтару мерзiмi  жеткенде, банк сертификатты және  қаржы түсетiн шот көрсетiлген  салымшы өтінішіне қарсы төлем  жасайды. Банк талап ету құқын  ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз  орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар  аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының  сәйкестiгiн тексередi.

Депозиттік сертертификаттардың  екi түрі болады:

— жолданбайтын — салымшыда  сақталады және төлем мерзiмi жеткенде банкке    ұсынылады;

— жолданатын — екiншi нарықта  сатылуы немесе басқа тұлғаға  өтуi мүмкін.

     Жолданатын  депозиттік  серсертификаттар капиталды  кез келген мерзiмге тиiмді  инвестициялауға  көмектеседi ал  қажет болған жағдайда сертификаттардыды  тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға  болады.

Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:

• Шығарылуыбойынша:

— бiр рет;

— сериямен шығарылатын.

• Ресiмдеу тәсілі   бойынша:

— арнайы;

— ұсынушыға.

• Төлеу шарттары бойынша:

—анықталған есеп айыру  кезеңі аяқталғанға дейiн пайыздың мөлшерi үнемі 

 • Төленіп тұратын  сертификаттар;

— сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн сертификаттар.

     Депозиттік  сертификаттарды жаңа шығарымдармен,  салымның басқа түрлерiне немесе  талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қолемес  аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.

    Банкте шығарылатын  сертификаттарды баспалық тәсілмен  шығарылуы және осы сияқты  бағалы қағаздарға қойылатын  талаптарға жауап беруі тиіс.

    Сертификаттарда  мiндеттi түрде келесi деректемелер  болуы тиiс:

— аты;

— сертификатты ұсыну себебi;

— ұсыну күні;

— салым сомасы;

— депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға банктің сөзсiз мiндеттемесi;

— сертификат сомасын талап  ету күнi;

— пайыз мөлшерi және есептелетiн  пайыз сомасы;

—эмитент банктiң аты  және мекен-жайы;

— банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге қол қоюға  өкiлеттi екi        тұлғаның қолы.

    Банк сертификаттар  шығарады және меншiктi сертификаттарды  шығару мен орналастыру шарттарын  еркін дайынайды. Өз сертификаттардын  тиiмдi орналастыру үшін банктер  келесi мiндеттемелерді назарға  алады:

— инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме   деңгейі;

—салымшыға ыңғайлы сертификаттың  ең аз шегін;

— пайыздық мөлшер қайта  қараудың икемді механизмі;

— шығарымды стандартты шарттарын ;

— номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;

— кең жарнаманы.

    Жай депозиттiк  сертификаттармен рәсімделген мерзімдік  салымдармен салыстырғанда, сертификаттар  бірнеше артықшылықтарға ие:

—сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;

— екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған  мерзімі 

 үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ  жедел сатуы мүмкін.

     Сертификаттар  бойынша табыстарға, азаматтардың  талап етілмелi шоттары мен  мерзiмдiк салымдардағы кірістерге  сияқты табыс салығы салынбайды.

     Мерзiмдiк салымдармен  салыстырғанда сертификаттардың  жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен  байланысты банктің жоғары шығындарының  болуы.

     

      

 

 

3.Қаржы нарығындағы депозит  нарығының рөлі мен орны

          Бүгінгі таңда коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлі түрлерін ұсынып отыр. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:

1) Сұрағанға дейінгі депозиттер  немесе чектік депозиттер салымшыға  міндетті түрде төленетін чек  жазып беру құқығын береді. Бұл  түрдің ыңғайлығы чектердің қауіпсіздігі  мен төлемнің жазып беру қарапайымдылығымен  түсіндіріледі, сонымен қатар  ол қалаған уақытында қолма-қол  ақшаны алу мүмкіндігін береді. Чектік депозиттер қымбат есептік  операцияларды талап етеді, сондықтан  көптеген банктер оған белгілі  бір төлем орнатады. Оның көлемі  депозит көлемінің өзгеруімен  және бір ай көлемінде жазылған  чек санына байланысты өзгеріп  отырады. Бірақ көп банктер  төлемді алудан жиі бас тартып  тұрады, ол жағдай, банк, салымшы  бүкіл ай көлемінде есеп шотындағы  қалған балансты жеткілікті деп  есептесе жүзеге асады, ал ол  қаржыны банк өз коммерциялық  мақсаттарына пайдаланады (мысалы 60,90,120 күндік ссудалар береді).

Чектік депозиттердің  негізгі түрінің бірі сұрағанға  дейінгі салымдар болып табылады, оның өз ерекшеліктері бар:

ақшаны салу және алу бөлек-бөлек  не толық, кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүргізіледі;

есеп-шоттағы ақша қолма-қол  түрінде де, не чек көмегімен алынады;

банк есепшот қожайынына комиссиондық сыйақыны нақты айлық  ставканы қолдану немесе әр жақылған чек бойынша орнатады;

егер клиент алдын ала  келісілген есеп шоттағы орта есептегі қаржы көлемін ұстаса оған “жасырын”  пайыз төленеді, яғни банк клиенттен  есеп шотты қолданғаны үшін тқлем  алудан бас тартады. Бірақ, клиент ол тәртіпті бұзса онда банктің барлық операциялық шығындарын төлеуге  тиіс. 

Көп клиенттер осы депозит  түріндегі ақшаның көлемін азайтуға тырысады, себебі бұл салымдар бойынша  пайыздық кіріс төленбейді.

Сұрағанға дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

заңды тұлғалардың банктік  есеп шоттарындағы қаржылары, оған қоса мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджет қаржылары;

есептегі қаржы;

басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттарындағы банктің қаржысы.

        2) Жинақтаушы  салымдар. Бұл салымдар халықпен  жасалатын операцияларды кең  тараған және кішігірім салым  үшін арналған. Сұрағанға дейінгі  салымдардан тек ақшаны төлеу  және алу тәсілдері, пайызды  есептеу кезеңдері бойынша айырмашылығы  бар. Кейде оларға пайыздар  бойынша салықтық жеңілдіктер  беріледі.

Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің  негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.

Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын  салым болып табылады.

Қазақстанның депозит  нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің  түрлері ұсынылады:

мерзімді жинақтаушы салымдар, ол бойынша мерзім қойылады және сол  мерзім көлемінде салым алынбайды, осы салым бойынша ең жоғары пайыздық пайда түседі;

мерзімді жинақтаушы салымдар қосымша жарнасымен, ол бойынша салымды  сақтау мерзім көлемінде қосымша  жарна төлеп тұруға болады, осылай салымның көлемі өседі;

жинақтаушы салым қосымша  жарнамен. Бұл есепшотқа үнемі  белгілі бір кезекпен келісім  бойынша анықталған сома төленіп  тұрады және сома бойынша пайыздық төлемдер белгілі бір кезеңде  төленеді;

ағымдағы жинақтаушы салымдар. Ол салымдарда ақша еркін түсіп, еркін  алынады. Олар көбіне пайызсыз және зейнетақы, стипендия, жәрдемақы төлеуге пайдаланылады;

Информация о работе Депозит нарығы