Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 11:48, курсовая работа
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы
1.1. Еңбек нарығының құрылымы
1.2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар
1.3. Жалақының қалыптасуы
II. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
2.1. Жұмыссыздық мәні
2.2. Жұмыссыздықтың көрсеткіштері мен түрлері
III. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру
3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты
3.2. Еңбек биржасының мәні
Қорытынды
Қолданыған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы
1.1. Еңбек нарығының құрылымы
1.2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар
1.3. Жалақының қалыптасуы
II. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
2.1. Жұмыссыздық мәні
2.2. Жұмыссыздықтың
көрсеткіштері мен түрлері
III. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру
3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты
3.2. Еңбек биржасының
мәні
Қорытынды
Қолданыған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.
Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.
Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан,еңбек шынвнда да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Және де нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында «еңбек қатынастары- тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметің жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар»- делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл атқарады, олардың бастысы еңбекті,жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек қатынастарын реттеу.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу мәселелері туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын талаптарды өзіне қажеттілігіне, оның жай күйіне, біліктілік- мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды-психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалығына, жұмыстың сапалық- психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді.Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме- дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек
қызметі процесінде еңбек қатынастары
өзара келсім –шарт арқылы реттеледі.
Өзара шарт –бұл жалдаүшы мен жалданушы
арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын
келісім. Егер өзара шартта көрсетілген
талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін
жақ тоқтатуына болады.
І.
Нарықтық экономикаға
өту кезіндегі еңбек
нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарырықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын хәлге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты- адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.
Еңбек
нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының
жүйесі, ол нарық шарттарының негізінде
тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі
екі әлеуметтік экономикалық функция
орын алған: адам ресурстарын бөлу( мамандығына,
саласына, кәсіпорындарға,территориясына
қарай) және табысты, еңбекақы мөлшеріндые
еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы
бөлу. Осы функцияларды іске асыруда өндірістің
жоғарылауы мен тиімділік адам ресурстарының
қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы,мемлекеттің
экономикалық өсуі мен әлеуметтік әділеттілікке
бірлее отырып, баршаға бірдей қамтамасыз
етілуі керек.
І.І.
Еңбек нарығының
құрылымы
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктердіөндіруге пайдаланады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланып қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады , алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек, еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретьіне еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:
-
еңбек рыногының субъектілері /жалданған
еңбеккер және олардың
-
субъектілер қабылдаған
- рынок механизмі / жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестік/;
-
жұмыссыздық және оған
- рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныс мен оның ұсынысын теңестіруде, адамдардың еңбекке және қызмет түрін ерік таңдау құқып іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.
Қазақстанда еңбек рыногы бөлектері көзге көрінгенмен, әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің өзінде еңбек рыногы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен үйлесуінде біраз айырмашылықтар бар. Осының нәтижесінде еңбек рыногының көп түрлері мен модельдерін ажыратуға болады.
Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:
-
біріншісі жұмыс күшінің
- екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш секторға бөледі:
-
бірінші сектор. Бұл секторда
еңбеккерлер тұрақты және
- екінші секторда адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбекақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген.
- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді.
Мемелекеттің еңбек рыногыне ықпал жасау дәрежеміне қарай екі сегментті айыруға болады:
мемлекеттің
жұмыспен қамту жөніндегі қызмет
орындары реттейтін пынок. Сан тұрғысынан
оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс
іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге,
дайындауға және дайындауға құштар жұмыссыздар
жатады. Осы контингент жұмыс күшінің
ұсынысын қалыптастырады.
І.2.
Еңбек нарығының
қалыптасуына әсер ететін
факторлар
Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек нарығына тікелей әсер ететін себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты және бір-бірін қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:
Бұл
факторлардың барлығы да белгілі, бірақ
олардың әсері көп жағдайларда тиісті
түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік
немесе әлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын
көпшілік түсіне бермейді.
Ақша массасының , ақпарат, технологиялар, тауарлар мен қызметтердің орнын ауыстыруына ұлттық шекаралардың бұрынғы әсерін жоққа шығарған нарықтық қатынастардың халықаралық жүйесіне үш миллиардқа жуық адам қосылды. Компания иинвкстициялары үшін ең қолайлы нарықтық мүмкіндік алды. Осындай шешімдерді қабылдау процессіне көптеген факторлар әсер етеді, бірақ еңбек құны солардың бірі екені сөзсіз.
Халықаралық
бәсекелестік , басқа жетістіктердің
ішінде ең жақсы өнімді ең қолайлы жағдайларда
, ең арзан бағаға жасауды ұйғарды.
Яғни, бағалар төмендеуі тиіс, ал көп жағдайларда,
жұмыс бастылығының ауысуына алыпкелуі
керек. Бірақ, келісіп еткендей, біздің
ақша қуған мына заманда мұндай манипуляциялар
көп жағдайда өнімділік пен табысты күтуге
байланысты акционерлік капитал бағасының
өсуіне апарып соғады. Осыған қоса дүниежүзілік
деңгейге өту «ақша» мен онім қызметтер
арасындағы өзара байланыстардың бұзылуына
алып келеді, ал ол болса, арғы жағында
әлеуметтік- деструктивтік фактор болып
табылады, себебі бүкіл әлемде айналып
жүрген миллиардтаған доллардың ішінен
тен 10% жуығы өнімдерге қызметтерге төлеу
үшін пайдаланады. Ал осы ешкіммен бақыланбайтын
ақша ағымының қалған бөлігінің өзі тауар
болып табылады.
2)Демографиялық
жарылыс.
Осы
жарылыстың себебі болып екі феномен болып
табылады. Біріншісіне, әрбір сағат сайын
дүниеде 12500 бала туатынын, сондықтан,
әрбір он жыл сайын жер тұрғындарының
саны 1 миллиардтаған адамға көбеюін жатқызуға
болады. Екінші феноменге қоғам мен экономиканың
прогрессивтік дамуы көп жағдайларда
әлеуметтік бағдарламаға , әсіресе , зейнеттік
қамтамасыз ету, кепілденген табыс
және медициналық секторға, сондай- ақ,
еңбек әлеміндегі позитивтік ережелерге
өзінің теріс әсерін тигізеді. Қарт адамдарға
қамқорлық жасау, жұмыс істеу салаларын
тез кеңейту тиіс.
3)Ақпараттық технологиялар .
Ақпараттық
және коммуникациялық технологиялар
келешекте ең маңызды факторлар болып
табылады. Мұны тарихи мысалдардан көруге
болады. Біздің қоғамымыздың дамуы алғашында
он сегізінші ғасырға дейін аграрлық
және жалбағушылық сатысында кейін
өндірістік қоғамда машиналар,
электр және бу күшінің негізінде, сол
сияқты ақпараттық революция орбитасында
: бүгін мен ертең де әрқашанда технология
мен қозғалысқа келтірілген. Осы технологиялық
даму барлық жерге таратылатын, үстемді
және біздің барлық қоғамымызға , соның
ішінде еңбек нарығына да өте маңызды.
1.3.
Жалақының қалыптасуы
Жалақы – еңбек құнының ақшалай көрінісі. Жалданған қызметкердің жалақысы екі бөліктен тұрады: