Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 11:48, курсовая работа

Описание

Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы
1.1. Еңбек нарығының құрылымы
1.2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар
1.3. Жалақының қалыптасуы
II. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
2.1. Жұмыссыздық мәні
2.2. Жұмыссыздықтың көрсеткіштері мен түрлері
III. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру
3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты
3.2. Еңбек биржасының мәні
Қорытынды
Қолданыған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Еңбек нарығы. 30.каз..DOC

— 211.00 Кб (Скачать документ)

       Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар және өздерінің кадр бөлімі арқылы жалдауға тырысады.

       Қазіргі еңбек биржасында жұмыс күшіне сұраным  мен ұсыным туралы мағлұматтары банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы, аймақтық және жергілікті деңгейдегі жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда, жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі, нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде жұмысқа орналасады, сондай- ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы өндірілген. Вашингтон штатында феодалдық үкімет тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгігі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын-ала жәрдем ақы төлейді.            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

       Нарықты экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы кезінде адамзат тарихының тәжірибесі адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатынын көрсетті.

       Еңбек нарығына өту кезіндегі қиын жағдайлар  болды, себебі бізде алдында еңбек нарығы болмады, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарын бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын құру еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің экстенсивті типтегі шаруашылық механизімінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауылшаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

       Оның  есесіне жұмыскерге белгілі бір  жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен сұраным еркіндігі қатаң шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек формаларының шеңберінде ғана рұқсат етілді. Жоғарыдағы айтылғандарға мән беріп қарап көрсеңіз бұл өте қуантатын нәрсе, себебі қазіргі нарықты кезеңде кім де кім өзінің жұмысын ұтымды түрде орындалуына және де өзінің жұмысына деген ұқыптылығына, ой- қуатына, шапшаңдылығына қарай жалақы алады, егер де осы аталғандарды өте жақсы орындайтын болса, олар жалақының жоғары деңгейде алады,  бұл деген сөз жұмыскердің қызығушылығын артырады.

       Ал  мен қарастырып отырған бірінші  бөлімде еңбек нарығының қалыптасуы өте орынды және оны мемлекет тарапынан реттеу де керек, себебі біздің нарықтың жаңадан қалыптасуына байланысты нарықтағы сұраным, ұсыным реттей алмайды., бұл тек қана біздің мемлекетімізде ғана байқалып отырған жоқ, ол көптеген дамыған елдерде де көрініп отыр.

       Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді алмайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары қозғалысына, ширақтылығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікті ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді. Ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін , яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің әлеуметтік- әкономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал- жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми негізде аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал- жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен сату- сатып алу арқылы жүзеге асады.

       Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі. Еңбек нарығы бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар түрінде сату- сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

       Еңбек нарығының Қ.Р.- да қалыптасуының ерекшеліктері  бұл біздің мемлекетімізде нарықтық экономикаға өткенімізге көп болмағаны, және де біздегі көптеген өндіріс орындары жаппай жекешелендіруге байланысты көптеген жұмыс орындары жабылып қалды, соның салдарынан мемлекет өз қарамағына алды және де ол жұмыссыз адамдарды еңбек биржасына тіркеп оларға ай- сайын әлеуметтік көмек ретінде жалақы беріп отырды.

       Жоғарыда  айтылғандарға мән беріп қарасақ  осы үлгі Кейнсшілдік үлгі осыны жүргізген дұрыс деп ойлаймын.

       Талқыланып  отырған есепті жұмыссыздардың  материалдық жағдайы және оны қайтіп жақсартуға болатыны туралы аз айтылған. Есептің авторлары жұмыссыздықпен күрестің негізгі бағыты- жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деп санайды. Әрине, жұмысқа орналастыру еңбек нарығының барлық заңы бойынша ол жағдайдан шығу жолы екені рас, бірақ та қала экономикасының талдауы мен сауалнама- сұрақ таяу мерзім ішінде барлық жұмыссыздар ақы төленетін жұмыс алады дегенді дәлелдемейді. Сондықтан да, менің ойымша қалада жұмыспен қамту қызметін нығайту қажет және қоғамдық жұмыстарды дамытумен жұмыссыздарды кәсіпкерлік дағдыға үйрету мен шығын несиені дайындаумен, бизнес инкубатор құрумен байланысты жұмыссыздықпен  күрестің белсенді түрлерін жүргізу қажет. Сонымен қатар , жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсетуге жекеше қарау керек. Әсіресе жасы зейнеткерлікке толмаған адамдарға олардың жұмысқа орналасуға  мүмкіндігінің жоқтығын және материалдық жағдайының ауыр екендігін ескеріп, жергілікті бюджет мүмкіндігі көтергенше көмек жасау қажет. Мемлекет материалдық көмектің тек төменгі шегінің бір есептік көрсеткіш көлемінде белгілегендіктен аймақ деңгейінде оны көбейтуге  болады, тек оған жекеше түрде қарау керек, ол үшін бар қаржы мүмкіндігін тиімді пайдалануға болады.

       Мен мынадай сұрақ қойғым келеді: жұмыссыздар  бүгін немесе ертең не істейді? Осыдан кейбір мағлұмат алу керек. Нарықта сұраныс табатын қандай жұмыстар бар? Сенбі күні құрылыс жұмыстарын атқаратын адамдарды алып қарайық. Оларды жұмысқа жалдап алушылардың зорлық- зомбылығынан кім қорғайды? Ешкім де. Кім тәртіп орнатады? Ешкім де.

       Қала  экономикасының нақтылы секторы  кәсіпорындарының тұтас алғанда аккумулятор батареяларын, электро- техникалық бұйымдар мен сүт өнімдерін өндіруді ұлғайтуға әлеуметтік мүмкіндіктер бар. Электр насостарын, кабель және тігін бұйымдарын шығаратын кәсіпрындарды алсақ, нарықтағы сатып алу сұранысының төмен болуына байланысты олардың әлеуметтік мүмкіндіктері бірақ шектеулі күйде. Сауалнама кәсіпорын басшылары өз кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің бәсекелік қабілетін жоғары бағалайтынын көрсетті. Нарықта маркетингтік зерттеу жүргізудің деңгейі және менеджментті ұйымдастырушылығы төмен екені байқалады.

       Қорыта  келе менің ойым ҚР еңбек нарығын  мемлекет тарапынан реттеуі қажет деп ойлаймын, және де біздің мемлекетімізде жаңа өндіріс ошақтары ашылуда, соның салдарынан жұмыссыздар саны азайып, экономикамыздың жылдан-жылға көтеруін байқаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

       
    1. Еңбек рыногы экономикасы: оқу құралы – Алматы, 2003 ж. 171 бет. С. Жұманбаев.
    2. Еңбек экономикасы: Атырау, 1999 ж. 173 бет. Редакторлары: Ихданов Ж.О., Нұрышев Ғ.Ж. 
    3. Нарықты экономиканың негіздері: оқу методикалық құралы – Ақтөбе, 1993 ж. 2 бөлім. 108 бет.
    4. Нарықтық экономика әліппесі – Алматы: Қазақстан. 1995 ж. 96 бет. Редакторы: М. Әкімжанов.
    5. Экономикалық теория негіздері: оқулық. – Алматы, «Санат»,                 1998 ж. Я. Әубәкіров.
    6. «Еңбек нарығы және жұмыспен қамту». Ақиқат. 2000 ж. № 7. 30-45 бет.
    7. «Еңбек нарығы және елді еңбекпен қамту». Қаржы-қаражат. 1999 ж. № 5. 37-39 бет.
    8. Қазақстан және оның аймақтары. 2002 ж. № 1. 61-64 бет.
    9. Қазақстан және оның аймақтары. 2003 ж. № 4. 53-57 бет.
    10. Үкімет жаршысы. 2002. № 7.
    11. Алматы ақшамы. 2001 ж. 27 наурыз.
    12. Егемен Қазақстан. 2000 ж. 22 шілде. Рысдәулет М.

Информация о работе Еңбек нарығы