Халықаралық сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:07, реферат

Описание

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады ? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға ғалымдардың барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

Содержание

1. Кіріспе
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
3. Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі
4. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары
5. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары
6. Қазақстан мен Қытай арпасындағы байланыс
7. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

hta).doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)


                                       

                                         Жоспар             

1. Кіріспе

2. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы

3. Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

4. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары

5. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары

6. Қазақстан мен Қытай арпасындағы байланыс

7. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

 

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады ? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға ғалымдардың барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

Сол ғалымдардың бірі – ағылшын саяси экономиясының классигі А.Смит « Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. « Егер кез келген басқа бір ел , бізді қандай да бір арзан тауар мен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді »,- деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде. Мысалы: Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.

Сондықтан , біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі , сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады .

Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады , яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелдігінің көрсетеді.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар – ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

                          Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы

 

      Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы , басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы , сондай-ақ бай  табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға , агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымының принциптеріне сүйенеді.

        2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортка тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген.. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық қцрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байла- нысты едөуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мүнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралыгында кемірді сыртка сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік күралдарын сатып алуға жүмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің қурамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

 

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

 

 

 

 

                            Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

 

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:

— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;

— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;

— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;

— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;

Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.

Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.

 

 

 

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары

 

Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.

Саяси саладағы өзара іс-қимыл. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр және оның негізін салушы - Мәңгілік достық туралы шарт.

2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді.

2008 жылғы 22-23 сәуірде Президент И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары болды, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай саласында әріптестікті нығайту және т.б. туралы келісімдерді дайындауға уағдаласты.

2010 жылғы 16-17 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары болды, оның барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында инвестиция, ауыл шаруашылығы, тасымалдау-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану саласында ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық.

2009 жылғы ҚР мен ӨР арасындағы сауда айналымы 1 млрд. 196,3 млн АҚШ долл. құрап (экспорт-891,8 млн., импорт-304,4 млн.), 2008 жылмен салыстырғанда 33,1%-ға төмендеді (дүниежүзілік қаржы дағдарысы әсерінен).

2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ҚР мен ӨР арасындағы сауда айналымы 372,0 млн АҚШ долл. құрады (экспорт-260,8 млн., импорт-111,2 млн.), бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ке жоғары.

Қазіргі кезде Өзбекстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 173 кәсіпорын жұмыс істеуде, оның ішінде 48 бірлескен кәсіпорын бар. Олар өз қызметтер сауда, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсібі, металл өңдеу салаларында жүзеге асыруда.

Қазақстанның Өзбекстанға экспорты азық-түлік, энергия тамысмалдаушы, қара және түсті металл, химиялыө өнімдерден құрайды. Өзбекстан Қазақстанға табиғи газ, мақта және жеміс-жидек өнімдерін жеткізеді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке 2010 жылғы наурыздағы ресми сапары барысында 2010-2012 жылдары аралығында мәдениет саласында екі мемлекет ведомстволары аралығында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Информация о работе Халықаралық сауда