Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:07, реферат
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады ? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға ғалымдардың барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
1. Кіріспе
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
3. Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі
4. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары
5. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары
6. Қазақстан мен Қытай арпасындағы байланыс
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазаннан бастап қалыптасқан. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі 150-ден астам құжаттардан тұрады және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Қазіргі кезде екіжақты достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде.
2009 жылғы 16 маусымда Қазақстанда қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс аясында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықтың тереңдету мүмкіншіліктері талқыланды.
ҚР Қырғызстанның басты сыртқы саяси әріптестерінің бірі. 2009 жылғы ҚР мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда айналымы 507,0 млн АҚШ долл. құрады (экспорт-390,5 млн., импорт-116,5 млн.), бұл көрсеткіш әлемдік қаржы дағдарыстың әсерінен 2008 жылмен салыстырғанда 16,7%-ке төмен.
2010 жылдың І тоқсанында ҚР мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке көбейіп 103,7 млн.АҚШ долларын құрады (экспорт – 84,5 млн., импорт – 19,2 млн. АҚШ долл).
Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктык сектор салаларында жүзеге асыруда.
Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары – сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқын дамуда. Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өтеді.
2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Қазазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылғы 25-26 қазанда Бішкекте екінші Форумы өтті.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастар түбегейлі қайшылықтардың жоқтығымен, көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығымен сипатталады.
Қазақстан мен Қытай арпасындағы байланыс
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қытай басшысымен бүгін экономиканың шикізаттық емес секторымен оны жүзеге асыру бойынша шараларды қайта қарау мәселесі келісілгенін жеткізді. Осының негізінде Елбасы индустриялық және жаңа инновациялық технологиялар тұрғысында ынтымақтастықтың жаңа деңгейін құруға уағадаласқанын айтып өтті.
Айта кетейік, Қазақстандағы Қытай елшісі Чжоу Лидің таяудағы айтқан мәліметіне қарағанда, дағдарысқа дейінгі уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 17,5 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құраған. Ал қаржы дағдарысының салдарынан өткен жылы бұл көрсеткіш 14 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
2. http://www.thehindu.com/
3. Халықаралық экономикалық қатынастар Н. Қ. Мамыров, Д. М. Мадиярова, А. Е. Қалдыбаева