Индустрияландыру және ҚР-ның экономикасының диферсификациясының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 13:29, реферат

Описание

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының түйiндi бағыттарына сәйкес әзiрлендi.
Мемлекет озық технологиялар трансфертiне, кейiннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазiргi заманғы импорт алмастырушы өндiрiстi құру үшiн шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3
Индустрияландырудың даму бағыты……………………………………......4
ҚР-дағы индусрияландырудың мiндеттерi мен принциптерi………….......6

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….15

Работа состоит из  1 файл

индустрияландыру және ҚР-ның экономикасының диферсификациясының негізгі бағыттары.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

 

  1. Индустрияландырудың даму бағыты……………………………………......4
  2. ҚР-дағы индусрияландырудың мiндеттерi мен принциптерi………….......6

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………14

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасын  үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының түйiндi бағыттарына сәйкес әзiрлендi.

Мемлекет озық технологиялар  трансфертiне, кейiннен олардың экспортқа  бағдарлануын дамыта отырып, қазiргi заманғы импорт алмастырушы өндiрiстi құру үшiн шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан кейiнгi экономиканың негiздерiн қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негiздердi қолдау жалғасады.

Жалпы алғанда, экономиканы  әртараптандыруды мемлекеттiк қолдау макро және секторлық деңгейлерде  экономикалық саясаттың жүйелi шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективтi шараларын iске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индустрияландырудың даму бағыты

 

2000 жылдың басында  негiзi салынған индустриялық-инновациялық  даму бағыты Қазақстан экономикасының негiзгi тәуекелдерiнiң стратегиялық дұрыс екенiн көрсеттi: экономиканы әртараптандырудың және шикiзатқа тәуелдiлiктен кетудiң баламасыз бағыты таңдалды.

Бұл кезеңде индустрияландырудың  базалық институционалдық негiздерi: экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететiн Ұлттық қор; серпiндi бағыттарды iске асыруға мемлекеттiң әлеуетiн шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әртараптандыру процесiн қамтамасыз ететiн даму институттары; мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылы мен әрекеттерiн үйлестiру үшiн келiссөз алаңдары құрылды.

Инвестициялық саясат шеңберiнде  инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн анықтайтын заңнамалық база жетiлдiрiлдi.

Бұл шаралар мұнай-газ  өндiру секторының өсуiмен байланысты экономиканың белсендi өсуi кезеңiнде экономиканың мұнайға қатысты емес секторының да барабар өсуiн қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестiң одан әрi қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Әртараптандыруға бөлiнген мемлекеттiк инвестициялардың көлемi жеткiлiксiз әрi шашыраңқы болды, ол қандай да бiр маңызды құрылымдық iлгерiлеушiлiкке әкелмедi.

Нәтижесiнде экономика  құрылымы шикiзаттық бағытын сақтап, ал жұмыспен қамтылу құрылымы еңбек  әлеуетiн пайдалану тиiмдiлiгiнiң  төмендiгiн сипаттайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн халық саны 31,5%-ды, осы сектордың ЖIӨ құрылымындағы өнiмнiң үлес салмағы небәрi 5,8%-ды құрады. 2000 - 2008 жылдар кезеңiнде ЖIӨ-де өңдеушi өнеркәсiп үлесi 16,5%-дан 11,8%-ға дейiн қысқарды, ал кен өндiру үлесi 13%-дан 18,7%-ға өстi.

Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң басты факторы - өнiмдiлiк  бойынша, соңғы жылдардың оң серпiнiне қарамастан Қазақстан дамуы жағынан  орта деңгейлi елдерден де артта қалды: 2008 жылдың деректерi бойынша сатып  алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша Қазақстандағы еңбек өнiмдiлiгi бiр адамға 22,6 мың долларды құрайды, ал бұл көрсеткiш Ресейде - 33,4, Жапонияда - 68,2, АҚШ-та - 98,1.

Шикiзат экспортынан  тез пайда алуға бағдарланған iрi қазақстандық бизнес өсуiнiң қарқынды сипаты әлемдiк конъюнктураның өзгеруi кезiнде барынша жоғары қайта бөлулерге және iшкi нарыққа ауысуға мүмкiндiк бермедi.

Мемлекет бастамалары  бизнес-қоғамдастықтан қажеттi қолдау таппады, өйткенi жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсендi ойыншысы болып көрiнетiндей және Қазақстан  үшiн жаңа инновациялық бизнестi құру, әлемдiк нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшiн стратегиялық әрiптес ретiнде әлемнiң жетекшi компанияларын тарта алмайды.

Дағдарысқа дейiнгi кезеңде  Қазақстанның нарықтық экономикасы  эволюциялық түрде құрылды. Өткен  циклдiк даму экспорттық шикiзат секторы өсуiнiң серпiнiмен және сыртқы қаржылық нарықтарда арзан инвестициялық ресурстардың қолжетiмдiлiгiмен көрiндi.

Қазақстанда орта және шағын  бизнестiң ұлттық ерекшелiгi инвестициялардың тез қайтарымына кепiлдiк беретiн  бос тауашаны алу мүмкiндiгiмен анықталды (сатылмайтын iшкi экономика секторлары: жылжымайтын мүлiк, сауда, жергiлiктi құрылыс индустриясы, сауда-делдалдық сектор мен қызметтер саласы).

Тиiсiнше, бизнес басымдықтары, қосылған құны жоғарғы өңдеу өндiрiстерiн  дамыту жөнiндегi мемлекет басымдықтарына сәйкес келген жоқ. Бұл үрдiстер даму институттарының, сонымен қатар екiншi деңгейдегi банктердiң инвестициялық жобаларының тиiстi портфелiнде көрiндi. Бұл ұлттық бизнестiң қалыптасуының объективтi эволюциялық үрдiсiн көрсетедi. «Көбiктi» үрлеген дағдарыс жаңа нарықтарды және инновациялық өнiмдердi iздетедi. Қазақстанның дағдарыстан кейiнгi дамуының оңтайлы жолына жеделдете индустрияландыру жатады.

Әлемдiк тәжiрибе индустрияландыруға қатысты әртүрлi әдiстердiң бар  екенiн көрсетiп отыр: «қуып жетушi даму», «дәстүрлi мамандандыру», «индустрияландырудан кейiнгi даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетiн болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикiзаттық өндiрiстердi жоғары бөлiнiстерге ауыстырумен шикiзат секторына сүйене отырып «дәстүрлi мамандандыру» стратегиясы болып табылады.

Дәстүрлi мамандандыру секторлары мен қалған экономика арасындағы тұрақты байланыстар сервистiк  қызмет арқылы дамуға мүмкiндiк беретiн  бiрқатар қосымша салаларды құрайды. Бұл сонымен қатар, шикiзаттық емес сектор кәсiпорындарының жанында шағын және орта бизнес кластерлерiн қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.

Бүгiнгi таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестiк күшейгенде, iшкi және әлеуеттi сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетiмдi нарығы бар Кеден одағының әлеуетiн барынша iске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бiрегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерiнде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндiстан) тиiмдi жаһандық серiктестiк ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкiндiгiн жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының белсендi болуының қолжетiмдi нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсiптiк кешеннiң, тоқыма өнеркәсiбiнiң және туризмнiң шикiзаттық емес экспорттың белсендi қолдауын қамтамасыз ету.

Қосымша «болашақ экономикасы» секторларына селективтi қолдау жасау  қажет, олар келесi 15-20 жылда әлемдiк  экономикадағы басым рөлге ие болатындар.

Индустрияландыру саясатының табысты iске асырылуының негiзгi шартына өндiрiс факторлары өнiмдiлiгiнiң өсуi және ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жатады.

Алда тұрған индустрияландыру өңiрлердi бiрқалыпты даму саясатынан өсудiң  жоғарғы әлеуетi мен жоғарғы экономикалық белсендiлiкке ие қалалар мен аумақтарды дамытудағы дәлме-дәл әдiске ауысуды талап етедi.

Индустрияландыру саясатының тиiмдiлiгi бизнес пен мемлекеттiң  күш-жiгерiн экономиканың басым секторларын  дамытуға шоғырландыру, сондай-ақ олардың  тиiмдi институттары мен өзара әрекет ету тетiктерiн қалыптастыруға байланысты болмақ.

 

 

ҚР-дағы индусрияландырудың мiндеттерi мен принциптерi

 

Мақсаты - әртараптандыру мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн  арттыру арқылы экономиканың орнықты  және теңгерiмделген өсуiн қамтамасыз ету. 2015 жылға нысаналы индикаторлар мыналар: ЖIӨ-нi кемiнде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖIӨ-нiң шамамен 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖIӨ-нiң өсiмi 15%-ын құрайды; ЖIӨ құрылымындағы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi кемiнде 12,5 % деңгейiне дейiн;  экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзаттық емес экспорт үлесi кемiнде 40 % деңгейiне дейiн; өңдеушi өнеркәсiптiң жиынтық өндiрiсi көлемiнен шикiзаттық емес экспорт көлемiнiң үлесi кемiнде 43 % деңгейiне дейiн; өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 1,5 есеге; агро-өнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгiн ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн бiр адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемiнде 2 есеге; мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесi - 60 %-ға дейiн, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу 90 %-ға дейiн; жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар санынан инновациялық белсендi кәсiпорындардың үлесi 10 %-ға дейiн ұлғаяды.

Мыналар:шикiзаттық емес сектордың өзiндiк құн құрылымындағы  көлiк шығындарының үлесi кемiнде 8% деңгейiне дейiн; ЖIӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейiнен кемiнде 10 %-ға төмендейдi.

Басымдықтар: ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi өсуiнiң маңызды шарты ретiнде өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн арттыру; экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндiрiстердi жасауға басым тiкелейшетел инвестицияларын тартуға екпiн беру; ұлттық инновациялық жүйенi дамыту мен нығайту; экономиканың шоғырландырылу деңгейiн тө-мендету және индустрияландыру процесiнде шағын және орта бизнестiң рөлiн күшейту; экономикалық әлеуеттiң ұтымды кеңiстiгiн ұйымдастыру.

Мiндеттер: әртараптандыру мен бәсекеге қабiлеттiлiк өсуiн қамтамасыз ететiн экономиканың басым секторларын дамыту; экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейту және инвестициялық жобаларды iске асыру; индустрияландыру үшiн қолайлы ортаны құру; экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру негiзiнде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру; экономиканың басым секторларын дамыту процесiнде мемлекет пен бизнестiң өзара тиiмдi әрекетiн қамтамасыз ету.

Бағдарлама мынадай принциптерге негiзделедi: бизнес-бастамаларға бағ-дарлану; шикiзаттық емес секторда «серпiндi» жобаларды және кластерлiк бастамаларды қолдау; мемлекет пен жеке меншiк сектор арасындағы тәуекелдердi оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесiнде олардың рөлдерiн нақты айқындау; жаңа бизнес-мүмкiндiктердi мультипликациялау; итеративтiк, бағдарламаны iске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейi бойынша перманенттi нақтылаумен байланысты; транспаренттiк - Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтiнiш берушiлердiң сұрауларының, мемлекеттiк қолдау шараларының, Бағдарламаны iске асыру мониторингiнiң нәтижелерiнiң ашықтық принципi; тең қолжетiмдiлiк - Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдiк компания да, iрi және орта, шағын кәсiпорындар да болуы мүмкiн; бәсекелестiк - тиiмдi жобаларды iлгерiлету және экономикалық емес әдiстердi пайдаланудың алдын алу негiзi ретiнде; трансферттiк (қолданылу әсерi) - нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттiк қолдау шаралары, экономикалық қызметтiң барлық субъектiлерiне қолданылады; сабақтастық - iске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттiк саясаттың аса тиiмдi шаралары осы Бағдарламаны iске асыру кезiнде қолданылатын болады.

 

 

Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары

 

Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге 
қабiлеттiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн басым секторларын дамыту. Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердiң жеделдетушiсi болатын «дәстүрлi мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикiзаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады.

Мемлекеттiң күш-жiгерi экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: дәстүрлi: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешенi, шикiзат өндiрiстерiн кейiннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсiбi; жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негiзделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; шикiзаттық сектормен байланыс-тырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндiрiстер: агроөнеркәсiптiк кешен, жеңiл өнеркәсiп, туризм; келесi 15-20 жылда әлемдiк экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметi. Көрсетiлген секторлардың тiзбесi толық емес әрi Бағдарламаның iске асырылу барысында толықтырылып отырады.

Экономиканы сәттi әртараптандыру республиканың тұрақты дамуымен, соның iшiнде тұрақты дамуды басқару  жүйесiн оңтайландыру және көмiрсутегi төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялар  тарту, экологиялық проблемаларды  шешу, табиғи экожүйелерге антропогендiк жүктемелердiң керi әсерiн азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешендi қайта өңдеу мәселелерiнде «жасыл» саясатты енгiзу жолымен республиканың тұрақты дамуымен үздiксiз байланысты.

Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесiнде мемлекет тиiмсiз жобалардың iске асырылуына қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдаудың негiзгi өлшемдерiн таңдауға ең алдымен Кеден одағының әлеуетiн iске асыру мүмкiндiгiмен байланысты өнiмдiлiк, энергия тиiмдiлiгi және экспортқа бағдарлану жатады.

 

 

Машина жасау

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Машина жасау кешенiне 13 кiшi сала кiредi: темiр жол, мұнай-газ, кен-шахта  және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанның өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi машина жасау кешенi өнiмiнiң үлесi 1990 жылы 15,9%-дан 2008 жылы 2,9%-ға төмендедi. 2008 жылы нарық сыйымдылығы 16 663 млн. долларды құрады, оның iшiнде негiзгi үлестi 15 475 млн. доллар импорт құрайды, бұл тауар импортының жалпы құрылымында 41% құрайды.

Саланы дамытудың негiзгi проблемалары: кәсiпорындардың технологиялық артта  қалуы; өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң  төмендiгi; әлемдiк өндiрушiлермен байланыстың  болмауы; конструкторлық құжаттамаға  қолжетiмдiлiк; инвестиция көлемiнiң аз болуы; зауытаралық кооперацияның болмауы; жабдықтың тозу деңгейiнiң жоғары болуы (43-80 %); бiлiктi кадрлардың тапшылығы; машина жасау өнiмiнiң сатудан кейiнгi сервисi деңгейiнiң төмен болуы.

Мұнай-газдағы, кен шахтасындағы және металлургия машиналарын жасаудағы проблемалар: машина жасау кәсiпорындарының жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының перспективалы жоспарлары, техникалық қайта жарақтану жоспарлары, кен орындары, өңiрлер бөлiнiсiнде мұнай-газ машиналарын жасау өнiмдерiнде қажеттiлiк, өнiм импорты бойынша жоспарлар туралы хабардар болмауы болып табылады.

Информация о работе Индустрияландыру және ҚР-ның экономикасының диферсификациясының негізгі бағыттары