Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 13:29, реферат
Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының түйiндi бағыттарына сәйкес әзiрлендi.
Мемлекет озық технологиялар трансфертiне, кейiннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазiргi заманғы импорт алмастырушы өндiрiстi құру үшiн шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3
Индустрияландырудың даму бағыты……………………………………......4
ҚР-дағы индусрияландырудың мiндеттерi мен принциптерi………….......6
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….15
Ауыл шаруашылығы машинасын
жасаудағы проблемалар: импортталатын
құрамдас бөлiктер мен материалдарды
пайдалану; ауыл шаруашылығы тауарларын
өндiрушiлердiң төлем
Көлiк машинасын жасаудағы
Мыналар қорғаныс өнеркәсiбiндегi проблемалар болып табылады: ғылыми зерттеулердiң мүлдем болмауы; өндiрiстiң толық циклiнiң жоқтығы (негiзiнен жинақтауыштары шығарылады); басты тұтынушылар - Қазақстанның Қарулы Күштерiмен, басқа да әскерлерiмен және әскери құрылымдарымен тиiмдi өзара қарым-қатынастың жоқтығы; әлеуеттi тұтынушылар (негiзiнен Қазақстанның әскери өнiмдерi ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердi ғана қызықтыра алады) санының шектеулi болуы; өндiрiс рентабельдiгiнiң төмендiгi, мемлекеттiң жеткiлiксiз қаржыландыруы.
Негiзгi мiндет
Iшкi нарықтың қажеттiлiктерiн
Нысаналы индикаторлар
Саланы дамытудың негiзгi бағыттары
Шығарылатын ассортименттi кеңейту жөнiндегi икемдi өндiрiстер құру мақсатында жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту және машина жасау өнiмiнiң жаңа түрлерiн игеру.
Бөлшектер мен құрамдас бөлiктер өндiрiсiн игеру арқылы жергiлiктендiру деңгейiн ұлғайта отырып, iрi құрастыру өндiрiстерiн ұйымдастыру.
Қосылған құны жоғары машина жасау өнiмiн өндiру бойынша қазiргi заманғы жаңа кәсiпорындар құру.
Көлiк машинасын жасауда 2014 жылға қарай жергiлiктендiру деңгейiн 30%-ға дейiн жеткiзе отырып, жеңiл автомобильдер мен құрамдас бөлiктердi құрастырып өндiру ұйымдастырылады. Жылына 200 бiрлiк көлемiнде жол-құрылыс техникасын өндiру жолға қойылады. Темiр жол машинасын жасауда локомотивтер, жүк вагондарын жасау ұлғаяды. Қуаты жылына 1200 бiрлiкке дейiнгi мамандандырылған платформа, жылына 5000 бiрлiк темiр жол арбасын, жылына 4000 бiрлiк хоппер-вагон өндiру игерiледi. Темiр жол машинасын жасаудың мұқтажы үшiн жылдық шығару көлемi 30 мың тонна болатын iрi габариттi құйма өндiру ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнiм шығару 2 есеге, оның iшiнде комбайн жасау жылына 800 бiрлiкке дейiн ұлғаятын болады, жылына 1 мың бiрлiк көлемiнде трактор құрастырып шығару және аспалы жабдық жасау ұйымдастырылады. Елдiң iрi облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистiк орталықтан тұратын желi құрылады.
Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнiм үлесiн 22%-ға арттырып өнiм шығару 2,5 есеге артады. Құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр бұрғылау қондырғылары өндiрiсi дамиды, жылына 8 бiрлiк газ айдайтын агрегат және жылына 6 бiрлiк газ-турбина электр станциясын өндiру игерiледi. Газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистiк қызмет көрсету жөнiндегi зауыт iске қосылады.
Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнiм шығару көлемi прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробағандар, гидрожылжытқыштар өндiрiсiн дамыта отырып, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздiгiнен жүретiн бұрғылау және тиеу-көлiк жабдығын игере отырып, 2,7 есе артады.
Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнiм шығару 1,7 есеге артады. Аккумулятор, трансформатор және оқшаулағышпен оралған сым жасау артып, қуаты 220 вольт және одан да жоғары трансформаторлар шығару игерiледi.
Мынандай инвестициялық жобаларды iске асыру жоспарланып отыр:
Локомотив құрастыру зауыты, Астана қ. - жылына 100 локомотив және Астана қаласының АЭА аумағында бөлшектер мен құрамдас бөлiктер өндiру.
Автомобиль құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан облысы - жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен құрамдас бөлiктер шығару жөнiндегi технопарк.
Комбайн құрастырып шығару - жылына 800 бiрлiк, жол-құрылыс техникасы - жылына 200 бiрлiк және автобус - жылына 300 бiрлiк, Қостанай облысында, бөлшектер мен құрамдас бөлiктер шығару.
Магистральды электровоздар құрастырып шығару, Ақмола облысы - жылына 50 электровоз және бөлшектер мен құрамдас бөлiктер шығару жөнiндегi шағын және орта бизнес кәсiпорындарын дамыту.
Қорғаныс өнеркәсiбiнде 2014 жылға қарай қазiргi бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттiк қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесiн барынша ұлғайту үшiн нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар iске асырылатын болады.
Қазақстанның қорғаныс өнеркәсiбi кешенi кәсiпорындарын дамытудың негiзгi бағыттары мемлекеттiң Әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттiлiктермен айқындалатын болады.
Мемлекеттiк органдар мен қорғаныс кәсiпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнiмдердiң экспортын ұлғайту жөнiнде тиiмдi, келiсiлген шаралар қабылдайтын болады.
Мемлекет пен қорғаныс кешенiнiң қорғаныс өндiрiсi саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара iс-қимылы жанданатын болады.
Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары көлiк инфрақұрылымын қамтамасыз ету Өскемен қаласының сол жақ жағалауында автозауыт құрылысын және автоқұрамдауыштар өндiру жөнiндегi технопарктi инженерлiк коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелерi пысықталады.
Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету Машина жасау саласы үшiн 16 мамандық бойынша кадрларға деген қажеттiлiк жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебiнен өтелетiн болады.
2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшiн Өңiраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi орталық салу басталады.
Жергiлiктi жерлерде жеке басшыларды бекiте отырып, 3 ай мерзiмге өндiрiстiк кәсiпорындарда өндiрiстiк тәжiрибеден өту жүйесi енгiзiлетiн болады.
Дамыған елдердiң алдыңғы қатарлы машина жасау кәсiпорындарында басқару кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын бiрлесiп қаржыландыру қамтамасыз етiледi.
Өз қызметiн ел аумағында жүзеге асыратын шетелдiк инжинирингтiк компаниялар үшiн (жылына персонал санының кемiнде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөнiндегi мiндеттi талаптар енгiзiледi.
Техникалық регламентердi енгiзу автокөлiк құралдарының объектiлердi қорғау үшiн өрт техникасының желдету жүйелерiнiң, төмен вольттi жабдықтардың ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тiркемелерi мен машиналарының мұнай-газ кәсiпшiлiгiнiң бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының ауыл шаруашылығы шикiзатын және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өңдеу жабдығының ауыл шаруашылығы шикiзатын және мал шаруашылығы өнiмiн өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының қысыммен жұмыс iстейтiн жабдықтың лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттiк стандарт әзiрленедi және енгiзiлетiн болады (оның iшiнде сынақ әдiстерiне - 98, өнiмге - 80 және менеджмент жүйесiне - 7).
Машина жасау өнiмiн өндiрудi метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау үшiн геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердiң мемлекеттiк эталондары жетiлдiрiледi.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу Сегменттер бойынша кәсiпорындардың қажеттiлiктерiне қызмет көрсету үшiн 5 конструкторлық - ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлiк және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру.
Машина жасау кәсiпорындарының негiзгi қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшiн жеңiлдiктi шартпен жабдықтар лизингi ұйымдастырылады.
Корпоративтiк табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ бойынша нәтижелердi енгiзу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдай жасау Лизингтiк компанияларға өндiрiстi қаржыландыру кезiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң өтiнiмдердi болмаса да, лизингке одан әрi беру үшiн ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беру.
Осы саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттiк органдардың сала кәсiпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы техникасына iшкi сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндiрiстiң техникасын жеңiлдiк шартпен лизингке сатып алу есебiнен қамтамасыз етiледi.
Отандық машина жасау
өнiмiне iшкi сұраныс отандық машина
жасау өнiмiн сатып алуға
Автомобиль машинасын жасау өнiмiне атқарушы билiктiң мемлекеттiк органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшiн автомобиль техникасын сатып алу мәселесi пысықталады.
Сауда саясаты Қазақстандық машина жасау өнiмдерiн Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан және Ауғанстан нарықтарына iлгерiлету.
Қазақстандық машина жасау өнiмiнiң экспортын iлгерiлету үшiн қаржылық ынталандыру жасау.
Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру
Әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сараланған iрi қалалар агломерация әсерi негiзiнде мультипликативтiк ауқымда бәсекелi артықшылықтарды реттей отырып, экономикалық өсу орталықтарына айналады.
Қазақстанда негiзгi сауда-саттық жолдарында орналасқан Астана және Алматы қалалары осындай әлеуетке ие. Олар сауда, қаржы, технология және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесiндегi аса маңызды орталықтарға айналуы тиiс.
Осы мақсаттарда Астана және Алматы қалалары мен оларға iргелес Алматы, Ақмола облыстарының аумағында мынадай жартылай функционалдық аймақтар қалыптастыру ынталандырылатын болады: технологиялар трансфер-тiне бағдарланған жоғары технологиялы өндiрiстер, озық шетелдiк компаниялардың процессингтiк орталықтары (БК, филиалдар); инновациялық даму (Алматы қаласындағы «Алатау» АТП, Астана қаласындағы Nazarbayev university); жалпыұлттық және перспективада орталықазиялық дистрибуция (сауда және қызметтер); перспективада Орталық Азиядағы аса iрi сауда-логистикалық орталықтар (Сингапур, Гонконг үлгiсiнде), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көлiктiк-логистика және логистика-процессингтiк қызметтер; туристiк-рекреациялық мамандану - Алматы және Ақмола облысының аумақтарына iргелес рекреациялық ресурстардың iрi шоғырларының, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының негiзiнде (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск - Бурабай аймағында ойын бизнесi орталықтарын құру); спорттық мамандану (Алматы қаласын қысқы спорт түрлерiнiң халықаралық орталығына айналдыру); медициналық және бiлiм беруде мамандану (Алматы және Астана қалаларында ұлттық, кейiннен өңiрлiк деңгейдегi орталықтар қалыптастыру); бизнестi ұйымдастыру және жүргiзу (Алматы және Астана қалаларына халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерi мен кеңселерiн, аса iрi трансұлттық компаниялардың филиалдарын көшiрудi ынталандыру); азық-түлiктiк мамандану (мегаполистердiң азық-түлiк белдеуi).
Перспективада Алматы агломерациясы өсу орталығы ретiнде өзiне Қапшағай бағытындағы серiктес қалаларды қамтитын болады.
Астана қаласын өсу полюсi ретiнде дамыту даму дәлiздерiн қалыптастыру және перспективада кейiннен оған Қарағанды агломерацияларының қалаларын және Щучинск - Бурабай курорттық аймағының тарту негiзiнде өсудiң желiлiк аймақтарын қалыптастыруға айналуы тиiс.
Негiзiнен сервистiк
функциялардың шоғырланыумен
Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мақсатында Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау экономикалық белсендiлiктi және инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлi тетiктерi арқылы, оның iшiнде қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттiк инвестициялар тарту есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың басым
секторларын дамытуда мемлекет пен
бизнестiң өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз
ету.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мемлекеттiң рөлi экономиканың басым секторларын қолдау институттарының, құралдарының, тетiктерiнiң және бизнеспен тиiмдi өзара iс-қимыл жасаудың жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның республикалық
деңгейде iске асырылуын үйлестiрудi
Қазақстан Республикасының
Бағдарламаның iске асырылуын өңiрлiк деңгейде үйлестiрудi тиiстi өңiрлердiң әкiмдерi басшылық ететiн өңiрлiк Үйлестiру кеңестерi және Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi өңiрлiк басқару орталықтары жүзеге асыратын болады.