Иннавациялық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2011 в 20:19, курсовая работа

Описание

Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: қаржылық менеджменттің мәнін аша отырып, оны кәсіпорынды тиімді басқаруда және көзделген нәтижеге жету үшін оңтайлы екендігін айқындап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ.................4

1.1 Қаржылық менеджменттің мәні........................................................4

1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары..................8

1.3 Қаржылық менеджмент - басқару жүйесі ретінде................................11

1.4 Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде...............................12

2 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ...............................................................................15

2.1 “CАЯ” ЖШС жалпы сипаттамасы.....................................................15

2.2 “CАЯ” ЖШС экономикалық - шаруашылық жағдайын талдау.........17

2.3 “CАЯ” ЖШС басқаруды ұйымдастырудағы талдау...............................21

2.4 “CАЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары..............22

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................26

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми жұмыс.docx

— 65.38 Кб (Скачать документ)

   - Алдағы уақытта кәсіпорынның  даму тапсырмаларына сәйкес қаржы  ресурстарының жеткілікті көлемін  құрауды қамтамасыз ету. Бұл  тапсырма кәсіпорынның алдағы  уақытта қажетті жалпы қаржы  ресурстарын анықтау, ішкі көздер  есебінен өзінің қаржы ресурстар  көлемін барынша көбейту, сыртқы  көздер есебінен өзінің қаржы  ресурстарын құрудың мақсатқа  лайықтылығын анықтау, ресурстық  қаржы потенциалын құру және  құралдар мен көздерді оңтайландырылумен  жүзеге асырылады.

   -  Негізгі бағыт аясында қаржы  ресурстардың тиімді пайдалануды  қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының  құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік  және әлеуметтік даму мақсатына  қажетті пропорцияны анықтайды.

   - Қаржы айналымын оңтайландыру. Бұл  тапсырма кәсіпорынның ақша айналымы  үрдісінде ақша ағымын тиімді  басқару, жеке кезеңдер бойынша  ақша қаражатының түсуін және  шығындалуын қамтамасыз ету, айналым  активтерінің қажетті өтімділігін  қолдау жолымен шешіледі. Осындай  оңтайландыру нәтижесінде бос  ақша активтерінің орташа қалдығы  азаяды, бұл өз негізінде тиімсіз  қолданудан және инфляциядан  болатын шығынды азайтуды қамтамасыз  етеді.

   - Көзделген қаржы тәуекелі негізінде  кәсіпорынның пайдасын көбейтуді  қамтамасыз ету. Пайданы барынша  көбейту, кәсіпорын активтерін  тиімді басқару, қарыз қаржы-қаражатын  шаруашылық айналымға енгізу, операциялық  және қаржы әрекетінің тиімді  бағыттарын таңдау арқылы жүзеге  асырылады.

   - Көзделген пайда дәрежесінде  қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі  алдын-ала жоспарланған немесе  тапсырылған болса, ең басты  тапсырма қаржы тәуекелін азайту  болып табылады.

   -  Кәсіпорынның даму барысында,  оның қаржы тиімділігін үнемі  қамтамасыз ету. Бұл тиімділік  қаржы тұрақтылығының жоғары  дәрежесіне және кәсіпорынның  барлық даму кезеңіндегі төлем  қабілеттігімен сипатталады, әр  түрлі көздер есебінен қаржы  ресурстарын құру көлемінде тиімді  пропорциясымен инвестициялық қажеттілікті  өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті  дәрежесімен сипатталады.

   Жоғарыда  қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта  сипат алғанымен, бір-бірімен өте  тығыз байланысты. Сондықтан қаржы  менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар  өзара оңтайландырылуы қажет, бұл  оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   Қаржылық  менеджменттің ең негізгі екі  буыны – пайда және тәуекел, олардың  арақатынасы, әрбір нақты бір  кезеңде корпорацияның қаржы  менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден – пайданы көбейту, екіншіден  - компанияның нақты  өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.

   Қаржылық  менеджментті іске асыру ерекшеліктерінен қаржы менеджменттің обьектісі  ретінде классификациялау қажеттілігі  туындайды.

   Жеке  классификациялау белгі бойынша:

   1. Меншік формасы бойынша:

   - меншіктің мемлекет формасындағы кәсіпорын (мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде);

   - мемлекеттің мемлекеттік емес  формадағы кәсіпорындар.

   2. Іс-әрекеттің ұйымдық - құқықтық формалары бойынша:

   - жеке кәсіпорын;

   - серіктестік;

   - корпоративті.

   3. Сомалық белгі бойынша:

   Соманың істеп тұрған классификаторы мен  іс - әрекеттің түріне сәйкес кәсіпорынның түрі.

   4. Меншікті капиталының көлемі бойынша:

   - кіші кәсіпорын;

   - орташа кәсіпорын;

   - үлкен кәсіпорын;

   - ірі кәсіпорын.                                           

   5. Нарықтағы монополиялық орны бойынша:

   - кәсіпорын табиғи монополист;

   - тиісті нарықтағы өзінің өнімін  өткізу үлесі бойынша монополиялы  кәсіпорын;

   - бәсекелестік ортада жұмыс істейтін  кәсіпорындар.

   6. Өмірлік цикл сатысы бойынша:

   - “құрылу” сатысындағы кәсіпорын;

   - “балалық шақ” сатысындағы кәсіпорын;

   - “жастық шақ” сатысындағы кәсіпорын;

   - “ерте даму” сатысындағы кәсіпорын;

   - “соңғы даму” сатысындағы кәсіпорын;

   - “тоқырау” сатысындағы кәспорын;

   Қаржы менеджментінің негізгі  субьектілері:

   - кәсіпорын иесі. Қаржыны басқару функцияларын және қаржылық іс-әрекеттің біршама бөлігін өзі жүзеге асырады.

   - кең профильді қаржы менеджері. Маман болып табылатын қызметкер кәсіпорынды қаржылық басқарудың барлық функцияларын орындайды.

   - функционалды қаржы менеджері. Тар мамандалған жұмысшы,кәсіпорын бір сферасындағы қаржы іс - әрекет басқару функциясын орындайды.  

   1.2 Қаржылық менеджменттің  принциптері мен  функциялары  

   Кәсіпорынның  қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында  қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері:

  1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.

   Кәсіпорынның  қандай саласында болмасын басқару  шешімі,тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің  нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджменттен, инновациялық менеджменттен, жұмысшылар  менеджментімен және басқа да қызметтік  менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы  жүйесімен қаржылық менеджменттің  үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.

  1. Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.

   Қаржы ресурстарын құру, бөлу, және қолдану  саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша  басқару шешімдері оның қаржы  қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама түрде  әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл  әсер қарама-қарсы сипатта болады.

   Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы  инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәйкесінше операциялық пайданы көлемнің азаюына  әкеледі. Сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.

  1. Басқарудың жоғары динамизмі.    

   Кәсіпорында, өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған,қаржы ресурстарын құрып, қолдану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы тиімді басқарушылық шешімдер үнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі кезектерінде қолданыла  бермейді. Бұл нарықтық экономикаға  көшу кезеңіндегі сыртқы факторлардың жоғары серпініне және ең алдымен  – қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне  байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті  қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктердің, өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру  нысандарының, қаржы жағдайының және өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады.

  1. Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқаулылығы.

   Осы  принципті жүзеге асыру үшін,қаржы  ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы  әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің  балама мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақты  қаржы саясатын немесе қаржы стратегиясын, қаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер  жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын  өзі бекітеді.

   5. Кәсіпорынның даму  стратегиясынан хабардар  болу.

   Ағымдағы  кезеңде қаржы қызметі саласындағы  қандай да болмасын басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол кәсіпорынның басты мақсатына, оны  дамытудың стратегияның бағыттарына  қарама-қайщы келсе, алдағы уақытта  қаржы ресурстарының ішкі көздері  әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың  экономикалық базасын бұзса, ол қабылданбау  керек.

   Жоғарыда  аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, тауар және қаржы нарығында  бәсекелестін позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады. 

   Қаржылық  менеджменттің 2 негізгі функциясы  бар: басқару обьектісінің функциялары  және басқару субьектілердің функциялары.

   Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.

   Басқару субьектілердің функциялары  қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым - қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қайта өңдеу, тарату, бақылау.

   Болжау  қаржылық менеджментте – белгілі  бір құбылыс, обьекті, процестің  нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.

   Болжау  функциясы деп мүмкін болатын  көрсеткіштерге негізделе отырып болашақтың көрінісін айқындауды айтады.

   Қаржылық  менеджментте жоспарлау маңызды  орын алады. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі  бөлігі болып, қаржылық механизмнің  қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – ақша ресурстарын  құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану  процестерін жоспарлы түрде басқару.

   Жоспарлау функциясы – болжауға негізделе  отырып болашаққа мақсат анықтау. Жоспарлаудың келесі функциялары бар:

   - Стратегиялық;

   - Жалпы;         

   - Оперативті.

   Стратегиялық  жоспарлау – қаржы ресурстарын  болашаққа ұзақ мерзімге жоспарлау  арқылы мақсатты қаржы ресурстар  көлемін белгілеуді жоспарлау. Жоспарлау  материалдық еңбек және қаржы  ресурстарын қаржылық көрсеткіштердің  өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.

   Оперативтік жоспарлау – қаржылық ресурстарды  қайта тарату көмегімен шығындарды минималды тиімділікке жету мақсатында және қалыптасқан қаржы жағдайын жедел жоспарлау.

   Қаржылық  менеджментте ұйымдастыру формасы  әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар  жиынтығы.

   Ұйымдастыру функциясы – ол қаржылық қызметпен  айнаысатын мамандардың және бөлімдердің  бірыңғай әдістеріне, принциптерге және мақсаттарға бағындыру болып  табылады. Ұйымдастыру басқарудың барлық бөлімдерінің нақтылығын, қаржылық ақпараттың жұмысшыларының жауапкершілігін білдіреді. Ұйымдастыру – ұйымның мақсатына жетуді қамтитын фирманың құрылымын құру. Ұйымдастыру процесі 2 аспектіде қарастырылады:

   -мақсаттар  мен стратегияларға сай ұйымды  бөлу;

   -өкілеттіліктерді  бөлу.

   Ұйымдастыру қызметін барлық деңгейдегі менеджерлер  іске аысрады.

   Олардың міндеті ұйым мақсаттары мен тапсырмаларын  орындауда ең тиімді құрылымын таңдап алу.

   Қайта өңдеу функциясы – өндірістік процестердің барлық этаптарын керекті  материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.

   Тарату  функциясы – ол ақшалай қаражаттарды рационалды түрде обьектіге салу және қаржылық ресурстардың оптималды  құрылымын қамтамасыз етуді білдіреді.

   Бақылау функциясы – жоспарды орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жоспарлау кезеңінде, сонымен қатар ақшалай қаржыларды қалыптастыру және пайдалану процесінде шаруашылықты жүргізудегі қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының пайда болуынан адын – ала сақтандыруға да байланысты. Бақылау қызметінің өзі 3 түрге бөлінеді: алдын ала, күнделікті, қорытынды.

Информация о работе Иннавациялық менеджмент