Иннавациялық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2011 в 20:19, курсовая работа

Описание

Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: қаржылық менеджменттің мәнін аша отырып, оны кәсіпорынды тиімді басқаруда және көзделген нәтижеге жету үшін оңтайлы екендігін айқындап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ.................4

1.1 Қаржылық менеджменттің мәні........................................................4

1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары..................8

1.3 Қаржылық менеджмент - басқару жүйесі ретінде................................11

1.4 Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде...............................12

2 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ...............................................................................15

2.1 “CАЯ” ЖШС жалпы сипаттамасы.....................................................15

2.2 “CАЯ” ЖШС экономикалық - шаруашылық жағдайын талдау.........17

2.3 “CАЯ” ЖШС басқаруды ұйымдастырудағы талдау...............................21

2.4 “CАЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары..............22

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................26

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми жұмыс.docx

— 65.38 Кб (Скачать документ)

     Кәсіпорында қаржылық басқару  жүйесін жетілдіру, шығындарды  төмендету, қаржы ресурстарын  тиімді пайдалануды басқарудың  қажеттілігін кәсіпорын басшылары  мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе  біреу ғана, ол осы шараларды  қалай жүзеге асыру жолдарын  қарастыруды талап ету, есептеу  жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік  құнын есептеу жолдарын жетілдіру,  қолда бар қорлар бар жағдайында  сатып алу көлемін қалай жоспарлау  керек, қандай процестерді жетілдіруге  ең алдымен қаражаттарды инвестициялау  керек және т.б.  осындай басты  мәселелерді шешу кәсіпорын үшін  өте маңызды болып табылады.

         Сонымен қатар, кәсіпорында  әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге  нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында  басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік  беретін, қаржы ресурстарын басқару  жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі  де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық  ерекшеліктеріне ие, құрылыс кәсіпорындары  үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді.

   Нарықтық  экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық ресурстарын  басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау бұл кәсіпорын үшін өте маңызды болып табылады. Бұл  мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

   - экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде кәсіпорындарды  ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы  сұрақтарды қарастыру;

   - Қазақстан кәсіпорындарын қаржылық  ресурстармен қамтамасыз ету  үшін сыртқы ортаның ерекшеліктерін  талдау, олардың қызметінің тиімділігін  жоғарылататын резервтерді айқындау;

   - кәсіпорынның ресурстарын басқару  әдістерін сипаттау, Қазақстандық  кәсіпорындардың әдістерді қолдану  ерекшеліктерін қарастыру; 

    - кәсіпорынның қаржылық ресурстарының  қалыптасуын жан-жақты зерттеу  және талдау;

   - ресурстарды басқару тиімділігін  жақсарту бойынша экономикалық  талдау негізінде ұсыныстарды  дайындау;

   - қаржы ресурстарының қалыптасуына, кәсіпорынның кадрлар саясатының  әсер етуін сипаттау;

   -  кәсіпорындарда қаржы ресурстарын  пайдаланудың тиімділігін талдау;

   - кәсіпорынның ресурстарды басқару  стратегияларының негізгі бағыттарын  өңдеу; 

   - қаржылық ресурстардың қалыптасуының  көзі ретінде кәсіпорындардың  табыстылығын жоғарылату бойынша  ұсыныстарды енгізу; 

   “САЯ” ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайын ескере кетсем,олардың қазіргі жағдайы  орташа деп есептеуге болады. Өйткені  кәсіпорынға қаржылық талдау жасаған  кезде былтырғы көрсеткішке қарағанда  биылғы көрсеткіш бойынша шығындар пайдаға қарағанда көбейіп кеткен, яғни нәтижесі айтарлықтай жақсы  емес. Бұның бір себебі қаржылық ресурстардың дұрыс пайдаланылмауы. Кәсіпорынның алдағы уақытта дамып, өмір сүруі үшін қаржылық басқаруды  жетілдіру қажет.

   Яғни  қаржылық басқаруды жетілдіре отырып, кәсіпорында қаржылық ресурстарды  ұтымды және тиімді басқаруды үйренеді. Сонымен қатар, кәсіпорын жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындап, анықтаса өздерінің ұзақ жылға құрған стратегияларына сай көздеген мақсаттарына жете алуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

   Қазақстан Республикасындағы Қаржылық менеджмент – экономикалық білімнің жаңа саласы. Жалпы айтсақ, менеджмент пен қаржылық менеджмент, өндірістік менеджмент, салық менеджменті өзара бір – бірімен тығыз байланысты.

   Менеджмент  дегеніміз – белгілі жетістіктерге  жету үшін обьектіге мақсатты түрде  әсер ету әдістерінің жиынтығы. Менеджмент адамның қызметінің барлық сфераларына  оның  ішінде қаржылық сфераға да тән.

   Қаржылық  менеджмент кәсіпкерлік қызмет болып  қарастырылады, яғни қаржылық менеджердің  мамандануына байланысты кәсіпорынның қаржылық қызметі дамиды. Басқару  жүйе ретінде қаржылық менеджментте басқаратын ішкі жүйе, яғни субьект  және басқарылатын ішкі жүйе, яғни басқару  обьекті қарастырылады.

   Кәсіпорынның  қаржылық менеджменті дегеніміз  – бұл кәсіпорынды қаржы ресурстарымен  басқару.

   Қаржылық  менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен  байланысты болатын басқару нәтижелерінің  әзірленуі және жеткізуінің принциптері  мен әдістерінің жүйесі болып  табылады.

   Менің курстық жұмысымда қаржылық менеджменттің  жалпы мәні, принциптері мен қызметтері жайлы қарастырдым. Қаржы менеджері  басқару қызметін жүзеге асыру үшін ол белгілі бір принциптерге суйенеді. Сондықтан курстық жұмысымда  қаржылық менеджменттің принциптеріне  жеке тоқталдым. Қаржылық менеджменттің  негізгі қызметтеріне болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қайта өңдеу, тарату, бақылау  жатады. Қаржы менеджері үшін кәсіпорындағы  қаржылық жұмыстарды бақылап, қаржылық ресурстарды тиімді әрі ұтымды пайдалану  үшін аталған қызметтер өте маңызды. Соған сәйкес, әрқайсысы әр түрлі  рөл атқарады. Жалпы қарастырғанда  менеджмент пен қаржы менеджментінің принциптері мен қызметтері бір  – біріне ұқсас.

   Сонымен қатар, тақырыпқа сай “САЯ” ЖШС  құрылыс кәсіпорынына талдау жасалған. Талдау кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, ұйымдық құрылымы, кәсіпорынның жарғысы деректері негізінде жасалған. Онда кәсіпорынның жалпы экономикалық – шаруашылық жағдайы, басқару құрылымын ұйымдастыру, қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары қарастырылған. Талдау жасаған кезде кәсіпорынның қазіргі кезде жағдайын орташа деңгейде деген қорытындыға келдім. Өйткені кәсіпорынның жоғары деңгейде дамуына дағдарыс жағдайы әсер етіп отыр. Тағы да аса маңызды бір себептерді атап кетсем, бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының дұрыс пайдаланылмауы, оларды дұрыс басқаралмауы.

   Қорытындылай  келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін қаржылық менеджментті дамыту керек. Ол үшін ең алдымен Қазақстанда  қаржылық менеджмент саласын жақсарту керек. Сонда ғана кәсіпорынның қаржылық жағдайы дұрыс бағытқа бағытталады  деп ойлаймын.  
 

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Балкибаева  А.М, Қасымбаева Ж.Т Менеджмент  пәні бойынша оқу – әдістемелік  кешен - Астана, 2010 ж – 162 бет

2. Мадиярова  Э.С, Сүйеубаева С.Н Қаржылық  менеджмент:Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2009 ж – 262 бет

3. Масалимова  С.Ж, Зиядин С.Т Қаржылық менеджмент: Оқу құралы – Семей: 2006 ж –  130 бет

4. Байдақов  А.Қ,  Қаржылық талдау: Оқу құралы  – Астана: 2005 ж – 72 бет 

5. Балабанов  И.Т, Основы финансового менеджмента: 1995 ж  – 381 бет

6. Балабанов  И.Т, Риск менеджмента: 1996 ж –  192 бет

7. Басовский  Л.Е, Финансовый менеджмент 2003 ж  - 240 бет

8. Бланк  И.А, Финансовый менеджмент 1999 ж– 528 бет

9. Глухов  Л.Дж, Бахрамов Ю.М Финансовый  менеджмент 1985 ж  - 429 бет

10. Дүйсенбаев  К.Ш, Төлегенов Э.Е, Жұмағалиева  Ж.Г Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдау Алматы: Экономика, 2001 ж

11. Ковалов  В.В, Практикум по анализу и  финансовому менеджменту 2006 ж   – 448 бет

12. Мельников  В.Д, Ильясов К.К Қаржы –  Алматы: Қаржы – қаражат, 2005 ж  -472 бет

13. Мескон  М.Х, Альберт М, Хедоури Ф  Основы менеджмента 1998 ж -800 бет

14. Павлова  Л.П Финансовый менеджмент,1993 ж  - 160 бет

15. Лисовская  И.А Основы финансового менеджмента  2006 ж  – 120 бет

16. Колесник  М.М. Менеджмент. М: ПРИОР. 2001 ж

17. Глухов  В.В. Основы менеджмента. –  СПб: Спецлитература – 1995 ж. 
 

    ҚОСЫМШАЛАР

Информация о работе Иннавациялық менеджмент