Экономикалық қауіпсіздік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:24, реферат

Описание

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі.

Работа состоит из  1 файл

Самал.docx

— 31.49 Кб (Скачать документ)

                                Ұлттық экономикалық қауіпсіздік

 

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік  – экономика және билік институттарының  сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің  ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – бұл экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогреске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру.

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін  сақтау және қамтамасыз ету саласында  мемлекеттік саясаттың жалпы  стратегиясы мен приоритетті  бағыттарын анықтауға  мүмкіндік  береді.

Жалпы  мағынада, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз- оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік – экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі.

Экономикалық қауіпсіздік терминдерінде  жиі қауіп – қатер факторлары қолданылады. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік дамуының аса мүмкін қауіп қатерлеріне жататын Қазақстанның экономикалық даму әркелкілігінің  жоғарылау қауіптері. Қауіп – қатерлеріне жататын  Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму әркелкілігінің жоғарылау қауіптері. Қауіп қатерлердіің маңызды факторлары:

-аймақтар  дамуының әлеуметтік – экономикалық  деңгейінде объективті бар айырмашылықтар, өнеркәсіп өндірісіндегі құрылымдық  өзгерістер фонында экономикалық  қатынастарда  депрессиялық, дағдарысты, артта қалған аудандардың болуы:

- Қазақстанның  жеке қалаларының кәсіпорындары  арасында өндірістік- техникалық  байланыстардың бұзылуы;

- ҚР  жеке аймақтарының арасында жан  басына шаққандағы ұлттық табысты  өндіру деңгейінде алшақтықтың  үлкейюі;

- Ал  егер қазіргі кезде Қазақстан  экономикасының өсуіне байланысты  жағдай кішкене өзгерген болса,  аудандар дамуындағы диспропорция  сақталуда.

Аймақтардың экономикалық бірігуі  Қазақстан нарығының қызмет етуінің  міндетті шарты. Бірақ та жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға  ұмтылады.

Осыдан  мемлекеттің аумақтық- сараланған саясаты керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.

Экономикалық қауіпсіздік – қауіп-қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқан секторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталымен жекешелендірудің  объектілері болды.

Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымын зерттеу негізінде  тауар номенклатурасының бөлімдері  бойынша (экономикалық қызметтің барлық түрлерінің Жалпы жіктеуіне сәйкес) экспорттық бағытталған салаларға  – энергетикаға арналған материалдардан басқа кен қазу, қара металлургия  және түсті металдарды өндіру; ішке бағытталған салаларға - өңдеу өнеркәсібі; басқа салаларға – электроэнергияны, газды және суды өндіру және тарату жатады.Басқа фактор – экспорттық бағытталған көбінесе сыртқы нарықпен байланысты және әлем нарығының конъюнктурасының тербелістеріне сәйкес қызмет етеді. Егер осы сектор едәуір дәрежеде ірі батыс  трансұлттық компаниялармен жекешелендірілді деп есептесек, онда оның ұлттық экономикадан одан да оқшауланғанын күтуге болады.Қазақстан  экономикасында сондай жағдайлар қалыптасты, яғни бұл кезде ішке бағытталған  сектор нарықтық ортада қайта өндіру үшін жетерлік алғышарттарға ие емес. Еңбек ақы мен салықты төлеуден кейін қалған қолдағы бар табыс  негізгі капиталға инвеститцияларды қалыпты қайта өндіруге жеткіліксіз.

Экономикалық қауіпсіздік қауіп - қатерінің негізгі факторы – халық өмірінің төмен деңгейі, табыстары саралаудың жоғарлылығы.Елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен тіршілігіне, оның экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретін:

  – халықтың әр түрлі топтарының арасындағы табыс пен тұтынудыжоғары саралау;

  –  жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

  – азық - түліктің құнды түрлерін орташа нормамен тұтынудыңқысқаруы үшін тамақтанудың балансталмаған құрылымы;

  – инфляция деңгейінің жоғарлауы, оған халықтың сатп алу қабілетіне байланысты, жәнекедейлік аймағының ұлғаюы.

Қазақстанда халық табысын саралаудың децильдік коэфициенті 20-ға жуық. Бұл  аса қамтамасыз етілген және аз қамтамасыз етілген азаматтардың арасында табыс  алшақтығының 20 рет ажыратылуын білдіреді, бірақ халықаралық өлшем бойынша ол 7-8-ден аспауы керек, АҚШ –тан басқа, бұл жерде 11-12, бірақ та Америка өмірі Батыс Европаға қарағанда едәуір қиын.

Аз қамсыздандырылғандар арасында ең көп үлесті көпбалалы отбасылар  алады. Табыстар мен жалақы саясатында бірінші назар әсіресе осы  халық тобының әлеуметтік қорғауына аударылу керек. Кедейлік деңгейі едәуір дәрежеде қазіргі Қазақстандағы инфляциялық ауыртпалықтың әркелкі бөлінумен байланысты. Тұтыну тауарлары мен қызметтердің қымбаттауы бірінші кезекте алғашқы өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыратын және халықтың аз қамсыздандырылған топтарының тұтыну негізін құрайтындарға тарайды.

Тұтастай жұмысбастылық, тұтыну және өндіру арасындағы қайта өндіру арасындағы қайта өндіру пропорцияларының бұзылу жағдайына байланысты әлем нарығының қолайлы конъюнктурасы арқасында уақытша мұнайдан түскен жоғары табыс есебінсіз Қазақстан экономикасы қатты жүктелуге шыдамайды.

Біздің пікірімізше, Қазақстан  экономикасының бар моделі өнеркәсіп  өндірісінің өрлеуін қамтамасыз ете алады, бірақ онымен қатар:

-экономиканың  шикізат экспорттық бағытталған  сектор приоритеті сақталады. Бұл осы сектордың тұйықталумен және өзіндік қайта өндірістің оқшауланған циклын құрумен қауіптенеді;

- инвестициялық  тауарларды өндіру төмендейді, халықтың  нақты табысының өсуінің төменгі  қарқыны сақталады, ал өндіріс  құрылымы соңғы сұраныс құрылымына  немесе тұтыну импортының ары  қарай өсу құрылымына жақындайды;

- өндірістік потенциалдың жүктелмеген сектордың қысқаруы есебінен ішке бағытталған секторда өндіріс шығындары азаяды. Бұл жұмыссыздықтың өсуіне алып келуі мүмкін;

- сақталып  келе жатқан бағалардың теңсіздігі  жағдайында азық – түлік тауарларын  тұтыну құрылымында ауылшаруашылық  өндірісінің және импорт өсуінің  қарқыны төмендетілген.

Солай, Қазақстан экономикасын қайта өндірудің  қазіргі моделіне теңсіздік анализі  елдің экономикалық қауіпсіздігінің  қауіп – қатерін жасайтын шиеленіскен  түйіндерді айқындауға мүмкіндік берді.Қауіп  – қатер факторларының бар  болу көзқарасынан экономикалық қауіпсіздік  жағдайын Оңтүстік – Қазақстан облысының  мысалында қарастырайық.Елдің оңтүстік аймағының жағдайы салалар мен  орталардың кешендік дамуының өзара  әрекетімен сипатталады, олардың ішінде: табиғи – климаттық, демографиялық, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық, институционалдық инновациялық, қаржы  экономикалық. Барлық факторлардың бір  – бірінің арасында өзара әрекеттесу еңбекті, капиталды қайта өндіру және табиғи орта жағдайының проблемалары арқылы көрінеді.

Аймақтың экономикалық дамуын шектейтін  негізгі факторларға қолайсыз табиғи – климаттық жағдайларын, сонымен  қатар экологиялық дағдарыстың  салдарын жатқызу керек. Арал теңізінің  гидрологиялық тәртіптемесінің  және аймақтың негізгі артериясы  Сырдария өзенінің бұзылуы шаруашылық қызмет процесіне және, бірінші кезекте, ауылшаруашылық өндірісіне теріс әсер етті.Арал теңізі балықшаруашылығы мен  көлік маңызын жоғалтты, бұл сонымен  байланысты өндірістің жоқ болып  кетуіне алып келді. Осымен байланысты аймақтағы өнімді қуаттың тиімді орналасуын іске асыру, халықтың оптималды  жайғасуын қамтамасыз ету және оның өмір сүру деңгейін жоғарлату ел өкіметінің орта және ұзақ мерзімді болашақта  приоритетті мәселелері болып табылады.

Оңтүстік  Қазақстан облысының басты проблемаларының  бірі Өзбекстан мен Қырғыстанмен шекараласатын 32 ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайы болып  табылады. 1999 ж. Санақ бойынша осы  аудандардағы халық саны 2,662 млн. адам құрайды немесе республика халқының жалпы санынан 17,8 %.

Осы аймақтардың жалпы  проблемалары:

Шектес  мемлекеттерден шетел жұмыс күшінің  жағдайлық ағыны.

Басқа мемлекеттерден келген қашқындар ағыны, бұл еңбек нарығындағы шиеленіске, санитарлы- эпидемиялық жағдайдың  нашарлауына, әлеуметтік инфрастуктура  объектіліріне күшейген жүктемесіне  алып келеді.

Ауыз  сумен қамтамасыз ету төмендігі.

Бірнеше әкімшілік бірліктің мемлекеттік  аймақтың иелену сұрақтарының шешілмеуі.

Шектескен аймақтардан адамдардың кетуі

Экономикалық  зерттеулер Институтының ғалымдарының пікірі бойынша облыстардың аймақтық секторының негізгі проблемалары Бұл:

-негізгі  қорлардың ескірген және жаңартылмайтын  активті және пассивті бөлігі;

- өңдеу  өндірістерінің өнімінің төменгі  салмағы; 

-шығарылған  өнімнің жоғарғы ресурстық   және энергосыйымдылығы,

- шетел  аналогтармен  салыстырғанда сапа  деңгейінің төмендігі кезінде  жоғары бағалар үшін өнімнің  шектелген бәсекеге қабілеттілігі;

-ішкі  нарықта көптеген өнім түрлеріне  төлеуге қабілетті сұраныстың  толық немесе жартылай жоқтығы  ж.т.б.

Солай ауылшаруашылықтың негізгі  проблемалары:

негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежелі тозуы;

маркетингтік  қызметтің, ақпараттық жүйенің дамымауы;

ұзақ  мерзімді қарыз қаражаттарды тарту  көздерінің қаржылық халсіздігі және жоқтығы;

Тамақ өнеркәсібінде оның дамуын тоқтататын негізгі проблемалар ол:

ауылшаруашылық  өнімдерін өндірушілер мен оларды қайта жасайтын кәсіпорындар арасындағы өзара байланыстың жоқтығы;

импортты  ауыстыратын тамақ өнімдерін  шығару бойынша кіші өндіріс санының  жеткіліксіздігі;

тамақ өнімдерін шығарушыларды өнімді орайтын және сақтайтын құралдың жоқтығы;

ауылшаруашылық  өндірісін жеңілдікті қаржыландыру деңгейінің төмендігі.

         Оңтүстік Қазақстанның машинақұрылысында  да проблемалар бар, олардың  ішінде: өткізу нарығының, айналмалы  қаражаттардың қажеттіліктерін   қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті  өндірістің жоқтығы, техникалық  қайта қаруландырудың артта қалуы.

         Әлеуметтік ортада маңызды проблема  – ол халықтың жеке инфекциялық  аурулармен науқастығының  өсуі, және бірінші кезекте Арал аймағында, ең қауіпті ауру дем алу органдарының туберкулезі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтауға жергілікті бюджеттердің ортажылдық шығындары 20%-дан. 28 % - ға (Қызылорда облысы) дейін ауытқиды. Білімге деген шығындары төмен.

Еңбек нарығындағы диспропорциялар  бір мамандарды артық өндірумен  және екінші мамандардың жетіспеушілігімен, мамандарға сұраныс құрылымы мен  масштабтар және олардың ұсыныстары арасындағы сәйкессіздікке байланысты.Ең әуелі, бұған мамандарды дайындауда сұраныс пен ұсыныс сәйкестілігін  қамтамасыз ету сұрақтарындағы білімнің төмен икемділігі және мобильдігі себепті.

Бір топ мамандарды бір министрлік профилі бойынша дайындау органы, бұл студенттерді дайындауда әдістемелік, методологиялық және ұйымдасқан басшылықтың  жақсаруына себеп болады, жоспарлауды  оңайлатады. Осы жағдайларда профильді  министрлікке мамандарды дайындау үйлесімдігі  және реттеу қызметтерін арту жөнді.

 Еңбек нарығында мамандардың  сұранысы мен ұсынысын реттеу, олардың өзгеруін болжау ҚР  білім беру және ғылым Министрлігімен  қамтамасыз етілу керек, шынайы  ынтымақтастыққа салалық министрліктермен, және одан бұрын экономика  және бюджетті жоспарлау Министрлігімен, себебі мамандарды дайындау экономиканың  даму тенденциясымен тығыз үйлесіп  іске асу керек.

ҚР білім беру және ғылым Министрлігінің атынан үйлестіруші орган мемлекеттік  білім тапсырысына сәйкес жоғары білімді мамандарды жоспарлау және реттеуде салалық министрліктер  мен жоғары оқу орындары арасында делдал болу керек.

Бюджетаралық қатынас проблемалары сақталуда. Әлеуметтік трансфертер  мен мекенжай әлеуметтік көмектің көздері  – жергілікті бюджеттердің қаражаттары. Оңтүстік аймақтағы облыстарда халықтың әр түрлі саны, экономикалық дамудың  бірдей емес деңгейі бір тұрғынға кеткен жергілікті бюджет шығындарының саралануын тудырады.

Оңтүстік аймақ облыстарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар кешенін  мезгілімен табу және шешу болашақта  экономика салаларының жоғары даму темптеріне, әлеуметтік ортаның тез  дамуына, экологиялық пресстің төмендеуіне, ал соңғы нәтижеде әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының жоғарлауына алып келді.

Бұл мәселенің маңыздылығы 30 маусым 1998 жылы «Қазақстан Республикасының  ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңын қабылдаумен  байланысты, бұл жерде экономикалық қауіпсіздік – ол «Қазақстан Республикасының  тұрақты дамуын және экономикалық тәуелсіздігін  қауіп-қатерге қоятын сыртқы және ішкі жағдайлар, процесстер және факторлардан қорғану жағдайы».

Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік