Экономикалық қауіпсіздік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:24, реферат

Описание

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі.

Работа состоит из  1 файл

Самал.docx

— 31.49 Кб (Скачать документ)

Экономикалық қауіпсіздік (ЭҚ) ұлттық экономиканың қоғамдық қажеттіліктерді  отандық және халықаралық деңгейде тиімді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге  қабілеттілігін көрсетеді. Басқаша  айтқанда, экономикалық қауіпсіздік  – ұлттық экономиканың тиімді, динамикалық  өсуіне қолайлы әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы, оның қоғам, мемлекет, индивид қажеттіліктерін  қанағаттандыру, сыртқы және ішкі нарықтағы әр түрлі қауіп-қатер мен шығындарға кепіл беретін бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіншілігі.

Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету – мемлекеттік  саясаттың приоритеті бағыты, сондықтан  экономикалық қауіпсіздік сөзсіз кепілдеме  ретінде екі деңгейде түсініледі:

  • сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;
  • ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік  – экономика және билік институттарының  сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің  ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі. Экономикалық жүйе тұрақты  болған сайын, экономика өмірге икемдірек  болады, яғни оның қауіпсіздігін бағалау  жоғарлайды.

Экономикалық  қауіпсіздіктің критерия жүйелері және көрсеткіштері бар: (1-кесте);

1-кесте

Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағалау  жүйесі

критериялар

индикаторлар

ұстанымдар

қауіпсіздік құрылымы

1

2

3

4

Мемлекеттің ресурс потенциалы

Ресурстарды, капиталды және еңбекті қолдану  тиімділігінің деңгейі

Экономиканың  бәсекеге қабілеттілігі

Экономиканың  кеңістік уалаятының тұтастығы

Егемендік

Әлеуметтік  тұрақтылық

Өмір деңгеиі мен сапасы

Инфляция  қарқыны 

Жұмыссыздық нормасы

ЖІӨ-нің  экономикалық өсуі

Бюджет  дефициті

Мемлекетік  қарыз

Әлемдік экономикаға кіріктірме

Алтынвалюта қорлары

Көлеңкелі экономика қызметі 

 

 

Кешенділік

Тұрақтылық

Жеткіліктілік

Өзгергіштік

Превентивтілік

Транспаренттілік

Даму

Технологиялық

Азық-түлік

Қаржы-несиелік

Өнідірістік

Сыртқы-экономикалық

Инвестициялық

Энергетикалық

Көлік-байланыс

Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық)


 

ЭҚ  ұстанымдары:

Кешенділік – экономикалық жүйенің қорғануына әсер ететін факторлар есебі.

Тұрақтылық – келе жатқан қауіп-қатерді сезінуге, тойтарыс беруге, өзгертуге, тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілеттілік.

Жеткіліктілік – қауіп-қатерлерді бейнелеу үшін ресурстық және капитал сыйымды қорлардың бар болуы.

Өзгергіштік – экономикалық жүйенің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету формалары мен механизмдерін өзгертуге қабілеттілік.

Превентивтілік – мүмкін болатын қауіп-қатерлерді озық әрекет немесе қорғау блогын жасау арқылы болдырмау және тараптау.

Транспаренттілік (ашық болу) – жүйенің сыртқы және ішкі әсерлерге сезінушілігі.

Даму – қорғау жүйесінің жетілдірілуі.

ЭК  құрылымы былай сипатталады:Технологиялық  қауіпсіздік бәсекеге қабілетті  ғылыми-техникалық өнім өндіру негізінде  халықаралық технологиялық нарықтарда ұдайы қатысумен анықталады. Азық-түлік  қауіпсіздігі сапалы тамақ өнімдерін  өндіруге арналған табиғи-шикізат ресурстарын  қолданумен және осы тамақ өнімдерін  халықтың жаппай тұтыну мүмкіншілігімен  өлшенеді.

Қаржы-несиелік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен, ұлттық валюта тұрақтылығымен, алтынвалюта  қорларының жеткіліктілігімен немесе тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасаумен ескеріледі.

Өндірістік қауіпсіздік индустриялық потенциалдың дамуында, техникалық өнім өндірудің тұрақтылығында және тиімділігінде, мемлекеттің экономикалық тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметінің керектігінде көрінеді.

Сыртқыэкономикалық қауіпсіздік ашық экономиканың сақталуы кезіндегі халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында ішкі нарықтың сыртқыэкономикалық әсерлерден қорғануымен сипатталады.

Инвестициялық қауіпсіздік оның инвестициялық тартымдылығының деңгейіне, ұлттық экономикалық мүдделерді сақтауды ескере отырып, тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және оны қайтару қабілеттігіне байланысты.

Энергетикалық қауіпсіздік ішкі өнеркәсіптік өндірісті қолдану үшін өзіндік энергия тасушыны және энергияны жеткілікті өндіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігімен анқталады. Көлік-байланыс қауіпсіздігі әлемдік нарыққа шығатын альтернативтік негіздерді иеленуге рұқсат беретін көлік-байланыс артерияларының бар болуымен көрсетіледі.

Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) қауіпсіздік бұзушы әлеуметтік күштің төмен деңгейімен, қоғамның өмірге керек қажеттіліктерін қанағаттандырумен қамтамасыз етілетін қорғану жағдайын білдіреді.

Жалпы, экономикалық қауіпсіздік деген  жүйенің күрделі ішкі құрылымы бар, соның ішінде оның үш маңызды элементтерін бөлуге болады:

1. Экономикалық  тәуелсіздік. Экономикалық тәуелсіздік  абсолюттік сипатқа ие емес, себебі  халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық  экономикаларды бір-бірінен өзара  тәуелді қылдырады. Осы жағдайларда  экономикалық тәуелсіздік ұлттық ресурстарды бақылау мүмкіншілігін білдіреді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға, кооперациялық байланысқа, ғылыми-техникалық жетістіктердіайырбастауға тең қатысуға рұқсат беретін өндіріс, тиімділік және өнім сапасының осындай деңгейіне шығу керек.

2. Ұлттық  экономиканың бірқалыптылығы мен  тұрақтылығы меншікті барлық  оның формаларында қорғау, кәсіпкерлік  белсенділік үшін сенмді кепілдеме  мен жағдай жасау, ахуалдың  бірқалыптылығын бұзатын факторларды  тоқтату (экономикадағы қылмыстық  құрылымдарымен күресу, табыстарды  бөлуде маңызды алшақтықтарды  болдырмау ж.т.б.) дегенді білдіреді. 

3. Өзін-өзі  дамытуға және прогреске қабілет.  Бұл әсіпесе қазіргі, динамикалық  дамушы әлемде маңызды. Инвестициялар  мен инновацияларға қолайлы климат  жасау, өндірісті ұдайы жаңарту,  қызметкерлердің кәсіби, білім және  қоғамдық-мәдени дәрежесін жоғарлату  ұлттық экономиканың тұрақтылығы  мен өзін-өзі қорғаудың керекті  және міндетті шарты болып  жатыр. 

Экономикалық қауіпсіздіктің шектік мәндері маңызды – бұл шекті  шамалар, бұларды сақтамау экономиканың және мемлкеттің әлеуметтік саласының  жөнді дамуына кедергі, экономикалық қауіпсіздік аймағында жағымсыз, күйрететін тенденцияның қалыптасуына алып келеді.

Бірақ осы шектік мәндер қандай болу керке  деген сұраққа бірмағыналы жауап  жоқ. Әлемдік тәжірибекөрсеткендей, шектік мәндерді нағыз сақтамауда да, кейбір елдердің экономикасы бірқалыпты дамып жатыр және қарқыны, осы  шектік мәндерді қатаң сақтайтын  мемлекеттерге қарағанда, асқан. Барлық осы критериялар мен көрсеткіштер бір-бірімен үйлесу керек. ҚР экономикалық қауіпсіздік міндеттері мемлекеттік  органдардың, меншік формаларына тәуелсіз ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың  және азаматтардың шешімдері мен  әрекеттері арқылы құрылады және іске асады. Бұл міндеттерге кіреді:

жалпымемлекеттік  құндылықтар мен мүдделердің  тұрақты жүйесінің қалыптасуы;

ұлттық  мүдделерді қорғау;

мемлекеттегі  әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау.

Ұлттық-экономикалық мүдделер:

ұлттық  экономиканың өрлеуі және экономикалық өсу;

халықтың  құт-берекесінің жақсаруы;

табиғи-шикізат  және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

стратегиялық  салаларда мемлекеттік бақылаудың сақталуы;

мемлекеттің халықаралық экономикалық рейтингін  жоғарлату.

Экономикалық  приоритеттер:

ұлттық  экономиканың дамуы, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің негізінде  мемлекетке әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, отандық өндірушіні қолдану;

мемлекеттің сыртқы ресурс көздеріне, еркін сауда  нарықтарына, әуе байланыстарына басқа  әлем мемлекеттерімен тең шартта шығуды қамтамасыз ету;

«Стратегия-2030 ж.! Сәйкес Қазақстанның болашақ гүлденуі негізі ретінде білім, ғылым және мәдениеттің дамуы;

Ғылыми  сыйымды өндіріс пен отандық  технологияның дамуына бағытталу.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік  стратегиясы – республиканың  экономикалық қауіпсіздігіне бағытталған  мемлекеттік саясаттың құрама бөлігі және басты мақсаты – экономикалық егемендік пен мемлекеттің тәуелсіздігін  қамтамасыз ету.

Кең стратегиялық жоспарда мемлекеттің  қауіпсіздік приоритеттерінің құрылымын  құрайды:

азаматтардың  қауіпсіздігі – халықтың қазіргі  және болашақ ұрпағы – қоғамның негізгі субъектілері;

қоғамның  және оның негізгі экономикалық және басқа субъектілерінің қауіпсіздігі;

мемлекет  қауіпсіздігі (билік және салалар  мен аймақтарды – экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және қоғамның тұрақты  дамуының басқа секторларын –  басқару институттарының).

 


Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік