Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:39, курсовая работа
Осы тақыраптың өзектілігі, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:
Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;
Кіріспе…………………………………………………………..3
I. Нарықты экономиканың мәні және дамуы.
Нарық ұғымы мен мәні………………………………………………...5
Нарық қатынастарының даму кезеңдері……………………………...8
Нарық түрлері және сегментациясы…………………………………10
Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
Нарықтың қызметі және құрылымы………………………………...12
Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы……………………17
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі……………...21
Қазақстан нарық жолында……………………………………………24
Қорытынды…………………………………………………………………...29
Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...30
Бұнда сатып алушы – мемлекет, сатушылар – ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер т.б.
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі – жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясының тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болады.
7. Экономикада
заңдылықты сақтау жағынан
1- Сурет. НАРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Нарықтың мәні оның функциялары
арқылы толығырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызды қызметтер атқа
2.2 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ . НЫРЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Нарық экономикасының қызмететуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Олардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады, біреулер тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне падаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады.
Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементінің өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке таладп танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1) – баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2) – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трасакциондық шығындар болжайды, яғни айырбастың байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші орталық буыны – екі құралымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді қндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды элементі.
Нарық механизмнің бесінші элементі-бәсеке. Болып пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмнің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді.Осы әрекеттердін жиынтығын қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады.Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңзды элэменттеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
Нарықтың инфрақұрылымы | |
АУКЦИОНДАР |
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ - ДЕЛДАЛДЫҚ ФИРМАЛАР |
БИРЖАЛАР ЖӘНЕ БРОКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕР |
БИЗНЕСТІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ |
БАНКТЕР |
САҚТЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР |
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОМПАНИЯЛАР |
ЖАРНАМА-АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ |
МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ЖӘНЕ БАСТЫҚ КОРЛАР |
ҚОЙМА, ЭЛЕВАТОР, ТОҢАЗЫТҚЫШ, ТРАНСПОРТ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ,АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ОРЫНДАРЫ |
МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ |
САУДА ҮЙЛЕРІ |
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН ИНСПЕКЦИЯ |
МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ |
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ |
КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ |
ЛИЗИНГТІК КОМПНИЯЛАР |
КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ |
КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТ |
ЖӘРМЕНКЕЛЕР |
БАҒАЛАР МЕН СТАНДАРТТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ |
ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ БІРЛЕСТІКТЕРІ (АССОЦИАЦИЯЛАРЫ) |
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМДАРА |
ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ |
2-Сурет. НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Нарық коньюнктурасы.Нарық инфрақұрлымының тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.Коньюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:
Ö өндіріс пен құрылыс динамикасы, тауар запастарының мөлшері, баға, процент, бағалы қағаздар курсының қозғалысы;
Ö пайда, еңбек ақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
Ö еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас;
Экономикалық коньюнктураға «циклдық», «циклдық емес», «кездейсоқ» факторлар әсері бар;
а) Циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал-жабдықтардың) кезекті жаппай жанаруына байланысты;
b) Циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады);
с) Кейздейсоқ ( уақытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.
Экономикалық
коньюнктураны жақсартудың
а. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
b. Фирмаларға
мемлекеттік заказдардың
с. Салық және
процент ставкаларының
d. Халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.
Қазір барша кәсіпорындар немесе жекеленген нарықтар коньюнктурасын өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды.
Нарық экономикасы әрекетінің механизмі үш басты принцптерге негізделеді:
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъетінің пайда болуы, нарық экономикасына, ондағы сұраныс пен ұсынысқа мәнеді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиді деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вараинты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принцпі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолнануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі- табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасының көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар- капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің хал- ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс-нарық механизмнің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді: бір жақтан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.
Сирек кездесулік мәселесі нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік-экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе, тацуардың падалылығын дәлелдеуде қолданылатын құрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Класикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырып отырады. Егер бұрын сиректік табиғи және әлейметтік фокторлармен байланыстырылған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін бнлгілі бір уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
2.3 МЕМЛЕКЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АТҚАРАТЫН РОЛІ
Мемлекеттің макроэкономикалық процеске қасысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгініг таңда мұндай қатысу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан, бүгініг таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты
«экономика-мемлекет» қарым-
Шын мәнінде, нарықтық экономика таңдау және еркін кәсіпкерлікке негізделген. Мемлекет – еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау қашанда және барлық субъектілермен жоғары бағалылықпен атңдау ретінде танылады, ал күштеу (ықтиярсыз көндіру) – осы бағалылықты теріске шығару деп түсіндіріледі.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.:
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің «өзегі» - бәсекелестік күрес болып табылады. Расында, бәсекелестік монополияның пайда болу факторларының бірі екені белгілі. Монополиянвың даму – нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп, бәсекелестік бастаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.