Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание

Осы тақыраптың өзектілігі, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:
Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..3
I. Нарықты экономиканың мәні және дамуы.
Нарық ұғымы мен мәні………………………………………………...5
Нарық қатынастарының даму кезеңдері……………………………...8
Нарық түрлері және сегментациясы…………………………………10


Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
Нарықтың қызметі және құрылымы………………………………...12
Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы……………………17
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі……………...21
Қазақстан нарық жолында……………………………………………24
Қорытынды…………………………………………………………………...29

Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...30

Работа состоит из  1 файл

0Kursovoy.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

1.4 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

 

Нарықтық экономика- ертеден  келе жатқан шаруашылықтың жүргізу  құралы, оның дамуының өзіндік бай  тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық  еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

    1. нарық әлемінің пайда болуы;
    2. натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
    3. тауар баламасы кезеңінің нарығы;
    4. тауар емес балама кезеңінің нарығы.
  1. Кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
  2. Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т12 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
  3. Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша                           есептеледі: Т12 балама – Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекшелік тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формуласымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалар байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
  4. Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы Т1 тауар емес балама –Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқтатылуымен, құнның таза иеленушілері- несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы- қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

Сонымен бірге, нарық  стихиялық түрде дамушы немесе еркін  нарық, монополиялы нарық, реттемелік нарық деп бөлінеді. Стихиялық  нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар , еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идиологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А.Смит (1723-1790ж.) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж.) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамутудың және оны қоғамдық қажеткіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек ғана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» ролін атқару қажет. Мемлекет «мейлі өзінен өзі жүрсін» саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялары мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейілінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарық реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смиит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.

Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы  кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл  түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал тіптен келгенде , қоғамның барлық қайшылықтарынан шиеленісуіне әкеліп соқтырады.

Бұған мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраныс пен ұсыныс сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстар орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың  баламасыз құралы деп танылып отыр.

 

 

 

1.5 НАРЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН СЕГМЕНТАЦИЯСЫ.

 

Нарықтардың құрылымын  зерттеу, оларды негізгі түрге бөлуге мүмкіндік береді.

 

Тауарлар мен  қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:

    • тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлік емес тауарлар                        нарығы;
    • қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер;
    • тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.

 

Өндіріс факторларының  нарғы. Бұған жататындар:

    • жылжымайтын мүліктер нарығы;
    • еңбек құралдарының нарығы;
    • шикізат пен метериалдардың;
    • қуат ресурстарының;
    • пайдалы қазбалардың нарықтары.

 

Қаржылар нарығы:

    • капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар; несие нарықтары;
    • құнды қағазадар нарықтары – акциялар, облигациялар, опциондар, варанттар және фьючерстік контрактар т.б.
    • валюта-ақша нарықтары.

Ителлектуалдық  өнімдер нарығы – инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

Жұмыс күш нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.

Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішік, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға қосалқы, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды ( көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:

1. Географиялық:

    • аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
    • әкімшілдік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;
    • тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы;
    • климат бойынша: теңіз, континентальдық, орташа, ыстық т.б.

2. Демографиялық:

    • адамдардың жасына сәйкес топтау;
    • жыныстық топтау;
    • отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;
    • табыстар дәрежесіне қарай;
    • кәсіби құрамына сәйкес: ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер т.б.
    • білім жәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;
    • ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;

3. Психологиялық:

    • халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;
    • табыстардың дәрежесіне сәйкес;
    • өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, ақсүйектер;
    • жеке басының қасиетіне сәйкес: ашуланшақтар, өз-өзіншілігі молдар.

4. Мінез құлықтық (тауарларды таңдауда):

    • ауарда кездейсоқ сатып алады;
    • сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;
    • сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;
    • клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек, анда-санда керек;
    • өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН  ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.

                

2.1 НАРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық экономикаға  қажетті элементтердің бірі – оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді. Нарықтық инфрақұрылымының элементтеріне тауар, шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.

Ұлттық нарықты құру оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі – жоғары талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті.

Қазақстанның " Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік – экономикалық реформаларды тереңдету  бағдарламасында" нарықты инфрақұрылымның инвестиция мен қорларды және холдинглері, сақтандыру компаниялары мен қорларды, аудиторлық фирмалар консультация орталықтары мен фирмалар, сауда - өнеркәсіп палаталары, көлік экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен фирмалар сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.

Негізгі мақсат нарық  механизмін жетілдіре түсудің басты  жолы, оның инфрақұрылымын жан – жақты тереңдете түсу.

      Нарық  құрылымы өте күрделі болады  және ол экономиканың барлық  сферасында өз әсерін жүргізеді.  Нарықтың экономикалық құрылымы  мынадай жағдайлармен белгіленеді:

►        меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

► шаруашылық субъектілерінің  әр түрлі формаларының экономикадағы  үлес салмағымен белгіленетін, тауар  өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т. б.);

►      тауар  айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

►     шаруашылықтың  құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен  алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

►      осы  елде пайдаланылатын сауданың түрлерімен.

Осы жағдайлар жүйесіне ерекше қасиеттер береді.

Құрылымы жағынан нарықты  мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

 

1. Нарық қатынастары  объектілерінің атқаратын экономикалық  қызметі бойынша:

 

►        игіліктер мен қызметтер нарығы;

►        өндіріс құралдарының нарығы;

►        ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;

►        құнды қағаздар нарығы; жұмыс күші нарығы.

 

Нарықтың көп түрлілігі  кәсіпорындардың өзара әсер етуінің  барлық жуйесіне күрделі өзгерістер енгізу талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу  сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

 

2. Нарықтарды  тауарлық топтар бойынша классификациялауға болады:

 

►  өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;

►  халық тұтынатын  тауарлар, азық-түлік тауарлар анрығы;

►  шикізат пен материалдар  және т.б. нарықтары.

 

Ауылшаруашылық шикізаттары  нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық өнімдер қоры қалыптасады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейтін, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестің кең пайдалануын, фирмалық дүкендердің көбеюін тілейді.

 

  1. Кеңестік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:

 

►  аймақтық ішінде;

►  аймақаралық;

►   республикалық;

►    республикааралық;

►   халықаралық (әлемдік) нарықтар.

 

Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.

 

  1. Бәсекенің шектелулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

 

►   монополиялық;

►   олигополиялық;

►   салааралық нарықтар;

 

 

 

 

 

  1. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:

 

► көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар мен сатушылар  болып кәсіпорындар және ұйымдар  әрекет етеді.

► бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар-жеке азаматтар.

► ауылшаруашылық өнімдерін  мемлекеттік сатып алу нарықтары.

 

Информация о работе Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы