Экономикалық ресурстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 22:33, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыс кіріспе, алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты – эономикалық ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.

Содержание

Кіріспе 3
Экономикалық ресурстар 4
Еңбек ресурстары 5
Табиғи ресурстар 9
Дүниежүзінің табиғат ресурстары 13
Айналым капитал 15
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық ресурстар.doc

— 113.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 
 

Кіріспе                                                                                                                3

Экономикалық  ресурстар                                                                                 4           

Еңбек ресурстары                                                                                              5

Табиғи ресурстар                                                                                               9

Дүниежүзінің  табиғат ресурстары                                                                  13

Айналым капитал                                                                                              15

Қорытынды                                                                                                        20 

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                        21 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

  

     Бұл жұмыс кіріспе, алты бөлімнен, қорытынды  және  пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.  
     Жұмыстың мақсаты – эономикалық ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру.

     Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.       

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Экономикалық ресурстар

   Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы. Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофиз.), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары.

   Ресурстар

   Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), қосалқы қорлар — табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

   Негізгі түрлері:

  • ақпараттық ресурстар — әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы;
  • банк ресурстары — банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады;
  • бюджет ресурстары —барлық деңгейдегі бюджеттерге кіріс ретінде түсетін ақшалай қаражат;
  • еңбек ресурстары — халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
  • қаржы ресурстары — мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;
  • материалдық ресурстар — еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс;
  • табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;
  • экономикалық ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы;
  • экспорттық ресурстар — сыртқы рыноктарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат;
  • энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары.

      Еңбек ресурстары

    Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизімі. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасындахалықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және еңбек қауіпсіздігін қорғау.

   Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.

    Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау. Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы.

   Еңбек өнімділік және оны есептеу әдістері. Еңбек өнімділік өсуінің резервтері және факторлары

   Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—58 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

   Еңбек ресурстарын басқарудың мәні мен ақаратын қызметтері

   Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн.

   Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық ЖОО-да оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.

   Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:

 - натуралды немесе табиғи (жер, т.б.);

 - материалды (капитал);

 - адам ресурстары (еңбек).

   Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар, жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де, басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн.

   Оның мәні мынада:

   Біріншіден, өндіріс құралдарына қарағанда (машиналар, шикізат) адамдардың сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы түрде жауап бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі жақты болып табылады.

   Екіншіден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға қабілетті. Технологиялар мен оған қоса кәсіптік білім бірнеше жылдың ішінде ескеріп отыратын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында қызметкерлердің үнемі дамып,жаңарып отыру қабілеті кез келген ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзімді көзі болып табылады.

   Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамның еңбек ету өмірі 30-50 жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ мерзімді сипат алады.

   Төртіншіден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар ұйымға белгілі бір мақсаттармен, саналы түрде келеді де, ұйымнан осы мақсаттарына жетуде көмек күтеді.

   Мамандарды басқару адамзат қоғамның даму тарихында ежелден бастау алады. Туыстық ұйымдарға біріккен сонау ежелгі адамзат қоғамның алғашқы

өкілдері-ақ өздерінің өте шектеулі ресурстарын  пайдалану мәселесін күнделікті шешіп отыратын, күнделікті еңбек  бөлінісі, еңбек уәждемесі (мотивация) және тәртіп мәселелерімен кездесіп отыратын.

   Мамандарды басқаруда кез келген обьектіні немесе процесті басқару секілді ұйымдық қызмет болып табылады.

   Ғылыми-техникалық процестің жеделдеуімен, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуымен және бәсекенің өрши түсуімен сипатталған XX ғасырдың соңғы жылдары мамандар алдына адам ресурстарын басқару саласында жаңа мәселелер туындады.

  Еңбек ресурстары дегеніміз - еңбек ету үшін қажетті білімі мен ақыл-ой қабілеті бар, физикалық дамыған халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстарына жататындар:

а) еңбекке  жарамды жастағы халық: еркектер 16-63 жас, әйелдер 16-58 жас аралығындағылар. Жұмыс істемейтін I және II топтағы еңбек және соғыс мүгедектері мен еңбекке жарамды жастағы, бірақ жеңілдетілген

жағдайлармен  қарттығы бойынша зейнетақы алатын жұмыс істемейтіндер

еңбек ресурстарын құрамына кірмейді.

б) қоғамдық өндіріспен айналысатын еңбекке жарамды жастағылардан

үлкендер  мен кішілер.

Еңбек потенциалы еңбек ресурстарына қарағанда  кең мағынаны қамтиды. Себебі мұнда  жасы бойынша еңбек ресурстарының  қатарынан шығып кеткен бірақ, қоғамдық қатысатындар да кіреді.

    Еңбек потенциалы - бұл жеке адамның, әр түрлі жұмыскерлер тобының, бүкіл еңбекке жарамды халықтың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы бойынша санын, сапасын және еңбекке қабілеттілік өлшемдерін анықтайтын интегралды сипаттамасы.

   Еңбек потенциалының сандық және сапалық сипаттамалары болады. Сандық сипаттамасы келесілерді анықтайды:

- еңбек  ресурстарының саны;

- бір  жұмыскердің бір жылдағы орта  есеп пен алғандағы жұмыс істеген  уақытының мөлшері;

- еңбектің  интенсивтігі (қажетті персоналдар  саны).

  Сапалық сипаттамасы:

- физикалық құраушысы (адамның бойы, салмағы, дене өлшемі және т.б.); денсаулығы;

- интеллегтуалдылығы (ақыл-ой, медерлік, өз дегенін орындау  қабілеті, талант);

- әлеуметтік (өмір сүру деңгейі, әлеуметтік  ортасы, материалды, рухани қажеттілік;

- мамандығы  (білім деңгейі, тәжірибесі, кәсібі).

Сандық, сапалық сипаттамаларын бірге қарастыра  отырып, қоғамдық

өндірістің  еңбек ресурстарымен қаншалықты дәрежеде

қамтамасыздандырылғанын, ҒТП-ң талаптарына сәйкестілігін  анықтауға болады.

   Халықтың ұдайы өсуі деп туу мен өлімнің өзара әсерлесуі нәтижесі адамдар ұрпағының үздіксіз жаңарып отыру процессі түсіндіріледі.

   Халықтың ұдайы өсу процессінде оның түрлері, типтері және тәртібі, ал еңбек ресурстарының ұдайы өсуі процессінде сонымен қатар фазалары немесе кезеңдері бөлініп шығады.

   Халықтың табиғи қозғалысы - деп адамдардың туылып және өлімінің салдарынан айтамыз:

   Осылардың қайсысының басым болғандығына байланысты халықтың табиғи өсімі немесе табиғи азаюы болады.

   Халықтың көші-қон қозғалысы - әр түрлі экономикалық, саяси, діни және басқа да себептерден болады.

    Табиғи ресурстар

Информация о работе Экономикалық ресурстар