Экономикалық ресурстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 22:33, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыс кіріспе, алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты – эономикалық ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.

Содержание

Кіріспе 3
Экономикалық ресурстар 4
Еңбек ресурстары 5
Табиғи ресурстар 9
Дүниежүзінің табиғат ресурстары 13
Айналым капитал 15
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық ресурстар.doc

— 113.00 Кб (Скачать документ)

Ақша  жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша  бірлігі. Бұл тауар бағасын  анықтап өлшеу үшін қолданылады.  Қазақстанда – теңге. 

2. Баға  масштабы. Бұл мемлекет анықтаған  ұлттық қағаз ақша данасының  металға бағаланған салмақ мөлшері. 

3. Ақша  түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық  жүйе – айырбасқа арнап заңды  түрде ақша мен құнды қағаздар  шығару тәртібі. 

5. Ақша  жүйесінің институттары – ақша  айналымын реттеп отыратын мемлекеттік  және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық  паритет – екі валюта арасындағы  шекті қатынасты білдіреді. 

   Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

- металл  ақшаның айналыс жүйесі – айналыста  алтын және күміс монеталар  жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- несие  және қағаз ақшаның айналыс  жүйесі.

   Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M •  V = P • Q

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V –  ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р –  бағаның орташа деңгейі;

Q –  барлық тауарлар мен қызметтердің  саны.

   Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

   Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо  –айналыстағы қолма-қол ақшалар. 

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа  депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар  + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді  салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары. 

   Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

1. Несиені  қайтару прнциптері – белгіленген  уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан  кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік  принцип – келісімшарт бойынша  белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем  приципі – несиені пайланғаны  үшін ақы төлеу. 

4. Материалдық  қамтамасыз ету – қарыз алушы  өзінің міндеттемесін бұзғанда  кредитордың мүддесін қамтамасыз  етуді қорғау қажеттілігі. 

5. Несиенің  дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

   Несие функциялары:

1. Ынталандыру  функциясы- экономикада ақша айналымын  жылдамдату арқылы процестерді  жылдамдату.

2. Орын  басу функциясы – қолма-қол  ақшаның орнына несие ақшалар  жүреді.

3. Жинақ  функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта  бөлу функциясы –несиенің көмегімен  әртүрлі салалардың арасында  қаржылық құралдар қайта бөлініп  отырады. 

5. Реттеу  функциясы – нарықтық экономикада  несие экономиканы реттеу құралы  ретінде қолданылады. 

   Несиенің түрлері

   Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

   Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

  Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

  Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды       

Ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық ресурстары.Ресурстарды сақтауды экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық сипатының шаралар кешені ретінде  пайдаланылған, инвестиция. Еңбек және  басқа ресурстармен салыстырғанда озық сапалық және сандық өнімнің өсуін аса ұстамдылықпен қарау қажет.  
         
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті артады. Ол ұлттық табыс серпінінде тұтыну және қолдану арсындағы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында  ресурстарды сақтау есебінен өндірістік қорланудың бөлігі үлкен орын алады. Ресурстарды сақтау проблемасын шешу ұдайы өндіріс процесіндегі барлық сатыларды қамту қажет етеді. Қалдықсыз және қалдығы аз технологияны  өндіріске енгізу кезек күттірмейтін мәселеге айналғаны жөн. Себебі қалдықсыз технология үнемдеуді кешенді түрде жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.  
 Қаржылық жағдайды одан әрі дамыту, оны жақсарту үшін кәсіпорныға атқару керек жұмыстар тізімі:  
        1.Қазіргі заманғы есеп айырысуларды уақытылы тексеру арқылы дебиторлық қарыздардың сомасын азайту. Ол ақша қаражаты айналысқа түсуге мүмкіншілік табады.   
         2.Тауар-материалдық қорларды төмендету. Бұл да ақшаның айналысқа түсуіне мүмкіндік береді.  
        3.Өнімді нақтырақ тоқталатын болсақ, бидайды өңдеп сатуды мүмкіндігінше ұлғайту.  
         4. Тұрақты шығындарды үнемдеудің арқасында тауардың өзіндік құнын төмендету.  
        5.Өнім өндіру кезінде экологиялық сақтық, денсаулық қорғау, қауіпсіздік техникасы шараларына көңілді көбірек бөлу.   
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Балабанов И.Т. «Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта» 1994.
  2. Бородина Е.И. «Финансы предприятий» учебное пособие. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999
  3. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996.
  4. Джумабаев С.К. «Управление человеческими ресурсами».Алматы 2000
  5. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері» Алматы 2002
  6. Ковалев А.И., Привалов В.П. «Анализ финансового состояния предприятия». Центр экономики и маркетинга, 2003
  7. Канторович Л.В. «Экономический расчет наилучшего использования ресурсов».
  8. Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией» 2005
  9. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса» 2005
  10. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 2007 г
  11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
  12. Ефимова О.В. «Как анализировать финансовое положение предприятия», «Бизнес-школа» 2004.
  13. Любушкин Н.П. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия». 2005
  14. «Информационное общество Казахстана» статистический сборник
  15. Дюсембаев К.Ш. «Қаржылық талдау». Алматы, 2000
  16. Лысенко И. А.«Финансы предприятия: имущество, фонды, налоги»2006
  17. Гусева Е.Г. «Управление производством на предприятии» 2004
 

 

Информация о работе Экономикалық ресурстар