Экономикалық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 21:49, реферат

Описание

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шарушашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
2. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.
3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
4. Экономикалық заңдар мен олардың объективті сипаты.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Анар Омирбаева.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)


                                                              Жоспар

         

       Кіріспе

  

       Негізгі бөлім

1.      Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

2.      Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.

3.      Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.

4.      Экономикалық заңдар мен олардың объективті сипаты.

 

        Қорытынды

 

       Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 



                                                            Кіріспе

   Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шарушашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған. Саяси экономия ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығында пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

1.Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байыланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.

Қазіргі заманда "экономика" сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

Біріншіден, "экономика"сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат өмір сүре алмайды. Сондай-ақ "экономика"сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрып, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.

Екіншіден,"экономика"сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро – мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да "экономика" ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін бәсекелік, әкімшілдік-әмәршілдік, аралас және басқалары.

Үшіншіден, "экономика"сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

Төртіншіден, "экономика"сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық рухани және басқа да қоғамдық өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси көзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі қатынастардан туындайды, олармен анықталады және соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.

Енді экономикалық теорияның даму кезеңдеріне тоқталып өтейік. «Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте»- саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеген.Олардың ойынша, қоғамның әл- ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері- Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641жж.) болып табылады.

Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің «физис»- табиғат, «кратос»- өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы- Франсуа Кенэ (1694-1774жж.).  Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі- ауыл шаруашылығын дағы  еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Cмит (1723-1790жж.) және Давид Рикардо (1772-1823жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі - тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (өнеркәсіп, құрылыс өндірісі) деп айтқан. Осы идеялар «классикалық» деген атқа иеленді, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері  классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.

Классикалык саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдін прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның басты табысы- олар еңбек -құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және карыз капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін  атап көрсеткен ғылыми қағидаға негізделді. Еңбек - құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша кұн туралы ілімді жан-жакты талдады. Маркстік экономикалык теория XIX ғасырдын екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғауды максат еткен теория. Маркстік теория бойынша пролетариат барлық еңбекші кауымды капиталиста қанаудан азат етіп,  қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы тиіс.

XIX    ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеіле экономикалық мектеп қалыптасты. Олардын бірі - маржинализм (французша mагgіпаІ- шекті) мектебі. Оның ортаға салған мәселесі- шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды, оның пайдалылығына карай бағасын орнықтырады. Осы мектептің өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер.

Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінінен төрт ірі ағыммен сипатталады.

-                         бірінші ағым "неоклассикалық" деп аталады, ол қазіргі "монетаризм" және "неолиберелизм" теорияларымен жұптасады.

Неоклассиктер – А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе, онда олар өте жақсы қызмет атқарған болар еді;

-                         екінші ағым "капитализмді реттеу"теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883 – 1946жж.)болып табылады.

-                         үшінші ағым "институционализм" (латынның "institutum" – бекіту, құыртайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым – экономисі Торстейн Веблен (1857 – 1929жж.)

болып табылады. Оның 1899жылы "Парықсыз топтың теориясы" атты еңбегі жарық көрді. Американ ғалым – экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда "аралас экономиканың" түп – тұлғасы қарастырылған.

-                         төртінші ағым әлеуметтік бағыталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар  неміс ғалымы, мемлекет қайраткері Людвиг Эрхард (1897 – 1977жж.) және германияның ғалым – экономисі Вальтер Ойкен (1891 – 1950жж.) болып табылады.

     Ағылшын ғалым – экономисі Альфред Маршалл (1842 – 1924жж.) өзінің"Саяси экономика принциптері" (1890ж.) деген еңбегінде "саяси экономика"термині "экономикалық теория" ұғымымен пара – парлығын айтты. "Саяси экономия", - деп жазды ол, - "әл-ауқаттылықтың материалдық негізін құру және қолданумен өте тығыз байланысты саласы болып табылады. Бұл нақты шындық жиынтығы емес, тек нақты шындықты ашу үшін құрал-сайман ғана".

       Экономикалық теория Д. Рикардо мен К. Маркстің еңбек құны теориясына догматикалық көзқараспен қараудан босатылады. XIX – шы ғасырдың соңғы ширегінде құн мәселесін шешуге жаңа тәсілдің кең қолдануы етек жайып, шекті пайдалылық теориясы туындады. Жаңа тәсілдің басты идеясы: құнды тек шығындарға (мейлі еңбекте немесе "үш факторда" – еңбек, жер, капиталда болсын) балау орынсыз жай. Құн пайдалық дәрежесімен анықталады.

      А. Маршалл өзінің  "Саяси экономика принциптері" (1890ж.) жұмысында мынадай ойды қорытындылаған: Д. Рикардо мен К. Маркстің еңбектің құндық теориясы мен шектік пайдалылық теориясы ("маржинализм") ары қарай бірдей дамымайды, сондықтан оларды синтездеуді жүзеге асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен классикалық құнның еңбек теориясын біріктіру арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол ашты.

"Өндіріс шығындары, сұраным интенсивтігі, өндіріс шектеулігі және өнім бағасы, - деп жазды А. Маршалл, - бірі-бірін өзара реттейді". Осы уақытқа дейін алайда бұл екі теорияның синтезделуі оқулықтарда толық қолданыоған жоқ. Бірақ Д. Рикардо мен К. Маркстің еңбектерінің құндық теориясы – қосымша құн өндірісі механизмін ашты. Осы өндіріссіз бірде-бір қоғам дамымайды.

      Қазіргі кезде экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберіне қарағанда ауқымды және ол теориялық экономика, әртүрлі экономикалық бағыттар мен экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында қаралады.

      Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік – гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.

 

 

 

   2.Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.

    Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады.

    К. Маркстың пайымдауынша, саяси экономия заттарды, материалдық игіліктерді емес, адамдардың арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К. Маркстың "Саяси экономикаға сын" (1859ж.) еңбегіне Ф. Энгельс комментарий жасап былай деген: "Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың «с-әрекетін қарастырады", бірақ "бұл қатынастар затпен бірақ"байланыстары және заттар арқылы байқалады".

 

Қазіргі уақытта шетелде кең тараған «Экономика» оқулығының авторы     Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтірген:

1.      Экономикалық теория – бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс - әрекетке байланысты.

2.      Экономикалық теория – адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

3.      Экономикалық теория- адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.

4.      Экономикалық теория- адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып осы жолды қолдану туралы ғылым.

5.      Экономикалық теория- байлық туралы ғылым ретінде.

6.      Экономикалық теория- сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым.

 

П. Самуэльсон : "Нарықтық механизм, - деп жазады ол, - шаруашылықты ұйымдастырудың сондай түрі, онда жеке тұтынушылар мен өндірушілер нарық арқылы экономиканың негізгі үш мәселесін шешу мақсатында (нені өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек?)" өзара іс-әрекет жасайды.

     Не өндіру?  Тұтынушы кез-келген тауарда таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизмнің іс-әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және  тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс

болуы әбден мүмкін.

Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндіруші бір ғана арзан әрі сапалы өнімді шығару қажет. Оларға өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеу, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер жатады. Нарық  ҒТП-ті енгізіп, тұтынушыға бағасы мен сапасы көңілінен шығатын өнімдерді шығаруға өндірісті барынша итермелейді. 

Информация о работе Экономикалық теория негіздері