Экономикалық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 21:49, реферат

Описание

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шарушашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
2. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.
3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
4. Экономикалық заңдар мен олардың объективті сипаты.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Анар Омирбаева.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

Кімге  өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның ара қатынасымен байланыс тырылады. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, олардың табыс деңгейі және т.б. параметрлеріне байланысты  сұранымға ие болатын,  қажеттіліктерді қанағаттандыратын  тауарларды тұтынушыларға, халыққа өндіру.

 

Экономикалық теория ғылыми танып- білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген зерттеудің методологиялық негізі- диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады.осы процестерді қарастыру кезінде танып- білудің көптеген тәсілдерін қолданылады. 1) Ғылыми абстракция – зерттеліп отырған құбылыстардың тұрақты қасиеттерін тауып көрсету. 2) Тарихи және логикалық әдіс- құбылыс пен процестің пайда болуы мен олардың даму жолдарын көрсету. 3) Экстраполяция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізіндегі экономикалық даму болжамы. 4) Индукция (синтез)– көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау. 4) Дедукция (анализ)– жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару. 5) Гипотеза (болжам) – алдын ала тексерілмеген қағида.

 

   3. Экономикалық теория келесідей қызметтер атқарады: 1)Танымдық – қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеу және түсіндіру.

2)Практикалық – іс жүзінде зерттелген  теорияларды қолдану,  нақты принциптер мен шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін жасау, мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіру. 3) Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау. 4) Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру. 5) Методологиялық – экономиканың  ғылым  жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады. Оларға салалық экономика (ауыл шаруашылық экономикасы, өнеркәсіп экономикасы, құрылыс, көлік экономикасы), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, статистика), әртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, тұрғындар экономикасы, табиғатты пайдалану экономикасы), қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жоспарлау, болжау) жатады.

 

     4. Экономикалық заңдар мен олардың объективті сипаты.

Қоғамдағы экономикалық процестерді басқару экономикалық заңдарға тән. Экономикалық заңдар өздігінен іс-әрекет жасамайды. Адамдар өндіре, айырбастап және тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда

бола бастайды. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс және т.б.) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық  құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Экономикалық заңдар келесідей жіктеледі: 1)Ерекше экономикалық заңдар - бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.  2) Айрықша экономикалық заңдар- бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы, сұраным мен ұсыным заңы және т.б. 3) Жалпы экономикалық заңдар- бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы, уақытты үнемдеу, халық өсуінің заңы, қажеттіліктің жоғарлау заңы, шекті пайдалылық заңы және т.б. Адамдар экономикалық заңдарды жасауға, ауыстыруға немесе алып тастауға дәрменсіз, бірақ олар бұл заңдарды ашып, қоғам мүддесіне пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

       Теориялар                                                       Мәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

     Қорыта айтқанда, адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория. Бұл терияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасында қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі заманда экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық теорияның зерттелуі мен қорытындылары жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты жүзеге асыру, стратегиялық экономикалық болжаулар жасауда түрлі бағдарлама құру үшін қажет. Экономикалық саясат міндеттерін жүзеге асыру өз кезегінде экономикалық жүйені өзгертіп жетілдіреді, ал бұл экономикалық теорияның дамуына жаңа ғылыми білімнің қалыптасуына әсер етеді.

15

 



Пайдаланған әдебиет

 

 

1.      «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Сағындыков Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С. Комягин Б.И.

Ақтөбе – 2004 ж.

 

2.      «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Байжомартов Ү.С.

    Жүнісов Б.А. Комягин Б.И.

Алматы – Ақтөбе 2002 ж.

 

3. Реферат уч. П.Самуэльсона и В.Нордхауса «Экономика"- ж. Экономические науки №1 1991 ж

    

4. "Экономикалық теория негіздері" Я. Әубәкіров.

 

    5.  "Экономикалық теория" В. Крымова, Кестелі оқу құралы. Алматы. 2003ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

15

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 



 

15

 



Информация о работе Экономикалық теория негіздері