Экономикалық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:20, реферат

Описание

Экономика ғылымдарының сол жаңа ғылымдардың қалыптасу жағдайын шолып отыруы тиіс. Сонымен қатар экономика ілімдерінің даму бағыттары бүгінгі таңдағы Экономикалық ойдың негіздерін, соның ең маңызды деген логикалық тұжырымдары мен берік бірлігіне бастайтын болуы қажет. ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Содержание

КІРІСПЕ

I ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ, ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ

1.1 ЖҰӨ-нің жалпы сипаттамасы

1.2 ЖҰӨ-нің көрсеткіштері

1.3 ЖҰӨ-нің даму жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

эконом срс.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

               

 

 

                     Жоспар:

 

 

 

 

      КІРІСПЕ

 

I  ЖАЛПЫ  ҰЛТТЫҚ ӨНІМ, ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ

 

1.1 ЖҰӨ-нің  жалпы сипаттамасы

 

1.2 ЖҰӨ-нің  көрсеткіштері

 

1.3 ЖҰӨ-нің   даму жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

 

ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

   Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:  Барлық экономикалық агенттер табысының   жиынтығы. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда  қарастырылған түсініктердің көпшілігі «ағын» түсінігіне жатады.Курстық жұмыстың маңыздылығы: ЖҰӨ — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі.

 

 

 

 

  

 

      Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылау теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.

    Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдістерді жасағанда көмек көрсетеді Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

 

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге  болады:

 

-   Барлық  экономикалық агенттер табысының   жиынтығы.

 

- Өндіріс тауарлары  мен көрсетілген қызметтердің  жалпы шығын көлемі.

 

   ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

 

   ЖҰӨ — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін жөне басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Мысал ретінде мынадай экономиканы алайық: Мұнда тек бір ғана тауар — нан өндірісі, яғни бір ғана фактор — еңбек пайдаланылады.

1-суретте үй шаруашылығы  мен фирмалар арасындағы  барлық  экономикалық мәмілелер  көрсетілген.  Суреттегі ішкі шеңбер нан  мен еңбек ағынын көрсетеді. Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруте пайдаланады, жөне фирма сол өнімді — нанды өз кезегінде үй шаруашылығына сатады. Осыған байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирмаларға қарай қозғалады. Ал нан фирмадан үй шаруашылығына қозғалады. Ал сыртқы шеңбер суреттегі ақша ағынын көрсетеді. Үй шаруашылығы фирмадан нан сатып алады.  Фирма сатудан түскен төлемдердің бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс болады. Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып табылады. Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашылығынан фирмаға келіп түссе, ал айлық төлемақы табыс ретінде фирмалардан үй шаруашылығына келіп түседі. ЖҰӨ — экономикада ақша ағынын сипаттайды. Біз оны екі жолмен есептеуімізге болады. ЖҰӨ — бұл нан өндірісінің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдаға тең, яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ — бұл нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгі жартысы. Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша ағынын біле аламыз. Шығындар мен табыстардың теңдігі мына есеп ережесінен шығады: өнімді өндіруге кеткен барлық шығын осы өнімді өндірушілердің табысы болып табылады. Осы ережеге байланысты кез келген мә-селенің нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұшыраса, онда табыс та өзгереді және кез келген мәселе нәтижесінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.Мысалы, фирма нанды өңдіріп, үй шаруашылығына бір нанды артық сатты делік. Әрине, мұндай жағдайда, нанға деген жалпы шығын көлемін өзгертеді және жалпы табыс та өзгереді. Егер фирмаға қосымша нан өндіру үшін қосымша жұмысшы қабылдау қажет болса, онда жалақының жалпы көлемі көтеріледі. Егер фирма жұмыскерлердің көмегінсіз өндірсе (яғни өңдіріс үрдісін тиімдірек әрі ұтымды етіп жасайды), оңда пайда көбейеді. Осы екі жағдайда шығын мен   табыс бірдей  өлшемге  көбейеді .

 

Ауыспалы көлем 2 түрге бөлінеді — қор және ағын.

 

    Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:

 

• Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын.

 

• Жұмыссыздар саны —  қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын.

 

• Мемлекетгік қарыз  — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда  қарастырылған түсініктердің  көпшілігі «ағын» түсінігіне жатады. Мысалы: ЖҰӨ (ЖІӨ), инвестиция, мемлекеттік  шығын, т.б.

 

    Гипотекалық экономикада, мұнда тек нақды өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.

 

Қор есебі: Мәселен, фирма  қосымша жұмысшылар алып, өндірісін  үлкейтсе, яғни нан өндірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған  тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ  өлшеміне қалай әсер етеді?

Жауап өтпей қалған нанды  не істейді, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдабы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді, — сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, егер нанды кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципіне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі нан фирма қорында сақталуда. Сол себепті ЖҰӨ көлемі көбейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемі көбейеді. Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болады, ЖҰӨ көбейеді.

Біз ЖҰӨ-ді талдау барысында нанды тек бір ғана өндіріс тауары деп қарадық. Шын  мәнінде, экономикада көптеген тауар  түрлері мен қызмет түрлері —  нан, автомобильдер, шаштараз қызметтері және т.с.с. бар. ЖҰӨ-де осы әр түрлі тауарлардың құны бір жалпы көрсеткіш арқылы өрнектеледі. Экономикада өндірілген тауарлардың әр түрлілігі ЖҰӨ есебін қиындатады, себебі бұл тауарлардың әр қайсысы әр түрлі баға иемденеді. Мәселен, айталық, экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндірілсін. ЖҰӨ-ді қалай есептейміз? Біз жай ғана алма мен апельсиннің санын қосып, ЖҰӨ-ді 7 бірлік жеміс-жидек деп айтуымызға болады.Егерде алма мен апельсиннің бағасы бірдей болса ғана мұның мағынасы болады, бірақ ереже бойынша олай емес, әр түрлі тауарлардың жалпы құнын есептеу үшін, біз нарық бағасын олардың бағасы ретінде қолданамыз. Нарықтық бағаны қолдану себебіміз тұтынушылар белгілі бір тауар немесе көрсетілген қызмет үшін сол бағаны нақты төлеуге дайын. Егер де алманың 1 данасы 50 тиын тұрса, ал апельсиннің 1 данасы 1 теңге тұрса, онда ЖҰӨ мынаған тең: ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны) = (0,50 х 4) + (1,00 х 3) = 5,00. Барлық алма бағасына (2 теңге) барлық апельсин бағасын (3 теңге) қосамыз. ЖҰӨ = 5 теңге болады.Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалай есептеуіміз керек? Айталық, фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургерді 1,50 долл. деп алу керек пе? ЖҰӨ-ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл-ға көтеріледі. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кіргізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50—0,50 долл.), яғни 1,00 долл.-ға тең. Жалпы қосылған құн 0,50 долл.+1,00 долл., яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген қүн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ-ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін ЖҰӨ-ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн ЖҰӨ-ге енгізілмейді. Сондай-ақ ЖҰӨ-ге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем ЖҰӨ-ге енгізілмесе, онда ЖҰӨ — экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен осы қателіктер ЖҰӨ-ге онша әсер етпейді .

 

 

    Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші колданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс фактоларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

 

ЖІӨ = ЖҰӨ

 

- сыртқы экономика  операция бойынша сальдо ЖІӨ  өзіне тікелей сол елде өндіріген  өнім мен қызмет көрсетуді  және бұл елдегі өндіріс факторын  қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.

Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі: американдық  өндіріс факторы басқа елде қолданылса, онда олардың құныда ЖІӨ-ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.

 

     Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің жылдық ағымдағы бағасы 1995 жылы 992.5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе, бір тұрғынына 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-імен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша. Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда — 18.7%. бұрынғы Одақпен салыстырғанда — 69.3% деңгейін құрады.Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. ЖҰӨ тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтыныска түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина,ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

 

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің максаты  мынада: а) қоғам экономикасының жай-күйін  бақылау;

 

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;

 

б) мемлекеттік  саясатты қалыптастыру.

 

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методология бойынша  статистикалық органдары есептейді  және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ мыналарды: негізгі  өндірістік және өндірістік емес қорлардың (с1 амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласынын таза өнімін (v+m) және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс (m) — енгізіледі:

 

ЖҮӨ = с1 + (v+m) + m

 

ЖҰӨ-нің көмегімен  еліміздің экономикалық даму деңгейі  мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол енбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын өндірмейді. Қайталанған есеп-шоттың өнбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

Информация о работе Экономикалық теория негіздері