Экономикалық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:20, реферат

Описание

Экономика ғылымдарының сол жаңа ғылымдардың қалыптасу жағдайын шолып отыруы тиіс. Сонымен қатар экономика ілімдерінің даму бағыттары бүгінгі таңдағы Экономикалық ойдың негіздерін, соның ең маңызды деген логикалық тұжырымдары мен берік бірлігіне бастайтын болуы қажет. ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Содержание

КІРІСПЕ

I ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ, ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ

1.1 ЖҰӨ-нің жалпы сипаттамасы

1.2 ЖҰӨ-нің көрсеткіштері

1.3 ЖҰӨ-нің даму жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

эконом срс.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын  табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына коршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың аукымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп-шотын есептеу де бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады.Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

 

ТЭӘ = ЖҰӨ + КЭ + ӨҚҚ+ Д — Э

 

мүндағы     ТЭӘ — таза экономикалық әл-ауқаттылық,

 

ЖҰӨ — жалпы  ұлттық өнім,

 

КЭ — көлеңкелі  экономика,

 

ӨҚК — өзіне-өзі  қызмет көрсету,

 

Д – демалыс,

 

Э — экология.

 

Жоғарыда көрсетілген  макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.

Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.

Ашық экономикалы  шағын ел болғандықтан, Қазақстан  әлемдiк бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиiс. Осының салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998.-300 б.
  2. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003.-250 б.
  3. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003.-145 б.
  4. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003. 23-28б
  5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002. 202 б.
  6. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б.

Информация о работе Экономикалық теория негіздері