Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:20, лекция

Описание

Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)
Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Работа состоит из  1 файл

Лекция.doc

— 390.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері  өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.

Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

 

Тақырып 3. Меншік қатынастары.

Лекция  жоспары: (1 сағат,2 апта)

  1. Экономикадағы меншік қатынастарының рөлі.
  2. Меншік экономикалық категория ретінде
  3. Меншік және иемдену заңдары. Меншік құқығының экономикалық теориясы.

Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға  ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік иелері үш типке  бөлінеді:

    1. Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.
    2. Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.
    3. Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып  табылады. Жеке  меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.

«Меншік» белгілі бір  затты жеке мүлік ретінде адамның  иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында  мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік қатынастары  меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.

Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың  ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.

Тарихи бастама ортақ  меншік болады, ол ортақ еңбек пен  оның нәтижелерін бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.

Еңбектік жеке меншік тұлғалары – жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.

Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа  да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

 

Үжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Меншік заңдары:

1.Өз еңбегінің өнімін  иемдену;

2.Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.

    Меншік субъектісі  ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға  болады.

     Меншік  объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет  заттары жатады.

     Басқаша  айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

     Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.

      Иемдену  заңдары:

    1. Еңбек бастапқы  иемдену әдісі;

    2. Басқаның  еңбегін иемдену заңы.

 

Тақырып 4. Қоғамдық өндіріс нышандары. Тауар және ақша.

Лекция  жоспары: (1 сағат,3апта)

  1. Тауарлы өндіріс: мәні, пайда болу себептері және сипатты белгілері.
  2. Тауар және оның қасиеттері. Құнның салыстырмалы теориясы.
  3. Ақшаның пайда болуы және мәні.

Адамдардың қажеттіліктерін  тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегенміз –тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар.

Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары  және т.б. жатады.

Еңбек ресурстары – еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі.

Материалдық ресурстар  - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

Өндіріс нәтижесінде  қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген салалар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады.

Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен  жасау жағдайын сипаттайды. Таурлық  қарым – қатынастардың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің  дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді

Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.

Еңбек өндіріс факторы  ретінде игіліктер мен қызметтерді  өндіру кезінде пайдалануға болатын  адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері  мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде  еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.

Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан  және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық  емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бір қатар  экономистер капиталды тек өндіріс  құрал – жабдықтары деп қарастырады. Мұндай пікір саяси экономиканың классиктерінен  тараған А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал – жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де осындай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың «Экономикс» деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктер сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер,  жүк машиналары, өндірістік ғимараттар және т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы»  деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», - деп жазды.

Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.

        Маркстың теорияда өндіріс факторлар  (өндіріс құралдары) және адамдық  факторлар (жұмыс күші). Бұлай бөлу марксизм үшін мейлінше маңызды, өйткені қосымша кұн мен пайданы өндірістің барлық факторы емес, адам факторы жасайтынын көрсетпкен. Сондықтан, жұмыс күші тікелей пайдалану нысанасы болды.        Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.

      Тұтыну бағалылығы- бұл заттың пайдалылығы,адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті.Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды,өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.

        Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес,тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.

       Тұтынудағы  бағалылық пен құн тауарда  қатар, бір мезгілде орын аладыжәне олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі- кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады.Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Мынаны ескертейік: тауардың құнын қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды.

  Тек еңбектің өнімі  ғана емес, еңбектің өзі екі  жақты процес: нақты әне абтрактылы  еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын,ал абстрактылы еңбек- құнын құрайды.

     Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.

     Шекті пайдалылық  теориясы адамдарға өмір сүру  үшін материалдық игіліктердің  белгілі бір жиынтығы қажет  дейді, игіліктердің адамның белгілі  бір қажеттігін қамтамасыз ететінқабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.

    Нақты еңбек  (технология) абстракты еңбектің  белгілі мөлшерде жұмсалуын талап  етеді.Осы технологияның негізінде  өндірілген өнімнің тұтыну құны  және құны болады. Кейін осы  өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Егер үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек,немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып және керісінше болып отырады.

     Құнның  еңбек теориясы адамдардың өздерінен  тыс қалыптасатын объективтік  еңбек пропорцияларымен қалай  есептесіп отыру керектігін дәлелдей  алмады. Еңбек  пропорцияларының  өзгерістеріне сәйкес келетін  субъективтік бағалау оны осы  мәселелерден құтқарады.

Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері